Кіріспе бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/19
Дата07.01.2022
өлшемі160,59 Kb.
#19599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ 2021 Мунсизбаева

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1].

Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің керек ететіні белгілі. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: ...бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала – деп қарау міндеті анықталған[2]. Осыған орай біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан – жақты жағдай жасай отырып, оның мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек көрсетуіміз керек. Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады.

Еліміздің нарықтық әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласыда өзгеріп жаңару үстінде. Осы орайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқынына жолдауында былай деген еді: XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген еді[3]. Ал білімді ұрпақтың болуы мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы, үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Өйткені бұл саты баланың рухани күш – қуатының, мүмкіндіктерінің, танымдық қажеттіліктері мен интеллект көзінің ашылар кезі.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын


бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу
қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік
қарым – қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез – құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.

Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің


белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады.
Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар оқу
жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең
алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе
психологиялық дайын еместігі.

Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана


емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер.
Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді. Балаларды мектепке дейінгі дайындыққа кеткен уақыт пен күшке
қарамастан, бастапқы оқу кезеңінде барлық балалар белгілі бірнеше
қиындықтарды басынан кешіреді. Бұл балалардың мектепке бейімделу кезеңі. Балалардың мектепке бейімделу кезеңі мектепке дейінгі және мектептегі өтпелі кезеңді айтуға болады. Оқушы жағдайы жеке басының ерекше бағыттылығын тудыратынын атап өту керек. Ол үшін, оқу – білімді меңгеретін жай әрекет немесе өзін болашаққа дайындау тәсілі ғана емес, ол баланың саналы түрде сезінетін өзіндік еңбек міндеті айналасындағылардың күнделікті өміріне қатысуы болып табылады. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу – тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай – ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу – тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұрғыда қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне


арналған зерттеулері Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М., Венгер
Л.А., Мухина В.С. [4] және баланың мектепке психологиялық даярлығы мен мектепке баруы туралы отандық ғалымдар Баймұратова Б., Қойбағаров.,
Қ.Сейсенбаевтың еңбектері маңызды орын алады.
Алты жасар баланың мектепке баруы оның өмірінде ерекше оқиға болып
табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-
әрекетінде, басқа адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен
байланысты. Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу
болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектепте толығымен
меңгеруіне бір күн немесе бір апта жеткіліксіз. Бейімделу ұзақ мерзімді
қажет ететін процесс. Баланың алғаш мектеп қабырғасына келуі – оның бойында ерекше сезімдер туғызады. Жақсы оқушы, жақсы азамат болу – уақыт талабы. Баланың мектепке келуінің басты міндеті – білім алып, қоршаған ортаны тереңірек тану, жақсы азамат болып, ұлт болашағын жалғастырар білімді ұрпақ болып шығу. Ол үшін
бала түрлі қиындықтардан өтуі керек. Соның бірі баланың мектепке
бейімделуі. Осыған орай біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан – жақты
жағдай жасай отырып, оның мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек
көрсетуіміз керек.

Сондықтан осы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері деп алдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет