кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)



бет4/26
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Ересектерде Ходжкин лимфомасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы

Физикалық зерттеу

  • терінің түсі анықталады (бозаруы мүмкін);

  • тері қышуымен теріде тырналудың іздері болуы мүмкін;

  • қолмен басып байқау кезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады;

  • перкуссия кезінде - көкбауыр ұлғаюы мүмкін;

  • тамырдың жиі соғуы, ал артериялық қысым төмендетілген болуы мүмкін.


Зертханалық зерттеулер:

  • Қанның жалпы талдауы – жағындыдағы лейкоформуланы, тромбоциттерді есептеу: ҚЖТ қалыпты шектерде болуы мүмкін, бірақ орташа нейтрофильді лейкоцитоз болуы мүмкін. СОЭ-нің айтарлықтай сандарға дейін үдеуі жиі байқалады. Анемия сирек байқалады және тәуелсіз қолайсыз болжам белгісі болады. Қанның биохимиялық талдауы – лактатдегидрогеназа, жалпы ақуыз, альбумин, креатинин, несепнәр, электролиттер, несеп қышқылы, ісік лизисінің синдромын, сондай-ақ ағзалардың қатар жүретін зақымдануын анықтау үшін. Коагулограмма - Д-димер деңгейінің жоғарылауын бағалау үшін.

  • Гистологиялық зерттеу - ЛПА морфологиялық түрін анықтау мақсатында;
    Иммуногистохимиялық зерттеу – ЛПА морфологиялық түрін анықтау мақсатында.

  • Ісік процесінің (сатысының) таралуын анықтаудың міндетті компоненті - сүйек кемігінің трепанобиоптатын гистологиялық зерттеу болып табылады. Бастапқы тексеру процесінде биопсияны екі жақты түрде жүргізу ұсынылады. Сүйек кемігінің пунктатын морфологиялық зерттеу трепанобиоптатты гистологиялық зерттеуді алмастырмайды [7].


Аспаптық зерттеулер:

  • ПЭТ/КТ – аурудың дебютіндегі процесті неғұрлым дәл сатылау, сондай-ақ емдеуге жауапты барабар бағалау үшін, оның ішінде аурудың қайталануына күдік туындаған кезде туморотропты радиофармпрепараттармен (РФП) компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитронды эмиссиялық томография жүргізу қажет болып табылады [10].

  • КТ контрастпен (іш қуысы, кіші жамбас мүшелері) – ПЭТ/КТ жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ауруды сатылау және ісік ошақтарының болуын, мөлшерін және таралуын нақтылау үшін мойынның, кеуденің, іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің КТ (контрастпен) орындау ұсынылады [7].

  • Перифериялық және іш қуысының лимфа түйіндерін ультрадыбыстық зерттеу - лимфа түйіндерінің мөлшерінің ұлғаюы және құрылымының өзгеруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет