Кәсіпорынның негізгі қорлары


Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі. Анықтау әдістері және оны арттыру жолдары



бет52/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
kl kz

4 Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі. Анықтау әдістері және оны арттыру жолдары
Еңбек өнімділігі кәсіпорындағы еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды және еңбек жағдайын ұйымдастыруға, өндірістің экономикалық және әлеуметтік факторларына байланысты болады.
Еңбек өнімділігі өндіріс көлемін жұмыскерлердің орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады, яғни, кәсіпорынның бір жұмыскерінің уақыт бірлігінде (ай, жыл ширегі, жыл) өндірген өнім, жұмыс, қызмет көлемімен бағаланады


(35)

мұндағы Qөнім – өндірілген өнім, жұмыс, қызмет көлемі;


Rcп – кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік құрамы;
Т – өндіріс көлемі орындалған күнтізбелік уақыт мерзімі.
Еңбек өнімділігін арттыру кәсіпорынның ең маңызы міндеттерінің бірі болып саналады. Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру көп факторларға байланысты болады. Солардың ішінде ең негізгілерін атап айтсақ:

    • жабдыққа техникалық қызмет көрсету деңгейін арттыру;

    • жаңа техниканы енгізу, қызмет көрсету технологиясын және жабдықтарды жөндеуді жетілдіру;

    • жұмысты, энергия сапасын және жабдықтардың сенімділігін автоматтаныру мен бақылауды телемеханизациялау негізінде басқаруды жетілдіру;

    • өндірісті басқару құрылымын жетілдіру еңбекті ұйымдастыруды жақсарту: еңбекті нормалау, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын және жұмыс орнын жақсарту, еңбек үрдістерінің қауіпсіздігін қадағалау;

    • кәсіпорынның жұмыскерлерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруды ұйымдастыру – олардың өмір сүру жағдайын және әрбір жұмыскердің еңбегінің өнімділігін арттыруда материалдық және моральдық ынталандыруды жүзеге асыру және жетілдіріп отыру.



Тақырып 19. Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру (0,5 сағат)
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы

Энергетикалық кәсіпорыннан басқа да кез келген кәсіпорында өзінің энергетикалық шаруашылығы болады. ОЛ тек кәсіпорынның қосымша бөлімшесі ғана емес, өндірістік үрдістердің жиынтығы, барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін түрлендіру, бөліп тарату және пайдалану дегенді білдіреді.


Энергетикалық шаруашылық өндірісте әртүрлі энергия түрімен қамтамасыз етеді және кәсіпорын немесе цехтың жабдықтарын пайдалануды, жөндеу жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Энергетикалық шаруашылықтың міндеттері:

  • өндіріс үшін энергияның керекті барлық түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;

  • энергетикалық жабдықтарды, құрылғыларды толық қуатымен пайдалану және жұмысқа қабілетті түрінде ұстап тұру;

  • тұтынылатын энергия түрлеріне кететін шығындарды азайту.

Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі құрылымы электр-қуатты цех, жылу-қуатты және цех электрлік-техникалық цехтардан тұрады.
Оның бөлімшелеріне кіретіндер:

  • қосалқы станса: трансформаторлық, аккумоляторлық, релелік байланыс, сигнализация;

  • қазандық: жылумен қамту, сумен қамту, ауамен қамту, отынмен қамту, канализация, желдету;

  • бөлшектеу-жинау: слесарлық, механикалық, сынақтық, электр монтажды, жинақтау.

Жетілдіру бағыттарына жататындар:

  • энергия үнемдеуге арналған қондырғыларды орнату;

  • энергия тұтыну сұлбасын жетілдіру;

  • техникалық үрдістерді жетілдіру;

  • өндірістік үрдістерді автоматтандыру, есепке алу, оның пайдалануын қадағалау;

  • энергетикалық шаруашылықтағы жабдықтардың конструкциясын өзгерту;

  • энергетикалық ресурстарды нормалау, есептік-аналитикалық әдістерін қолдану;

  • энергетикалық ресурстарды пайдалануды жақсартуға ынталандыру.

Энергетикалық қызметтің функцияларына төмендегілерді жатқыуға болады:

  • нормативтер жасау;

  • энергия түрлеріне деген сұранысты жоспарлау;

  • энергетикалық баланстарды жасау;

  • жоспарлы-сақтық жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;

  • энергия түрлерімен қамтамасыз етуді жоспарлау;

  • оперативті жоспарлау (барлық энегия түрлеріне);

  • жабдықты жөндеу жұмысын жоспарау;

  • жөндеудің техникалық құжаттарын жасау;

  • жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау;

  • энергетикалық жабдықтарды пайдалану ережесін бақылау;

  • энергия шығынын қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет