Ақша рыногы- қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) өтімді қаржы кұралдары рыногы.
Аннуитет — дүркін -дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента нсмесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.
Бағалы қағаздар— иеленушілеріне мүліктік қүқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар кұжаттары; мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаз-дардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.
Жалпы ұлттық өнім— кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық баға-мен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі ендіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің қүны кіреді. ЖҰӨ қосылған қүндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.
Жалпы ішкі онім— аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де ендіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жа-салған түпкі өнімнің (өнімнің тауарлардың, қызметтер көрсетудің) ры-ноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
1 тақырып. Ақшаның мәні және қызметтері Ақшаның мәні және маңызы. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуы. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы ретінде көрінеді.
Ақша дегеніміз- жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар. Онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.Жалпыға бірдей эквивалент ролін тарихи түрде алтын орындайды. Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып табылады; біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие, оның бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды; екіншіден ол жоғары құнға ие. Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетімен көрініс табады:
1. жалпыға тікелей айырбастау.
2. айырбас құнының дербес формасы.
3. еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Ақша. Ақшаның атқаратын қызметтері. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Ақша 5 түрлі қызмет атқарады:
1. құн өлшемі.
2. айналыс құралы.
3. төлем құралы.
4. қор жинау және қазына жинау құралы.
5. дүниежүзілік ақша.