Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы



Pdf көрінісі
бет96/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   166
Байланысты:
64. Шильман Аспаздық өнімнің технологиясы. Оқулық

«Рыба 
по-русски» 
тағамы. 
Балықтың 
ҥлестеп 
бӛлшектелген бӛліктері терісімен шеміршексіз немесе 
терісімен сҥйексіз бӛктіріледі. Тҧздыққа арналған гарнир: 
сәбіз бен ақжелкен ҧсақ кесектерге туралады және бӛктіріледі; 
саңырауқҧлақтар қайнатылып, тілімдеп туралады; тҧздалған 
қиярлардың қабағы аршылып, дәндері алынып тасталады, 
тілімдерге туралып, бӛктіріледі; пиязды жартылай сақина 
пішінді етіп турайды және жидітеді; каперс тҧздықтан 
сығылып алынады, зәйтҥннен сҥйектері алынып тасталады. 
Дайын болған азық-тҥліктер араластырылып, томат тҧздығына 
салынады және қайнатылады. 
Ҧсынарда балықтың ҥстіне тҧздық қҧйылады, бетіне лимон 
тілімі салынып, жанына — пісірілген картоп қойылады. 
10.4. 
Туралған қоспалардан әзірленетін тағамдар 
Туралған қоспалардан жартылай фабрикаттарды әзірлеу
ҥшін жылумен ӛңдеудің әртҥрлі тәсілдері қолданылады: 
• 
нағыз таза балық шницелі, балық котлеттері 
(домалатпалар)
салмасы 
бар, 
туралған 
балық 
котлеттері негізгі тәсілмен қуырылады; 
• 
балықтан жасалатын салмасы бар, ай пішіндес 
котлеттер шыжып тҧрған майда қуырылады
• 
балық тефтельдері ҧнға аунатылады, қуырылады, бетіне 
томат немесе кӛкӛністі томат, немесе томатты қаймақ 
тҧздығы қҧйылады, су қосылады (тҧздық салмағынан 10 %) 
және 10 ... 15 минут бойы бҧқтырылады; 
• 
балық бҧршақ еттері 10 ... 15 минут ішінде сорпаға 
бӛктіріледі; 


116
 
• 
балық ҧзынша котлеттері буға пісіріледі
• 
балықтан жасалатын орама қуыру шкафында 20 ... 30 
минут бойы 250 ... 280 °С температурасында қыздырылып 
пісіріледі. 
Осы ӛнімдерге ең ҥздік гарнирлер қайнатылған картоп 
немесе езбе (қуырылған ӛнімдерге — қуырылған картоп), 
қайнатылған немесе бӛктірілген кӛкӛністер болып табылады; 
сондай-ақ тефтельдер мен ҧзынша котлеттерге қайнатылған 
кҥріш ҧсынылады. Тҧздықтар — томат, кӛкӛністер қосылған 
томат, қаймақ, пияз қосылған қаймақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет