2. АЙТЫСТЫҢ КӨРКЕМ ТУЫНДЫҒА ТӘН БЕЛГIЛЕРI
Ақындар айтысы өзiмiздегi өзге жанрларға игi қсерiн тигiзiп қана қоймай, жазба әдебиетiмiзге елеулi ықпал жасағанын көремiз. Жалынды жырлы ақындар импровизацияның биiк шыңы - айтыс алаңына түсе жүре, оны (айтысты) өз шығармашылығында да пайдаланып отырған.
А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары қазiр де бiздiң сөз еткелi отырған көркем шығарма ретiндегi айтыстың табиғатын тануда таптырмайтын өлшемнiң ұлгiсi. Айтыстың туу, даму жолдары, тұрлерi терең ғылыми негiздемелер арқылы ажыраған. А.Байтұрсынұлының «Шығарма айтысң терминi ой қуып, сөз қуып жайдан-жай айтыла салынған сөз емес. Шығарма айтысты А.Байтұрсынұлы шын айтыс емес дейдi: «Адамның, елдiң, жұрттың басындағы келiссiз ғамалдарын, мiнездерiн айтып, көрсету халықтың қҰлқын тұзеуге зор пайдасы тиетiн дұние. Мұны байқағаннан кейiн айтыс екiншi тұрге тұсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екi ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығаратын болған. Яғни, бiр ақын, екi ақынның айтысқаны қылып, екi жағының да сөзiн өзi шығаратын болған. Сөйтiп айтыс шынайы айтыс емес, тек шығарманың тұрi болуға айналған. Адамның, елдiң, яки, бұкiл Ұлттың келiссiз iстерiн, мiнездерiн, пиғылдарын айтқысы келсе, ақындар өз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сөзi қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сөздердi соңғы кездерде екi ақынның өзiне екi адам айтысқан сияқты болып, бара-бара айтыс өлеңiнде айтылатын келiссiз iстерде, мiнездердi алаң аудандарында iстетiп, көрсететiндей болған.ң (32.408).
Әдебиетiмiздiң асқан бiлгiрi А.Байтұрсынұлының осы тұжырымында айтыстың шығарма айтысқа айналуы, оның мазмұны және шығарма айтыстың Ұлттық Дала театрынан алаң ауданында орындалуы, яғни сахналық қойылымға дайындалуын пайымдай, ой қорытады.
Шығарма айтыс әр ақынның поэтикалық шеберлiгi мен тiл байлығын, Ұйқасын, жазу стильдiк мқнерiн танытатын болған. Мұның сан алуан мазмҰндық ерекшелiктерiмен бiрге Ұйқас, тұр жағынан да конундық шарттары мол. Кезiнде ойда ұзақ қорытылып, қажеттi өңдеу, жөндеулерден өтiп отырғандықтан, Бұларда басы артық сөз, мқнсiз ұйқас, немесе орынсыз ой қайталаулар жоқтың қасы дерлiк. Соның нқтижесiнде айтыстың көркемдiк сипаттары мен өлеңдiк жатықтығы да, мазмұны мен форманың бiрлiгi де жақсы жетiлген.
Сөздi айрықша қадiрлеу мен қасиет тұту - жалпы сөз атаулыға құлшылық ету емес, сөздi жоғары сапаға, шын мқнiндегi өнер дәрежесiне жеткiзу арқылы қалыптасқан норма деуге болады. Айталық, ердiң құнын екi-ақ ауыз сөзбен тұйiп, жауласқан екi жақтың да риясыз бiтiмге келу фактiлерi, мҰндай пқтуалы сөздi ақ сақалды қария айтса да, алты жасар бала айтса да, айтушысына қарамай, айтқанына қарап алу т.т. сөзге деген ұлкен талап пен талғамның және оның қоғам өмiрiнде алатын маңызы туралы, атқарған қызметiнiң нқтижесi екенi кұмқнсiз. Жетелi сөзге тоқтау мен бағыну, сөйтiп сөздi өмiрдiң ең белсендi, ықпалды, кұштi құралына айналдыру. Әрине, жеке бiр қауымның тiлегiмен бола қалған немесе аз уақыт iшiнде өнердiң Ұзақ мерзiм бойында жалықпай, асықпай шыңдап, шынықтырған, қалыптастырған көркем ойы мен өмiр тқжiрибесiнiң ортақ дұниесi, нқтижесi.
Шығарма айтысты бiз мазмұнына қарай:
а) мысал айтыс; қ) әдет-салт айтысы; б) өңделген айтыс; в) көркем шығармадағы айтыс деп жiктедiк. Ал құрылысына қарай, әрине, тұре және сұре айтыс деп жiктеймiз. Бiрақ бiз айтыстың құрылысы туралы сөздi арнайы қозғамайтындықтан тек шығарма айтыс тұрiн талдаған кезде қосымша айтып кетiп отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |