Кәсіпорынның негізгі қорлары


Энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбек ақы қоры, оның құрылымы



бет51/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Байланысты:
kl kz

3 Энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбек ақы қоры, оның құрылымы

Кәсіпорынның еңбекке төлем қоры немесе жалпы еңбек ақы қорына негізгі және қосымша еңбек ақы қоры кіреді. Негізгі еңбек ақы қоры кәсіпорынның жоспарланған немесе нақты істелген уақыты үшін барлық жұмыскерлерінің еңбегіне төленетін қаржыдан құралады. Қосымша еңбек ақы қоры кезекті демалыстағы жұмыскерлердің немесе уақытша мемлекеттік міндеттемелерді орындап жүргендер үшін және ауырып қалғандарды уақытша алмастырғандар үшін төленетін еңбек ақыдан құралады


ЕАҚ = ЕАҚнег + ЕАҚқос (30)


мұндағы ЕАҚ – кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақы қоры;


ЕАҚнегнегізгі еңбек ақы қоры;
ЕАҚқос – қосымша еңбек ақы қоры.
Негізгі еңбек ақы қоры белгілі бір кезеңде (ай, жыл және т.б.) жұмыскерлердің санына және сол мерзімдегі олардың орташа еңбек ақыларына байланысты құралады


(31)

мұндағы ЕАҚжыл – кәсіпорынның жылдық еңбек ақы қоры;


- i-шы топтағы жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы;
Rжұмi – жұмыскерлер саны.
Жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақы негізгі және тарифтік жүктемеден (мөлшерлемеден), қосымша ақы, үстеме ақы және кейбір жұмыскерлер категориясы үшін негізгі еңбек ақы қорына кіретін сый ақыдан құралады


ЕАайортмөлш+ҚА+ҮА+СА (32)

мұндағы Тмөлш – жоспарланған немесе нақты істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме бойынша төлем;


ҚА – ерекше еңбек жағдайы үшін қосымша ақы;
ҮА – өмір жағдайы үшін үстеме ақы;
СА – сый ақы.
Энергетикалық кәсіпорындар жұмыскерлері үшін тариф бойынша төлем әрбір жұмыскер үшін оның біліктілік разрядына сәйкес орнатылған айлық тарифтік мөлшерлеме шамасына тең болады. Жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақы шамасы төмендегідей анықталады


(33)

мұндағы – жұмыскердің еңбегіне төленетін айлық тарифтік мөлшерлеме;


– кәсіпорында қабылданған бірінші разрядты жұмысшының еңбегіне төленетін ең төменгі айлық тарифтік мөлшерлеме;
Кбіл – жұмыскердің біліктілік разрядына сәйкес келетін тарифтік коэффициент. Нақты айлық тарифтік мөлшерлемені анықтаған кезде жұмыскермен нақты істелген уақыт есепке алынады


(34)

мұндағы – жұмыскердің нақты айлық тарифтік еңбек ақысы;


tн – жұмыс уақытының айлық нормасы;
tнақты – жұмыскердің бір айдағы нақты істеген уақыты;
– кәсіпорынның тарифтік торы бойынша біліктілік разрядына немесе тарифтік коэффициентіне сәйкес келетін тарифтік мөлшерлеме.
Энергетикалық кәсіпорындарда негізінен толықтырмалық қосымша еңбек ақы түрлері қабылданған.
1. Түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосыша ақы. Бұл жұмыс режимі күні-түні болатын жұмыскерлер үшін (энергетикалық диспетчерлер, кезекшілер, күзетшілер және т.б.). Қосымша ақы түнгі уақытта апатты жоюға байланысты жұмыс істуге мәжбүр болған жұмыскерлерге төленеді. Әдетте түнгі уақыт сағат 22-ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт саналады.
2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша еңбек ақы- екі есе мөлшерде төленеді немесе басшылықтың және кәсіподақтың келісімімен төленетін демалыс күні беріледі.
3. Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы. Бұл ақы зиянды, ауыр, қауіпті немесе өте зиянды, өте ауыр, өте қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер үшін төленеді. Қосыша ақы мөлшері кәсіпорынның аттестаттау комиссиясымен еңбек жағдайының қалыпты жағдайдан ауытқу дәрежесіне байланысты орнатылады.
4. Бригадаға жетекшілігі үшін қосымша ақы - негізгі жұмыстан қолы бос емес және бригадаға жетекшілік еткені үшін жұмыскерлерге бригададағы жұмыскерлердің санына байланысты шамамен 10-20% мөлшерінде төленеді.
Сыйақы кәсіпорындағы жұмыскерлерді ынталандыруда маңызды орын алады. Сыйақы кәсіпорында орнатылған жүйе бойынша еңбек ақы қорына және кәсіпорын тапқан пайдадан төленеді. Оның мөлшері кәсіпорынның еңбекшілерінің келісімімен бекітіліп және өзгертіліп отырады.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақы құрамына ынталандыратын үстеме ақылар кіреді: үздіксіз еңбек тәжірибесі үшін, жұмыскерлердің тұратын аймақтық жағдайын есепке алатын аймақтық коэффициент.
Үздіксіз жұмыс тәжірибесі үшін сыйақы айлық негізгі тарифтік еңбек ақыны кәсіпорындағы жұмыс тәжірибесіне тиесілі пайыздық мөлшерлемеге көбейту арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет