Жүздік әмірлері – мыңбасылар - қарауында жүз салтанатты болған. Мыңбасы соғыс кезінде мың атты әскери бөлікті басқарған.
Таблхана әмірлері - қарамағында қырық салт атты мәмлүк болған. Жалпы сексенге жетуі мүмкін. Бұлар іс қараушылар, бақылау мансаптарына ие болған.
Онбасылар - қарауында он салт атты, кейде жиырмаға жететін мәмлүк болған.
Бесбасылар – бұл сыныпқа жататын әмірлер аға мәмлүк болып саналған.
Қатардағы мәмлүктер – олар екіге бөлінетін. Сұлтан мәмлүктері – жауынгерлердің ішіндегі ең мәртебелісі, мүмкіншіліктері мол, сұлтанға ең жақын, иеліктері жөнінен ең басты саналған. Олардың қатары жаңа мәмлүктермен үнемі толықтырылып отырған. Сұлтан Бейбарыстың жеке төрт мың мәмлүгі болған деседі.