кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)
Ересектерде Ходжкин лимфомасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы
* тәуекел факторларына мыналар жатады:Ерлер жынысы Жасы ≥45 жас IV саты Лейкоцитоз ≥15*109/л Лимфопения < 0,6*109/л. *1 фактор=1 ұпай 2. ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ РӘСІМДЕРІ ** 2.1 Диагностикалық өлшемдер: Лимфома диагнозын анықтау үшін гистологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер (ИГЗ) шешуші мағына. Қосымша әдістер ісік процесінің таралуын анықтау және пациенттерді қауіп топтары бойынша стратификациялау үшін қажет. [5,7] Шағымдар, анамнез, физикалық зерттеу деректері лимфопролиферативті аурулардың диагностикасы мен дифференциалды диагнозында маңызды рөл атқарады, бірақ ерекше емес, сондықтан олар диагностикалық өлшемдерге жатпайды. [5,7] ХЛ диагнозы биопсиялық материалды морфологиялық және иммуногистохимиялық зерттеу негізінде қойылады және ДДҰ 2017ж. гемопоэтикалық және лимфоидты тіндердің ісіктерін қайта жіктеуге сәйкес тұжырымдалады. [5,7] Шағымдар мен анамнез: лимфа түйіндерінің ұлғаюы (жиі ауырсынусыз); қақырық шығармай жөтел - көкірек қуысының үлкейген лимфа түйіндерімен тыныс алу жолдарының қысылуына байланысты пайда болады; бет, мойын, қолдың ісінуі - жоғарғы вена кавасының қысылуына байланысты пайда болады; сол жақ қабырға астындағы ауырлық – көкбауырдың ұлғаюына байланысты терінің қышуы, негізінен лимфа түйіндерінің аймағында, сирек - бүкіл денеде; дене температурасының жоғарылауы, негізінен кешкі және түнгі уақытта; дене салмағының төмендеуі (2-3 ай ішінде 10-15 кг астам); жалпы әлсіздік, қатты шаршағыштық; терлеудің жоғарылауы, әсіресе түнде жүктеу/скачать 1,19 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |