Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет9/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Халқа мәмлүктері – сан жағынан ең көп топ болып саналған әрбір қырық жауынгердің басшысы соғыс жарияланғанда ғана әскермен бірге шығатын болған.

Енді сұлтан Бейбарыс құрған түркі мемлекетінің ірі мансап иелеріне келсек. Сұлтанның Мысырдағы орынбасары мәмлүк мемлекетіндегі екінші мансап және сұлтанның ең жақын адамы саналған. Бейбарыстың найбы қызметін әмір Иззуддин Айтемір атқарған. Сұлтан Бейбарыстың найбынан кейін мәмлүк мемлекетінің ірі бөліктерінің бірі болып саналған Шамдағы орынбасары - әмір Алауддин Айтегін бин Абдулла әл-Бундуқдар ас-Салихи ән-Наджами. Бұл бұрын Бейбарысты сыртынан сатып алған әмір еді. Бейбарыс оны қатты сыйлайтын.

Сұлтандық найбынан кейін мәртебе бойынша және маңыздылығы жағынан атабек мансабы келеді. “Атабек” - әскер басы, сұлтан найбынан кейінгі ірі қолбасшы әмірлердің басы болып саналады. Көптеген әмірлер сұлтандыққа осы мансап арқылы келген. Мысалы, әмір Айбек, Құтыз, Бейбарыстар сұлтандық тағына атабек болып жүріп қол артқан.

Сұлтан Бейбарыстың атабегі әмір Ақтай болатын. Ол Құтыздың атабегі болғанына қарамастан, сол мансапта қалуы, оның Бейбарыс алдындағы үлкен еңбегінің арқасында еді. Бейбарыстың сұлтан тағына қолы жетуіне көмектескені үшін Ақтай әскербасы мансабын сақтап қалды. Кейін Бейбарыс әмір білікті Ақтайға ертіп жүріп, одан оқып-үйренуді, соның мінез-құлқын бойына сіңіруді бұйырады. Кейін Білік Ақтайдың орнын басады.



Рас ан-науба – кезекшілік басы деп аталған мансапты төрт әмір иеленген бір мың басы, қалған үшеуі таблхана әмірлері дәрежесінде болған. Олардың басты міндеті – сұлтан мәмлүктерінен құрылған әскери мыңдықтарды басқару. Түрікше бұл сөз – “йасауыл” болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет