Кіріспе бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ



бет9/19
Дата07.01.2022
өлшемі160,59 Kb.
#19599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ 2021 Мунсизбаева

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ

БЕЙІМДЕЛУІ


    1. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің

педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастыратын
отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының
қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеуде басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау, дамыту. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс - әрекеттердің тиімділігіне байланысты. М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке бейімделуін ұзақ мерзімде процесс ретінде қарастырып, оны әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жақтарын сипаттаған. Олардың көзқарасынша, баланың өмірінің өзгеруі: барлығы мектепке бағынады, мектеп жұмысыныа, сабаққа көп уақыты кетеді. Бұл
өте қысымды кезеңдер. Себебі мектеп алғашқы күннен бастап өзінің
талаптарын қояды.

Баланың мектепке бейімделу мәселесімен бірқатар психологтар


Я.К.Коломинский, Е.А..Панько бейімделуді баланың әлеуметтік-психологиялық жағдайға белсенді икемделуі деп қарастырған[4]. Адам кез келген жаңа ортаға физиологиялық тұрғыда тез бейімделеді.
Г.М.Чуткина бейімделу ұғымын баланың жаңа жағдайдағы тіршілікке
араласуы дейді. Ол баланың мектепке психологиялық бейімделуіне баланың
отбасындағы тәрбиесі де маңызды орын алатынын қарастырған. Оның ойынша баланың мектепке бейімделуі қиы жән ұзақ мерзімді талап ететін процесс. Л.С.Выготский және Ж.Пиаже, баланың мектепке барған шақтағы ойлау қабілетінің дамуына тұжырым жасаған. Олар, ойлаудың ең маңызды дамуы – жаңа мінез-құлық мүмкіндігіне итермелейтін және интеллектуалды іс-әрекеттің жоғарғы формасына әкелетін жасөспірімнің жинақталған түсінікті меңгеруінің негізін түсіндірген. Л.С.Выготский түсінікті жинақтау қызметі осы жастағы интеллектуалды өзгерістерге байланыстылығын: ... түсініп ойлану- іс-әрекетті түсіну, басқаларды түсіну және өзін түсіну - деген [5].
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікті орнату кезеңдерінің
бірі – баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне ену болып табылады.
С.Л.Рубинштейн: Оқушының мінез-құлқындағы ішкі мазмұнды ашпай, сыртқы формальды сипатын есепке алып жұмыс жасайтын педагог, өз жұмысының нәтижесін көре алмайды - деген[6]. Оқушыларды тану арқылы мұғалім, олардың мінез-құлқындағы мотивтері мен мақсаттарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін түсініп, қорқыныштарын анықтау қажет. Бірақ, ол тек бір жақты әрекет емес. Мұғалім шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу – тәрбие процесінде әр уақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады.
Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру процесінде
субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген: Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс- әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды. Сондықтан қарым- қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді[8]. Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді: Бірінішісі; мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау жзәне т.б. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады, мазасызданады және т.б. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдеттердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Қиыншылықтың екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің стилі талап етушілік, қаталдық,
мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Кейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағандықтан, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр
баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.

Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай


сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын
болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған
бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады. Мұғалімдер бұл кезеңде оқушымен сыртқы жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді. Сонымен балада мектеп қабырғасына аттаған күннен бастап психологиялық
қайта өрлеу басталады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.
Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі бағдарлама бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л.С.Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл бағдарламаның жүзеге асуы қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік бағдарламасына айналуына тығыз байланысты болып келеді. Кез келген іс - әрекеттің өзіндік ерекшелігі, оның әрекеттерін құрайтын нәтижелерінің кейбір жағдайларда мотивтерінен гөрі анағұрлым маңызды. Әрбір жекелеген жағдайда іс - әрекеттің динамикасы толық анықталған мотивтердің өзгеруімен байланысты.
Іс - әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке басын
қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп баланың
басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз менін және өз
қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттерімен өз ара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталуы атақты психологтар Мухина В.С., Петровский А.В., Эльконин Д.Б., Венгер Л.А., Якобсон С.Г. еңбектерінде көрсетілген.
М.Н.Костикова балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлығы
ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін
ұсынған. Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында оқу әрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми – тәжірибелік шаралардың жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапалық ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді бөліп көрсетті[9].
Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен
айналысқан ғалымдар да аз емес. Мысалы Б.Баймұратованың Балаларды мектепке даярлау жөнінде, К.Қойбағаровтың Баланы мектепке даярлау,
Қ.Сейсенбаевтың Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы еңбектері бала бақшадағы оқу – тәрбие үрдісі арқылы баланы мектепке жан - жақты дайындау мәселесін қарастырған[24]. Балаларды мектепке психологиялық даярлауда балабақшаның ересек және
даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп
шашыранды мағлұматтармен толықтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі білім алып, олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп, осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кез келген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады. Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен баланың ақыл – ойының даму деңгейін ескеру қажет[10]. Оның жаңа материалды меңгеру қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой
белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс -әрекеттің
себептеріне айналады. Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені ол адамның іс - әрекетінің ішкі негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты. Әрекеттерді жаңа обьектілерге, шарттар мен міндеттерді дұрыс әрі ойдағыдай тасымалдау көбіне білімге байланысты, ол айналадағы дүниенің адамның практикалық және танымдық қызметі үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Тиісті білімді қалыптастыру мен меңгеру оның ақыл – ой қабілетінің дамуы арқылы жаңа обьектілермен, ахуалдармен, міндеттерімен мақсатқа сай қызметінің алғы шарты.
Білімді қалыптастырудағы іс - әрекеттің әр қилы түрлерінің ролі
түрліше. Мысалы, заттық іс - әрекет (күрделі қозғалыс және орын ауыстыру)
заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерін көрсетуі үшін қажет, перцептивтік
іс - әрекет (қабылдау мен бақылау) бұл қасиеттердің адамның қабылдаулары
мен елестетулерінде бейнеленуі үшін, ойлау іс - әрекеті (анализ бен синтез)
бұл қасиеттерді салыстырып, олардың ішінен ортақ қасиеттерді бөлу үшін
сөйлеу іс - әрекеті (белгілеу және атау) бұл қасиеттерді абстракциялап
белгілері ретінде қорытып, бекіту үшін қажет. Осыдан оқушылардың ақыл – ой қабілетінің дамуы арқылы білімді оқытудың өзі бірнеше элементті қамтиды:
1. Оқушыларға белгілі бір сыныптағы заттарды не құбылыстарды көрсету (немесе олардың өздерінің аңғаруы). Бұл орайда обьектілер мәнді белгілерінен басқа белгілерінің бәрі ажыратылатындай немесе керісінше, мәнді белгілерінен басқа белгілердің бәрі ұқсас болатындай етіп іріктелініп алынады.
2. Оқушылардың заттарды не құбылыстарды бақылауы әр түрлі жақтары мен
қасиеттерін, байланыстарын, іс -әрекеттерін анықтау.

3. Табылған қасиеттерді салыстыру, салғастыру және қарама –қарсы қою


(анализ). Қарастырылған обьектілердің бәріне ортақ немесе, керісінше бір
топтың барлық обьектілерін өзге топтың барлық обьектілерінен ажырататын
қасиеттерді анықтау және біріктіру (синтез).

4.Табылған қасиеттерді терминде бекітіп алып абстракциялау.

5. Терминді анықталған белгілері бар әр түрлі обьектілерге қолдану арқылы
ұғымдарды қорытындылау.

Оқу материалының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті


заттың, перцептивалық және ақыл – ой әрекетіне байланысты. Ғалымдар
оқушылардың ақыл – ой дамуына математикалық, грамматикалық, географилық және басқа ұғымдардың қалыптасу процестерін егжей тегжейлі зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін қажетті ақыл – ой қызметінің әдістері және осы әдістерді үйретудің тәсілдері анықталды. Арифметикалық әдісте тапсырмадағы сұрақтың жауабын сандарға арифметикалық әрекеттерді орындау нәтижесінде табуға болады. Тапсырмаларды шешуде арифметикалық әдістер бір - бірінен немесе бірнеше әрекеттермен немесе сандық әрекеттермен, сонымен берілгендер арасындағы қатынастар, берілгендер мен белгісіздермен ажыратылады. Ұғымдар заттардың құрылымдық және функциялық қасиеттері мен олардың қатынастарын бейнелейді.

Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық


өзгеріс болады. Ол жаңа тәртіптің бір қатар маңызды әдеттерін бойына
сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сезімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшелікетері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады[11].
Педагогикалық психология адамның ойлауының іс - әрекет процесінде
қалыптасатынын негізге алады. Сондықтан оқу тәжірибесінің алдына мектеп
оқыушыларына ақыл – ой әрекеті тәсілдерінің өзін үйрету міндеті қойылады.
Әдістерді меңгеру, біріншіден, оқушыларға оларды таныстыру, екіншіден, ақыл– ой әрекетінің тиісті әдістерін түрлі материалда қолданып жаттығу,
үшіншіден, тасымал – тәсілдерді жаңа міндеттерді шешуде пайдалану арқылы.


1.2 Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық -

физиологиялық ерекшеліктері
Биологиялық тұрғыдан кіші мектеп жасындағылардың организімінде елеулі өзгерістер болады. Одан бұрынғы жас кезеңдерімен салыстырғанда бойының өсуі баяулайды, салмағы елеулі өсе бастайды Бұл жаста дененің барлық органдары мен ағзаларында елеулі өзгерістер болады. Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайда ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны белгілі. Бастауыш сынып оқушыларының, әсіресе І сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды[12]. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалатын тапсырманы көшіріп алу тілегі көбінесе нәтижені төмендетеді.

Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Сондықтан салыстырмалы түрде алғанды ол төзімді болады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады.


Әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде
жо,ары әлі неғұрлым күрделі функцияларфн қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
(ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың) мектеп жасына дейінгі балаларға
қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де аса
күшті, бастауыш сынып оқушыларының қолды – аяққа тұрмайтындығы осыдан.
Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы – балалардың
қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонымен жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мактеп талаптарына сай болады. Осылайша мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып оқушыларының жалпы дене құрылысы қатайып, жүрек-тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады. Мұның барлығы – мектеп өмірінің бастамасы – баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігінде талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан маңызды.

Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де ( көру, есту қабілеті жоғары екені байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды), олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.


Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктері онда
заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделелеу
қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет
түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше жедел қалыптасады. Сабақтардың
үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдың қабылдау міндеттерін алып,
ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау
мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін
(олардың қасиеттерін анықтау тәртібін, қол мен көздің қимыл бағыттарын және
т.б.), бекітілген қасиеттерді жазу құралдарын балаларға үнемі көрсетіп
отырады.
Жеті жастан кейін балалардың негізгі әрекеті мектепте оқу болып
табылады.. Оқу әрекеті жаңа, жоғары талаптар қоятындықтан оқушы зейіні де
өзгереді. Мектеп шешуі дәрежеде зейін қасиеттерінің дұрыс дамуына мүмкіндік
береді. Әсіресе, ол оқытудың үшінші жылында айқын көрінеді
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшелігін толық түсіну үшін
олардың жоғарғы жүйке әрекетінің сипатымен танысу керек. Балалар неғұрлым
жас болса, қоздырғыш процестер оларда тежегіш процестерден соғұрлым басым болады. Бастауыш мектеп оқушыларындағы ми жарты шарларында қозу мен тежелу процестері өте жылдам алмасады. Сондықтан, бұл жастағы оқушы зейіні тез аударылып оңай ауысатындығымен, соның әсерінен белгілі бір объектіге шоғырлана алмайтындығымен сипатталады. Бұл дегеніміз – физиологиялық тұрғыдан оқушы миындағы доминанта әлі тұрақталмаған.
Жүйке жүйесіндегі мұндай көтеріңкі сезімталдық осы жастағы балада
барлық жаңа әсерге өте күшті рефлекстің бар болуын қамтамасыз етеді. Балаға
әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштер, қоршаған әлемде жаңа заттар шектен
тыс көп. Соның салдарынан қызықты объектілер басты – маңыздысын қабылдауға кедергі болады Бастауыш мектеп оқушылары не қызық болса соған мән беретіндегінен оның ырықсыз зейіні әсем бояуларға, таныс емес заттар мен ұйқастырып айтылған сөздерге әсерленуден туатындықтан мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Егер оқу процесінің барлық кезеңдерін қызықты етуге тырысып баланы осыған әдеттендірсе, оның ырықты зейінін қалыптастыруға кедергі жасайды. Ырықсыз зейін түрінде оқушы оқу материалын шаршамай, жеңіл игереді. Материлдың есте сақталуы да тұрақты болады. Сондықтан, оқу процесінде педагог оқушылар зейінін басқару үшін зейін түрлерінің қайсысы тиімді екенін анықтап, жұмыс жүргізуі керек.
Мектепке келген баланың мақсатқа бағытталған зейініне қарағанда
жетекші орында ырықсыз зейін тұрады. Сондай-ақ, зейіннің бұл түрі көбінесе
материалдың әсерлілігіне, көрнектілігіне, нақтылығына, баланың эмоциялық
сферасына әсер етуіне байланысты болып келеді. Бұл оқушыларда ырықсыз зейін басым десек те, оқытудың алғашқы жылы – ырықты зейіннің қалыптасуының негізгі кезеңі болады. Б.Г. Ананьев зейіннің бұл түрі үлкендер мен балалардың арасындағы тәрбие процесінің жемісі болып табылады деп есептейді[13].
Зейіннің көлемі – бұл оқушылардың бір мезгілде біркелкі айқындықпен
“ұстап қала” алатын объектілердің саны. Бастауыш мектеп оқушыларының зейін көлемі тар, олар бір мезгілде картинаға қарап және картина суретшісінің
өмірі туралы мұғалім әңгімесін тыңдай алмайды. Сол сияқты мағынасы жағынан мазмұндары ұқсас жаттау-өлеңдермен бір мезгілде танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілдерді “шатастыру ” байқалады.
Н.Ф. Добрыниннің зерттеу жұмысының нәтижесі бастауыш мектеп
оқушыларында зейіннің бөліну қасиеті оқу процесінде жаттықтырылатындығын және қарқынды дамитындығын көрсетеді.Үшінші сыныптың өзінде оқушылар бірмезгілде жазып отырған материалдың мазмұнын түсінеді және оның орфографиялық дұрыстығын, тазалығын қадағалай алады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерекше қызыққан объектіге немесе
тапсырмаға зейінінің шоғырлануы деңгейі үлкен болады. Мысалы: бала анасының кешкі асқа шақырғанын естіместен беріліп сурет салуы мүмкін. Дегенмен, бұл процесс жеткіншектер мен жасөспірімдермен салыстырғанда аз уақытқа созылады. Себебі, кіші оқушы жасында зейін тұрақтылығының рөлі аз болады.

Қызықты істің өзі бір үлгіде болса оқушы одан жалығып, шаршайтын болады.


Мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды,
суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтай алады. Бірақ мектеп өмірі жаңа
материалды бастан-ақ есте с ақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін,
үйге терген тапсырманы, жаңа ұғымды және тб. Есте сақтауы қажет. Бастауыш
сынып оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық
міндеттерінің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-
тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Алғашында балар ең қарапайым тәсілдерді
қолданады. Мағыналық бірліктері бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу
кезінде оны, әдетте, бірнеше рет қайталау. Есте сақтау нәтижесін баланың
өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады.

Еріксіз және ерікті есте сақтаудың арақатынасы оқу іс-әрекеті


ішіндегі даму процесінде түрліше. Түсініп есте сақтау және өзіне өзі
тексеру тәсілдерінің қалыптасуына қарай екінші және үшінші сынып
оқушыларының ерікті есте сақтауы, еріксіз есте сақтауға қарағанда, көп
жағдайда жемісті болады. Есте сақтаудың осы екі формасы кіші мектеп шағында сапалық өзгерістерге ұшырайды, соның арқасында олардың тығыз байланысы мен бір-біріне етене ұштасуы орнығады.

Бастауыш сынып оқушыларының көрнекі мәліметтерді есте сақтау


тиімділігіне қарағанда сөзбен айту мәліметтерін есте сақтаудың тиімділігі
тезірек өседі, бұл балаларда түсініп есте сақтаудың тез қалыптасуымен
түсіндіріледі. Бұл тәсілдер негізінен сөз құрылымы көмегімен бекітілетін
елеулі қатынастарды талдаумен байланысты. Сонымен қатар оқыту процестері
үшін көрнекі үлгілерді есте ұстау маңызды. Сондықтан еркіті және еріксіз
есте сақтау әдістерін оқу материалының екі түріне – сөз жүзіндегі және
көрнекі – лайық қалыптастыру керек.

Жүйелі оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды. Неміс психологы В.


Штерн өзінің Жас балалар психологиясы деген шығармасында Баланың қиялы
шексіз - деген. Д.Б.Эльконин тәжірибиесінде бала қиялының мүмкіндіктері
алынған[14]. Бастауыш сынып балаларының өз көзқарасы шындыққа, өмірге
байланысты өздері құраған әңгіме, ертегі шығармаларынан көрініп тұрады.
Төменгі сыныптағы мектеп оқушыларына тән қиялдың ерекшеліктері, олар
жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында. Бала өзінің өмірден не
суреттерден көргендерін ойша елестетеді. 1 сынып, кейде 2 сынып оқушысына
нақтылы заттар мен көрнекі нәрселерсіз қиялдау қиынға соғады. Бастауыш
сыныптардағы ересек оқушылар, сыртқы атрибуттарды белгілерді, оны
пайдалануды ұнатқанымен, онша қажет етпейді[12]. Мектепке дейінгі бала өз
фантазиясына, бастауыш сыныптағы оқушыларға қарағанда, көбірек сенеді.
Қиялында жасаған бейнелерге сын көзбен қарамауы баланың фантазиясындағы мен шындықтағы нәрселерді ажырата алмауына әкеп тірейді. Қиялданудан туған нәрселерді төменгі сынып оқушысының сын көзімен қарауы басымырақ. Ол ойлап тапқанының шарттылығын түсінеді және бұл шарттылықты ойында басшылыққа алады.

Оқудың әсерінен баланың қиялы да өзгеріске ұшырайды. Қиял бейнелері


көбіне тиянақталып, жақсы есте сақталады, білімі молайып ой өрісі кеңейген
сайын, ол әр түрлі дами түседі.

Төменгі сыныптағы мектеп оқушысының қиялы көбінесе еліктегіштілік


сипатта болады. Бала өзі ойлап тапқанын не ойын кезінде өзінің естігенін,
көргенін жаңғыртуға, өз байқағанын қайталауға тырысады. Сондықтан оның
қиялының қайтадан жасау сипаты басымырақ болады.
Сонымен қатар мектептегі бастауыш сыныпс оқушыларының қиялы, оның
өмір тәжірибесімен тығыз байланысты болады да сөйтіп пассив процесс бос
қиял болып қалмай, бірте – бірте бейнелерді және ойларды бала кәдімгі
күнбе - күнгі жасаған заттарына айналдыруға тырысады.

Бастауыш сыныптың қиялының дамуындағы бірінші міндет – мұғалімнің


айтқанын дәлме – дәл елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік қайта жасау
қиялын дамыту. Ол үшін педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы
фактілерге бай болуы қажет, бұған қоса суреттер, дипозитивтер, көрнекі
құралдар т.б. пайдалану керек. Алайда бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші
қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған
нәрсені ойша елестете алмайтын жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі
құралдар, шамадан тыс пайдаланылса, ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі.

Бастауыш сынып оқушылары келесі міндеті – балалардың қиялы мен


елестерінің мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз
қиялдаудың орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін,
кейіннен ғылыми ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет.
Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып беруінің
баланың қиялының дамуына көмегі зор.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі саты


байқалады. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына
дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалын талдау бұл жерде
көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақтылы заттарға
немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді.
Бастауыш мектеп жасы оқушысының ойлау ерекшеліктері бастауыш оқытуда
көрнекілік принципін кеңінен қолдануға негіз болады. Жүйелі оқыту әрекеті
негізінде оның ойлау сипаты өзгереді. Ойлаудың екінші кезеңі осы
өзгерістермен байланысты. Жыл өткен сайын мұғалімнің балаларға игерілетін
мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету
үшін ерекше көңіл бөлу керек және талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғаяды.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы
пайымдауларының негізінде көбінесе көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер
жатады Білім, іскерлік пен дағдылар түсініктер мен ұғымдар – адамның
психикасындағы белгілі бір процестердің формалары мен нәтижелері. Олар ақыл– ой дамуының нәтижесінде көрінеді. Демек, олар адамның басында оның өз қызметінің нәтижесінде ғана пайда болады. Оларды біреуден әншейін алуға
болмайды, олар оқушылардың өзінің психикалық белсенділігінің нәтижесінде
пайда болуы тиіс. Егер оның өзінің белсенділігі болмаса, онда ешқандай
білім, іскерлік, дағдылар саналы пайда болмайды. Оқушылардың өзінің
психикалық белсенділігі болмау фактісін педагог – психологтар өз
тәжірибесінен жақсы біледі, мұны жалқаулық, қабілетсіздік, көңіл қоймау деп
атайды. Бірақ барлық жағдайда оны баладан көруге болмайды. Себебі оның
психикасының, ойлауының, ынта – жігері мен қабілетінің жалпы айтқанда ақыл
– ойының дамуына, оның белсенді жолдарын ашуына қоршаған орта үлкен ықпал етеді. Олар ата-аналары, мұғалім немесе педагог – психологтар.
Оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оны өмірмен
байланыстыра білуге жан-жақты ақыл – оймен саралауға қабілетті болуы тиіс.
Баланың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде ақыл – ой белсенділігі үнемі
дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс-әрекеті негізінде басқа
пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілеті
арқылы ақыл – ой өрісін арттырады.

А.Н.Леонтьев өз зерттеулерінде фундаментальды мәселелерді


қарастырып, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып ақыл – ойға ықпалы мен оның қаншалықты қажеттілігін қарастырды[16]. Сөйтіп, адамның іс - әрекеттерінің белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез – құлық пен іс - әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат оқу - болады.

Оқу адамға ғана тән саналы іс - әрекет, осының өзінде ол өз іс


-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам
психикасының даму сатысында ғана мүмкін.
Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен баланың
ақыл – ойының даму деңгейін ескеру қажет. Оның жаңа материалды меңгеру
қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Белгілі
бір зат , оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой
белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, іс - әрекеттің
себептеріне айналады. Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені ол адамның іс - әрекетінің ішкі негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты. Сонымен қатар бұл пайымдаулар тексті талдау, оның жекелеген
бөліктерін ойша салыстыру, бұл бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау,
бірегей көрініске біріктіру, жалпылау жатады. Белгілі заттар мен
құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой
әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады[18].
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы
статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға
танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау
болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен
кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге
тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы
құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғандардың бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсыбір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасуы қабілетін үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет