Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Диплом жұмысының құрылымы



бет5/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І – ТАРАУ

ДЕШТІ-ҚЫПШАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ БЕЙБАРЫС

1.1. Бейбарыстың жастық шағы
Арабтың “мамлюк” деген сөзінің көп мағынасының бірі – ақ құлдар дегенді білдіреді. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында моңғол шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған. И.М.Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе, италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді “тауарды” Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ержүректілігіне, төзімділігіне қызыққан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпшақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай–ақ тайдырып отырған.

Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1225 ж. моңғолдар ойрандаған Дешті-Қыпшақ даласында, Қара теңіздің теріскей бетіндегі далалық өңірде туған. Нақтырақ айтсақ, Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы кеңістікте, яғни қазіргі қазақ топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі - қыпшақтың беріш руы. Бейбарыстың балалық шағы, отбасы жөнінде бізге жеткен нақты дерек жоқ. Тарихта Бейбарыс құлдыққа сатылған кезден бастап сөз бола бастайды [4].

“Ұлын Үрімге, қызын Қырымға” деген сөз тіркесі сол заманнан жеткен жаңғырық. Соғыста тұтқынға түскендер немесе жорық кезінде қолға түскен қыпшақ қыз – бозбалалар Қырымнан Қара теңіз арқылы алдымен Кіші Азия – Римдегі құл базарларына әкелінетін болған. Бейбарыс Мысырға қазіргі Түркияның жерінде орналасқан Сиуастағы құл базары арқылы келіп түседі. Бейбарыстың тағдардың тәлкегіне қалай ұшырағанын оның жерлесі Әмір Байсарының аузынан тарихшы Ибн Шаддад әдемілеп жазып алған. Ол: “Бейбарыс шамамен моңғол шапқыншылығы кезінде жаудан қашқан Бейбарыстың елі Бұлғар ханы Анар ханнан Қырымдағы Судақ теңізі арқылы өңірді береді де, көшіп келе жатқандарында аярлықпен шабуыл жасап, біраз адамдарын өлтіріп, біразын тұтқынға алады. Тұтқынға түскендердің ішінде мен және Бейбарыс бар еді. Сол кезде оның жасы шамамен он төртте болатын. Тұтқынға түскендерді Кіші Азиядағы Сиуас құл базарына жөнелтеді. Содан мен Бейбарыстан ажырап қалып, кейін Халаб қаласындағы Хан ибн Қылыш базарында кездестік. Оның иесі Әмір-Айтегін әл-Бундуқтари тұтқындалғанда, Бейбарыс сұлтан иелігіне көшті” – дейді.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, Бейбарысты құлдыққа сатқан моңғолдар емес, бұлғарлар болып шығады.

Бейбарыс Дамаск базарында 800 диркемге сатып алған жаңа қожайыны оның көзінде ақ болғандықтан шартты бұзып, құлды алудан бас тартады. Аюбидтер әулетін билеп тұрған Хама қаласының басшысы әл-Мансұр жас болғандықтан қаланы басқару ісіне қатысты мәселелерді шешуде анасымен ақылдасып отыратын болған.

Сондықтан мәмлүк сатып аларда да оларды алдымен шешесіне көрсетеді екен. Бейбарысты серігімен патша сарайына алып келгенде, перденің тасасынан қарап тұрған анасы: “Мына қарасұрдың көзіне ашық жаулық бар. Араларыңда дұрыс қатынас болмайды” – деп Бейбарысты алдырмай тастайды.

Сол кезде Мысыр мен Шам билеушісі сұлтан Наджимуддин Аюптың бұйрығымен Хама абақтысында жатқан әмір Айтегін әл-Бундукдар жас Бейбарысты серігімен сыртынан сатып алады. Әмір бостандыққа шыққан соң мәмлүктерімен Мысырға қайтады. Сөйтіп Бейбарыс әмір Айтегіннің мәмлүгі ретінде Мысыр жеріне аяқ басты. Бейбарыс сұлтан болғанша әмір есімімен Бейбарыс әл-Бундуқтари деген атпен ғана белгілі болады. Бундуқдар сөзі әмір Айтегіннің мәмлүк мемлекетіндегі мансабын білдіреді, яғни сұлтанның құс ататын “бундуқ” деп аталатын қаруын тасушы.

Әмір Айтегін жаңа мәмлүктерді сыртынан сатып алса да жас Бейбарыс текті, өжет, ержүрек болып шығады. Тарихшылар айтқандай “тек сұлтанның қарамағында болатын мәмлүк” екен. Шынында, “Алмас қылыш қап түбінде жатпас” – деген сөзді Бейбарыс кейін дәлелдейді. Кейін сұлтан болғанда Бейбарыс Әмір Айтегінге үлкен құрмет көрсетіп, оны пір тұтатын. Мәмлүкше айтсақ “Ұстазының тәрбие ақысын білетін” болған. Әмір Айтегін де өзінің кешегі мәмлүгі, бүгінгі сұлтан Бейбарысқа ісімен, ақылымен барынша қызмет көрсетеді.

Бейбарыстың әмір Айтегіннің иелігінен сұлтанның қол астына көшу себебі, әл-Юнинидің айтуы бойынша 1245 жылы Аджалун қаласы сұлтанның билігіне көшкенде сол жерде әскермен Әмір Бундуқдарды орналастырады. Әмір Айтегін өзінің иесі – Сұлтанмен ақылдаспастан әмір Сейфуддин Қылыштың кәнизактарының біріне үйленеді. Кәнизак сұлу болды ма, әлде әмірінің еркінсігеніне ашуланды ма, әйтеуір сұлтан кектеніп, әмір Айтегінді қуып, сұлтан иеліктерінен кетіп, өз күнін өзі көрсін деп бұйрық береді. Алайда, кейін алғашқы райынан қайтып Иракты бетке алып абақтыға тастайды да әмірдің мәмлүктері мен басқа да мүліктерін сұлтан өз меншігіне алады. Сол кезден бастап мәмлүк Бейбарыс та сұлтан мәмлүктерінің қатарына енеді. Бұл сұлтан Салих Нажми ад-дин Аюбтың меншігіне өткен кезең хижра бойынша 644 жылы болған еді. Ал григориан күтізбесінде бұл 1246-1247 жылдар шамасы.

Сөйтіп, Бейбарыс қызмет сатысымен одан әрі жылжуға мүмкіндік алады. Оның өміріндегі жаңа кезең - сұлтанға жақын адамдардың қатарына енеді. Бейбарыстың өмір жолы – оны періштелер қолынан жетелеп отырғандай әсер қалдырады.

Кезінде құл базарында небәрі 800 дирхемге, яғни 800 кесек күміске сатылғанда бұл баға құл базарындағы ол кездегі нарық бойынша өте төмен баға саналатын. Мысалы, болашақ сұлтан Қалауын 12 000 дирхемге сатылып алынған. Жалпы алғанда, құл базарларындағы түркі ұл-қыздарының бағасы басқа ұлт өкілдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Сұлтан Қалауын кезінде бір мәмлүктің бағасы қияли баға – 100 000 дирхемге жеткен. Алайда Бейбарыс кезінде арзанға сатылғанымен ислам тарихындағы ең жарқын тұлғалардың біріне айналады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет