1. Ақша айналымы дегеніміз- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формасындағы қозғалысты білдіреді. Ақша айналымының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тауар және ақшаға бөліне отырып тауарлар әлемі олардың арасынада өзара қарама-қайшылықтар да туғызады. Сонымен, ақша капитал айналымына қызмет ете отырып барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысымен айырбасына дәнекер болады.
Жалпы ақша айналымы 2 бөлінеді:
1. қолма-қол ақша айналымы.
2. қолма-қолсыз ақша айналымы.
2. Қолма-қол ақша айналымы- бұл нақты ақшалар қозғалысы, оған банкноталар, монеталардың қозғалысы жатады. Дамыған елдерде нақты айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды.
Қолма-қолсыз ақша айналымы. Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің аралас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық құндылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық келісімдер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Қолма-қолсыз ақша айналымы келесідегідей шаруашылық бағыттарында жүзеге асырылады:
1. өнімді қызметтерді және жұмыстарды сату.
2. ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу.
3. банк несиелерін алу және қайтару.
4. бюджетке тиісті төлемдерді аудару.
5. халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалану.
6. банк аралық есеп айырысулар жүргізу.
Қолма-қолсыз есеп айрысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатын болғандықтан олардың кең көлемде қолданылуына банктердің ықпалы, сондай-ақ олардың ықпалы зор. өйткені банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктердің есеп айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1. өнімді сатудың үздіксіздігін қамтымысыз ету үшін бір қалыпты қаражат айналымына жағдай жасау.
2. белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі.
3. қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың өз уақыттылығы.
Осы аталған талаптар келесі жағдайларға қатаң қарайды:
1. төлеу орны- банк, яғни қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болып табылады.
2. төлеу уақыты- өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткеннен соң жүргізіледі.
3. төлеушінің келісімі, басқаша айтқанда акцепт
4. төлемді жүзеге асыруға қажетті қаражат көзі.
5. қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың формасы.
Қолма- қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру принциптеріне келесілер жатады:
1. барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банктерде сақталуы тиіс және барлық есеп айырысулары осы шот арқылы жүргізілуі қажет.
2. төлемдер шот иелерінің өтінішіне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуы тиіс.