Кәсіпорынның негізгі қорлары


Еңбек ақыны ұйымдастырудың жалпы қағидалары. Еңбекке төлемнің формалары



бет14/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
kl kz

Еңбек ақыны ұйымдастырудың жалпы қағидалары. Еңбекке төлемнің формалары

Еңбекті өндіруге қолданатын жұмыс күшінің құны еңбек ақы болып табылады. Ұйымда еңбек ақыны төлеуде белгілі қағидаларды сақтау қажет.


Жұмыскерлердің еңбегіне төлемді жіктеу қағидасына сәйкес келесідегідей факторларға: еңбек мөлшері мен сапасына, еңбек операцияларының қиындық дәрежесіне және жұмыскерлердің біліктілік деңгейіне еңбек шартына, жұмыскерлердің өмір сүру жағдайына байланысты жүргізілуі керек.
Еңбек ақының өсу деңгейі еңбек өнімділігінің өсу деңгейінен озып кетпеу керек. Өйткені еңбек ақы өнірістік жұмсалымдардың құраушысы болып табылады, ал еңбек өнімділігі бір жұмыскерге келетін өнім көлемін анықтайды.
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруда елдегі төменгі күн көру деңгейімен сәйкес орындалуы маңызды орын алады. Бұдан басқа инфляциялық факторларға және адамдардың әл-ауқатын көтерудің қажеттілігіне байланысты жұмыскерлердің еңбек ақысын өсіру қағидасы сақталып отыру қажет.
Еңбек ақыны кеңінен тараған формалары кесімді (жасанды) және уақыттық формалар болып табылады. Жасанды форма - еңбек ақыны нақты жұмыс көлемінің орындалуына негізделсе, ал уақыттық форма - өткізген уақыты (ай, күн немесе сағат) бойынша төленеді. Еңбек ақыны төлеудің жасанды формасы әрбір жұмыскердің нақты жұмыс немесе өндірген өнім көлемін анықтауға болатын жағдайда қолданады. Бұл форма еңбек өнімділігін көтеру қөзкарасынан қарайтын болсақ, үдемелі болып саналады және жұмыс көлемінің өсуіне ынталандырады. Оны қолдану тек, егер кәсіпорында өндіріс көлемінің сапасын төмендегідей өсуін қамтамасыз ететін өнім немесе жұмыс сапасын қадағалау жақсы ұйымдастырылған жағдайда тиімді болады. Еңбек ақыны төлеудің жасанды формасы төмендегідей анықталады.

ЕАжасан = Ржасан . Qжұм (27)


мұндағы Ржасан – жұмыс көлемінің немесе өнім бірлігіне бекітілген жасанды баға;


Qжұм – орындалған немесе жоспарланған жұмыс немесе өнім көлемі.
Жасанды баға төмендегідей орнатылады

Ржасан = Тмөлш . Нуақ (28)


мұндағы Тмөлш – уақыт бірлігіндегі еңбекті төлеудің тарифтік мөлшерлемесі;


Нуақ -өндіру нормасы.
Еңбек ақыны төлеудің уақыттық формасы берілген уақыт мезетінде нақты орындалған жұмыс көлемін анықтауға болмайтын жұмыскерлерге қолданады. Бұл төлем формасы төмендегідей анықталады

ЕАуақ = Тсағ.мөлш . tжұм (29)


мұндағы Тсағ.мөлш – еңбек ақыны төлеудің сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;


tжұм – жоспарланған немесе нақты істелген уақыт.
Соңғы кезде еңбек ақыны төлеудің келісім-шарттық формасы кеңінен орын алып жүр. Оның мәні жұмыскерлердің арасында, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келсім-шарт жасалады. Онда жұмыс беруші міндетіне алған еңбек ақы мөлшері, қосымша еңбек ақы, еңбек ақыны ұйымдастыру мен төлеудің ерекше шарттары қарастырылады. Сондай-ақ жұмыскер орындауға міндетті нақты жұмысты орындау талаптары, сонымен қатар екі жақтан келісім-шартты бұзу шарттары мен себептері көрсетіледі.
Еңбекке төлемнің тарифтік жүйесі
Еңбекті төлеудің тарифтік жүйесі елдің барлық саласының жұмыскерлерінің еңбек ақысын ғылыми негізделгендігін және бір жүйеге келтіріліп ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: жұмысшылардың тарифтік-біліктілік анықтамасы, мамандар мен басшылардың біліктілік анықтамалары, тарифтік коэффициенті, сағаттық тарифтік коэффициенттері немесе лауазымдық еңбек ақы мөлшері, тарифтік торы, аймақтық коэффициенттері, қосымша төлемдер.
Жұмысшының тарифтік-біліктілік анықтамасы белгілі бір мамандықтың және нақты біліктілік разрядының жұмыскері білу және істей алу керектігі жайлы мәліметтерден тұрады.
Мамандар мен басшылардың біліктілік анықтамаларында әртүрлі өндірістік және басқармалық лауазымдағы жұмыскерлердің білуі керек білімдері мен міндеттері жайлы мәліметтерден тұрады. Жұмысшылар және басқару персоналы үшін де біліктілік анықтамасы оларға біліктілік разрядын және лауазымдық жұмыс орынын беруде кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының негізгі құжаты қызметін атқарады.
Тарифтік мөлшерлеме жұмыс уақытының бірлігінде (сағат немесе ай) жұмыскердің еңбек ақы төлеу деңгейін көрсетеді. Төменгі тарифтік мөлшерлеме еңбек ақыны төлеудің уақыттық формасы бойынша және қалыпты еңбек жағдайы кезінде бірінші разрядқа сәйкес келеді және мемлекетпен бекітілген сол мерзімдегі төменгі еңбек ақы деңгейіне байланысты орнатылады. Тарифтік мөлшерлемелерді жұмыскерлердің біліктілік разряды бойынша жіктеу тарифтік коэффициенттер негізінде жүзеге асады.
Тарифтік коэффициенттер бірінші разрядқа қарағанда әрбір разрядтың біліктілік деңгейінің айырмашылық дәрежесін сипаттайды. Тарифтік коэффициенттерді дұрыс жасау жұмыскерлерді ынталандыру жүйесінде үлкен орын алады. Тарифтік коэффициенттің ұсынылған мәндері еңбек бойынша министрліктерде жасалады. Солардың негізінде салалық тарифтік коэффициенттер орнатылады.
Тарифтік коэффициенттер немесе солардың негізінде есептелген тарифтік мөлшерлемелер тарифтік торға бірігеді.
Тарифтік тор тарифтік коэффициенттер (немесе мөлшерлемелер) келесідегідей жіктелетін кестеден тұрады: біліктілік разряды, жұмыс түрлері және өндірісті басқару деңгейлері бойынша. Кәсіпорында біртұтас тарифтік тор болуы мүмкін. Кейбір жұмыскерлер категориялары үшін жеке тарифтік торлар болады.
Кәсіпорын тарифтік торды жасау кезінде бірінші разрядқа еңбек ақы деңгейін белгілі мерзімге үкіметпен бекітілген төменгі еңбек ақы деңгейінен төмендетпей өз бетінше орната алады.
Еңбек ақыны төлеудің салалық тарифтік жүйесі толықтырып отыру немесе ынталандырып отыратын сипаттағы қосымша және үстеме еңбек ақы шарттарын қарастырады. Толықтырмалық еңбек ақы жұмыстың қалыпты жағдайынан айырмасы бар салалық өндірістің ерекшеленетін еңбек жағдайында төленеді.
Еңбек ақы төлеудің ынталандырмалық түріне кәсіпорында үздіксіз жұмыс тәжірибесі, жалпы еңбек тәжірибесі, жұмыс сапасы үшін төленетін үстеме еңбек ақы жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет