Кіріспе (2 сағат)


Тау-кен қазбаларын кендіңгектерсіз қорғау түрлері. Кендіңгектерсіз қазу жүйелері



бет10/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Лекция

4.5 Тау-кен қазбаларын кендіңгектерсіз қорғау түрлері. Кендіңгектерсіз қазу жүйелері

Бұрында, жаппай және бағаналы қазу жүйелердің барлығы кендіңгектер қалдыру арқылы жұмыс істеген. Бірақта, кендіңгектерді қалдырудың себебінен көмір жоғалымы өсе бастады, әсіресе, үлкен тереңдігктерде.


Өткен ғасырдың 70 - 80 жылдарынан бері кендігекті қазу жүйелері артта қалып, олардың орнына кендіңгексіз қазу жүйелері орын ала бастады.
Қазу жұмыстары тереңдеген сайын сақтауыш пен қорғауыш кендіңгектердің де өлшемдері үлкейе береді. Мысалы, зерттеулер арқылы әр 100 метрге тереңдегенде, кендіңгектің мөлшері 10 метрге өсетіндігі анықталды.
Қазу жұмыстарын 600 метрден астам тереңдігте жүргізуде қазбаларды (үңгілерді) 45 - 60 метрлік діңгектермен қорғау тиімсіз болады: көмір жоғалымдары тым өседі, газды-динамикалық құбылыстарының, тау-кен соққыларының, кенжар мен үңгілердегі жыныстардың құлауының қауіптіліктері аса жоғарлайды, көмір тасымалдау жұмысы қиындайды, діңгектердегі метан шығуымен байланысты қазба учаскелерінің газдылығы өседі.
Осы айтылған себептерді жою және көмір тақталарын ұтымды қазып алу үшін - сақтауыш пен қорғауыш кендіңгектерді талап етпейтін, тау-кен жұмыстарының шоғырлануы мен барша технологиялық үзбелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткізетін - қауіпсіз технологиялық сұлбаларды қолдануды мақсат ету керек. Мүмкіншілік келгенше, үңгілерді тау-кен қысымы азайған аймақтарда орналастырған жөн болады. Жалпы айтқанда осы нұсқалар мен шаралардың барлығы кендіңгексіз қазу жүйелер бойынша ғана қабылдануы мүмкін.
Кендіңгексіз қазу жүйелер, алғашқы баяндауымызда айтылғандай, екі әдіспен орындалады:
бірінші әдіс – істе болған үңгіні қайта пайдалану арқылы. Мысалы, үңгі (штрек, бремсберг, еңіс) әуелі тасыма ретінде қолданса, келесіде – желдетпе үңгі ретінде қайтадан қызметке қосылады;
екінші әдіс – керекті үңгі, қысым қалыптасқан аймақта қазылған кеңістікке жанастырылып, жаңадан өткізіледі.
Жанастырылған үңгілер тазартпа кенжарлардың артынан мынандай арақашықта өткізіледі:
өздігінен жануға қауіпті тақталарда 60 - 120 метрден кем болмауға тиісті;
төбе жыныстарының опырылуы мен жатқыштығының қасиетімен байланысты - 120 - 180 метрден кем болмау керек.
Жанастырылып өткізілген үңгінің қимасы қысымның әсеріне берікті, 500 - 700 мм дейін кішіреюге мүмкіншілік беретін конструктивтік қаблетіне ие болуға тиісті. Әдетінше, ондай қазбалар (үңгілер) аралықтары 0,75 - 1,0 м темір арқалы тіреулермен бекітіледі.
Жанастыруды - ескі үңгіні жартылай сақтап, жаңа үңгіні толық жасап немесе жаңа мен ескі үңгінің арасында ені 1,0 м дейін көмір діңгегін қалдыру әдістерімен орындауға болады (4.6-сурет).
Бірінші кендіңгексіз әдіс (4.6,а-сурет) көбінесе келесідегіндей жағымды таугеологиялық жағдайларда пайдаланылады:
жұмыстардың тереңдіктері 700 м аспағанда;
тақта қалыңдықтары 3,5 м дейін,егерде құлама бұрышы 350 дейін болса, ал 1,5 м дейін тақталарда – қай құлама бұрышты болса да;
төбе жыныстарының тұрақтылығы әр түрлі;
шамалы су ағыста және суға төзімді табан жыныстары болуда.

4.6-сурет. Жаңа үңгіні жанастырып өткізу әдістері: а – ескі үңгіні жартылай сақтап; б - жаңа үңгіні жабыстыра толық жасап; в - жаңа


мен ескі үңгінің арасында көмір діңгегін қалдырып өткізу

Тазартпа кенжардың артындағы қайта пайдалануға арналған үңгіні арнайы тіреулермен немесе жасанды қоршаулармен сақтап ұстап тұру қажет. Жасанды қоршаулардың бірнеше түрлері болады:


темір-бетонды сүйеулер – орташа опырылымды төбе және қатты табан жыныстары бар, қалыңдықтары 1,5 метрден төмен көмір тақталарында қолданылады;
органдық тіреулер – қалыңдықтары 1,5 метрден 3,0 метрге дейін көмір тақталарында қолданылады;
айқастыра қаланған ағаштар – жалған төбе болғанда қолданылады;
жылдам қатаятын материалдардан құрылған жолақтар – орташа және ауыр опырылымды төбе жыныстары бар тақталарда, әсіресе, қазылған кеңістікті оңашалауда жиі пайдаланылады.
Кейінгі кезде кентірексіз қазу технологиялары кеңінен таралып, 75 - 80 пайызға дейін жеткен. ТМД мемлекеттерінде осындай технологиялар негізінде 15 млн. тоннаға жуық қосымша көмір қазылып алынған (бұл қайтымсыз қатарына жататын жоғалым кендіңгектер көмірлері). Сонымен қатар, 1,5 - 2 есе (1000 тонна көмірге шаққандағы) жаңадан өткізілетін дайындық үңгілерінің ұзындық үлестері және тау-кен соққылары мен эндогендік өрт қауіптілігі де азайды.
Қазіргі таңда кентіректер қалдырып істейтін қазу жүйелері өте сирек (өртке қауіпсіз, динамикалық құбылыстарға бейімсіз тақталарды алғанда) пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет