6 Жаңа техниканы енгізудің тиімділігін экономикалық бағалау
Жаңа техникалар мен технологиялар өндірісі саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалану елдің ұлттық шаруашылығын дамытуда маңызды орын алады. Жаңа техниканы жасау және енгізу материалдық және қаржылық шығындарды қажет етеді. Сондықтан жаңа техникаларды игеру және жасау мақсатқа лайықтылығы, сондай-ақ оны нақты бір өндірісте пайдалану техника-экономикалық негіздеуді талап етеді.
Жаңа машиналар мен жабдықтарды жасау және енгізуді, сонымен қатар салалық өндіріске негізделген әрбір салалық кәсіпорындарындағы жаңа технологиялық үрдістерді техника-экономикалық негіздеудің өз ерекшеліктері болады.
Өндіріске енгізілетін жаңа техника мен технологияларға жататындар.
1. Алдыңғы шыққандарына ешқандай ұқсастығы жоқ жаңа еңбек құралы. Оларды жасау біршама қаржыны және шығындарды қажет етеді (шамамен 5 - 8 жыл).
2. Басқа салаларда немесе шетелде пайдаланылатын қазіргі ғылыми-техникалық талаптарға жауап беретін нақты бір кәсіпорынға қажетті жаңа техникалар түрлері және нақты бір өндіріске ыңғайландыруды талап етеді.
3. Қазіргі ғылыми-техникалық талаптарға жауап беретін жаңартылған техника. Бұл техниикалар түрлері қолданыстағы үлгі негізінде жасалады және оларды жасау және енгізу көп шығынды және ұзақ уақытты қажет етпейді.
4. Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер.
5. Жаңа немесе сапалы жетілдірілген метериалдық ресурстар немесе еңбек заттары.
Жаңа техниканы енгізу шаралары күрделі құрылысты, жаңа өндірісті құру немесе өндірісті толығымен техникалық, технологиялық жаңалауды қарастыратын инвестициялық жобаларға қарағанда көп қаржы салуды қажет етпейді.
Жаңа техниканы енгізу міндеттерін шешу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін жедел арттыру талабынан туады. Сондықтан ескі техниканы жаңасына ауыстырудың немесе ескі техниканы жаңалаудың қажеттілігін бағалау кезінде басқа амал қолданылады.
Ескі техниканы ауыстыру немесе жаңартудың мақсатқа лайықтылығы жаңа техниканы енгізуден алынған жылдық экономикалық пайдамен анықталады
(83)
мұндағы – жаңа техниканы енгізуден болатын жылдық экономикалық пайда;
– ескі және жаңа техниканы пайдалануға сәйкес жылдық келтірілген шығындар;
– ескі және жаңа техниканы пайдаланудың ағымдағы шығындары;
– ескі және жаңа техниканы сатып алуға кеткен капитал салымдары; Ежт– жаңа техниканың нормативтік тиімділік коэффициенті.
Жаңа техниканы енгізудің нормативтік өтелу мерзімі 5-7 жыл аралығында және тиімділік коэффициенті Ежт = 0.15 орнатылады.
Егер жаңа техника қолданыстағысынан өнімділігі немесе қуаты бойынша сапалы болатын болса, онда жылдық экономикалық пайда өндіріс көлемінің бірлігіне кететін меншікті шығындар бойынша жүргізіледі.
(84)
мұндағы – жаңа техниканы пайдалану кезінде қол жеткізген жылдық өнім көлемі.
Көріп тұрғанымыздай, егер жылдық экономикалық пайданың мәні теріс мәнге ие болса, онда жаңа техниканы енгізу тиімсіз болады, өйткені оның өтелу мерзімі нормативтіктен жоғары болады.
Мысалы, жаңа техниканы енгізу өндірістің еңбек сыйымдылығын төмендететін болса, онда ағымдағы шығындарды есептеу кезінде міндетті түрде әртүрлі техника түрлерінде жұмыскерлердің еңбек ақы шығындарын есепке алу қажет. Сондай-ақ негізгі қорлардың әртүрі бойынша амортизациялық аударылымдар сомасы әртүрлі болады. Егер енгізілген жаңа техника немесе технология материалдық шығындарды немесе шикі ресурстарды өзгертетін болса, онда қарастырылып отырған нұсқалар бойынша міндетті түрде есептелуі керек.
Жаңа техниканы енгізуге кететін қаржылық шығындар техниканың бағасынан Бжт, оған қажетті жинақтаушы бұйымдардың құнынан Бжинақ, орнату жұмыстарынан Қорнат, және транспорттық және техниканы енгізуге байланысты басқа да шығындардан Қбасқа тұрады.
Кжт = Бжт + Бжинақ + Қорнат + Қбасқа (85)
Егер ескі техниканы өндірістен шығарып тастағаннан кейін өткізілетін болса, онда қаржылық салымдарды есептеген кезде ескі техника бойынша оның ликвидациялық құны теріс не оң белгімен есепке алынады.
(86)
мұндағы Клик – ескі техниканың өндірістен шығарылғанан кейінгі қалған құны;
Бсат – сатып алынған ескі техниканы қалпына келтіру құны;
tқе –ескі техниканың нормативтік қызмет ету мерзімі;
tпайдал – ескі техниканың алмастыруға дейінгі нақты пайдаланған (қызмет еткен) уақыты.
Тақырып 5. Жалақы, жалақыдан төлемдер (2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |