бағалы қағаздар нарығының құрылымы мен қатысушылары Глоссарий: Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік қүқық және белгілі бір ақшалай сома алуға қүқық беретін ақша немесе тауар кужаттары; мүліктік Қүқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаз-Дардың заңнамалық актілерімен айқындалған езге де түрлері жатады.
Бағалы қағаздар рыногы— бағалы кағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок. Бағалы кағаздар рыногы(банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырланды-рылып, капиталдардың өндірістік және ендірістік емес жұмсалымына салынады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары- өз қызметін акционерлік қоғамның үйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыра-тын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар.
Борыштық бағалы қағаздар— қарыз қатынастарын куәландыратын қаржы қүралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мсмлекеттік багалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Рсснубликасыныц заіідарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаз-дар жатады.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт— борыштық бағалы қағаздардың номиналдық қүны мен бастапқы орналастыру қүны неме-се оларды сатып алу қүны арасындағы айырма.
Қор биржасы— бағалы қағаздар рыногынын. кәсіпқой қатысуіны-лары қүратын акционерлік қоғам нысанындағы озін-өзі реттейтін бей-коммерциялық үйым. Қор биржасының акцияларын сатып алу қүқыіы бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушысы болып табылмай-тын, бірақ зандарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы қүрал-дарымен мәмілені жүзеге асыруға қүқығы бар заңи түлғаларға берілуі мүмкін. Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногындағы қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес.
Облигация — шыгару кезівде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шартгарына сәйкес облигацияны шығарған түлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойын-ша облигацияның ақшалай немесе езге де мүліктік балама түріндегі нақты қүнын алу қүқьнъш куәландыратын бағалы қағаз. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.