«Алғыс айту -парызым» Сабақтың мақсаты: алғыс және ризашылық сөзінің мән-мағынасын түсіну.
Өзінен үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер, сиқырлы сандықтар, тапсырмалар.
Сабақтың өту барысы. 1.Жайлы жағдай орнату.
«Біз қандаймыз» Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Ажырамас іргеміз,
Біз сыныптас достармыз.
Дәл бүгіннен бастап:
Біз жігерліміз,
Біз өзімізге сенімдіміз,
Біз әрқашан көңілдіміз!
Біз әрқашан әдептіміз!
2. Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ризашылық күн бүгін
Алғыс айтайық бәріне!
3.Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Алғыс айту – парызым» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығында 1 Наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған екен. -- Алғыс кімге, не үшін айтылады? ....
Әрине, ата – анаңа, атаңа, апаңа мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, досыңа көмегі үшін жалпы кез - келген жақсылық пен көмекке алғыс айтылатынын білеміз.
4. Топқа бөлу. Сөздегі әрбір екінші әріпті сызып таста. -Қандай сөз шықты?
РӘИБЗПАЕШВЫДЛМЫҰҚ
Орны ауысқан сөздерден сөз құра. -Қандай сөз шықты?
ЛЫҒСА
1-топ **Ризашылық 2-топ **Алғыс
5.Топқа тапсырма.
1-топқа: –Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Өзің кімге қандай жағдайда алғыс айттың? (Тобыңмен ой бөліс)
2-топқа: -Адам өзінің ризашылығын қандай сөздермен білдіреді?(Топта анықта)
6. «Ақ сандық» пен «Көк сандық»
Кезектесіп сандық түстерін таңдайды. Сөйлемді оқып аяқтайды. *Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген .....
*Ризашылық- адамның басқа адамнан көрген ......
*Ризашылық- адамның жақсы көңілі, алғыс білдіру .....
*Алғыс –адамның адамға жасаған ....
*Алғыс- адамның адамға ризашылық .....
*Алғыс-жасаған істеріне жоғары ......