Кәсіптік іс-тәжірибеден өтуі туралы



бет7/9
Дата02.04.2023
өлшемі445,49 Kb.
#78413
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мусаева Шохсанам практика

7.Түсініктемені ілу, оқыту:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
8.Мұғалім:
Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен.
Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
Оқушылар алға шығады.
9. 1-оқушы:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
10. Оқушы: Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып әкелерімізге де басымызды иіп, рахме-тімізді айтамыз!
**Әкелеріне арнап жазған тілегін оқиды.
Әкеме, атама рақмет! Thank you Father and grendfather!
Cпасибо папе и дедушке!
11. Ән: Әкетайым
12. 2-оқушы:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, атқан таңмен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

13. Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінін 3-оқушы кезекпен айтады.


1.Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па,шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

2.Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың,ең бір ұстазың бар.Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап, уанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат.Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана.

3.Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен –ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет