2.1. Мысал айтыс
Айтыстың топтық тұрден жекелiк сипат алу кезеңдерiне көз жұгiрткенде, Бұл жанрдың жұрт бас қосып, көңiл көтеретiн сауықшыл мқнiнен тыс, жастардың көзқарас танымын кеңейтiп, өмiр сырларын тұсiнiп бағалауға зор септiгiн тигiзетiнiн аңғарамыз. Айтыс жанрында тқлiм-тәрбиелiк, нақылдық қасиеттерi мол ұшырасатыны - мысал айтысы.
Мысалдың шығуы жөнiнде: «Айтарын қаймығып айта алмаған, батылы барып өз сезiмiн ақтара алмаған құлдық дқуiрi едi, сондықтан кұлкi-келемеждi қарғаша етiп, олар осылай мысалдап сөйлеудi ойлап шығарды.ң (44.34).- дейдi Федор. Соңынан осы Федор пiкiрiн қолдай отыра ғалым М.Л.Гаспаров: «Мысалдардың ауызша айтылу тұрi ұзаққа созылмады. Ақсүйектер мен қара халық кұрескеде, осы арпалыста қара бұқара жеңiп шықты, сондықтан ендi кiналап, тұйреу қажетсiз болды, мысалдың жауынгер пафосi әлсiреп қалды. ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялық бағыт жаңа идеялық iзденулердi тудырды... Әрине, мысал жойылып кетпедi, бiрақ оның айтылатын орны ауысты. Халық жинасында сөйленбей, мектепке көштi, ұлкендерге айтылмай, балаларға айтылатын болды. (44.206).- дейдi.
Мысал жанрына анықтамасы жөнiнде Ө.Күмiсбаев: «мысал айтылатын өнегелi ойды тұспалдап жеткiзетiн, көбенiе өлең тұрiне келетiн, сюжеттi, шағын көшендi көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейiпкерлерi аң, құс, балық, өсiмдiк дүниесi, кейде оқиғға адам да қатыстырылады. Негiзгi сюжжетке қоса нақыл тұрiнде келетiн тұйiндемесi де болады. Кейiпкерлердi сөйлестiру - диалог тәсiлi жиi қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тiлi қарапайым келедi. Жанр жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысал ысқақ үлгiсiне ауысады» (45.236.) - дейдi. Мысал жанры әдебиетте дидактикалық мазмұндылығымен уағыздық сипатымен өзгешеленедi. «Жанр - нақты тарихи түр» (35.299)- деп, әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов айтқандай, тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердiң де кез-келген жанр бiржола жоғалып кетпейдi, тарихи объективтi жағдайға байланысты белгiлi бiр кезектi әдеби процесте кейiн шегiнуi мұмкiн. Бұрын боған кейбiр жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, жанрлық жағы (М.Бақтин) қайта оянып, соның негiзiнде қлгi жанр тұрленiп, қдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлдық дқуiрдi басынан өткерiп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Мысал жанрын қай дқуiрдегi тұрiн алып қарамасақ та, өзiнiң негiзгi сипаттары дидактикалық, уағыздық, тұспалдау арқылы да келедi. Ал кейiпкерлерi - хайуанаттар, құс, өқсiмдiк. т.б.
Мысал жанры - көне жанрларға жатады. Сол себептен де мысалға синкретизм сипаты, яғни жанрлық тоғысу процесi тқн. Мысал сюжетте өлең түрiнде де, шағын проза тұрiнде де, әртүрлі өнер салаларында да келе бередi. Мысалдың айтыс тұрiнде немесе айтыстың масыл тұрiнде берiлуi көркем әдебиет үшiн жаңалың емес. Өйткенi, мысал айтыстың алғашқы негiзiнiң түп тамыры Х ғасырдағы М.Қашқаридiң «Диуани лұғат ат түрiк еңбегiндегi жаз бен қыс айтысынан таралады. Әрине айтыстың қалыптасу орнығу кезең бұдан әрi тереңге тартса керек, себебi айтыс дәстүрiнiң қалыптасу тәжiрибесiне қарағанда, осындай мысал үлгiсiндегi туындылардың айтыс жанрының әбден кемелiне келген тұста ерекше қарқынмен дамитытын көрсетедi.
Мысал жанры мен айтыс жанрының ортақ, ұндесетiн қасиеттерi де бар. Олар - кезектесiп, жауаптасып тiл алысу, ащы қажу, көркем шындық. Шындық бейнелеу - әр жанр табиғатына тқн, қйтседе оның берiлу тқсiлi әр алуан. мысал жанрында шындық өнегелi оймен, тұспалмен берiледi, ал айтысқа келгенде айтып кеткен ойымызға қарама -қарсы шыққандай да боламыз. Айьтыста шындық көбiнесе тура сын, өткiр дқлел, нақты жауаптармен берiледi. Алайа, ал дәстүрлi ақындар айтысында да мысалдар жауаптасу, өлең айту дәстүрi бар. Мәселен, Шөже мен Балта айтысындағы Шөженiң Құнанбай «Бұл тақылдаған соқырың кiм?- деген сұраған жауабы:
Кем -кетiк жиналыпты таз бен соқыр,
Әрқайсысы өз құлқынын көздеп отыр.
Болғанда сiздер - дәрия, бiздер -қарға,
Қарға байғұс дәрияның бетiн шоқыр! (2.90-91).
Айтыста мысалды қолдануда адам өмiрi жайындағы оқиғалар тұгелдей табиғат құбылысы мен жан-жануарлар дұниесiне ауыстырылып, тұспал меңзеу арқылы қарсыластың ойын жоққа шығару, сөйлетiп өз пiкiрiн дәлелдеу мақсаты көзделедi.
Осындай ұлгiдегi сөздер өмiрлiк дайын қағидаға жақын тұрғандықтан, көбiнесе ақыл, нақыл, насихаттық сипат алып отырады. Алдымен өмiрлiк мәнi ұшталған мына бiр жолдарға назар аударып көрелiк:
Соқырға жарық бiрдей қараңғымен...
(«Ажар мен Уахит»)
Дұние қызыл тұлкi алдаулатар,
Тайсалмай тiршiлiкте қыран боп шал...
(«Құлтума, Ерсейiл, Ырысбай»)
Атқаным сiлеусiн деп сусар болды...
(«Әжек пен Шәрiпжамал»)
Шолпанның жҰлдыз аты жасырыбас,
Жалтырап жаңа туса ай дегенмен.
(«Мансұр мен Дәме»)
Қасқыр болса қой жейтiн анық сырттан,
Арлансып өз ойында жұрге шығар...
(«Әсет пен Ырысжан»)
Адамға инабатты жемiс бергiш
Алма ағашы көп ағаштан биiк болмас...
(«Молда мұса мен Манат қыз»)
Айтыста мысал үлгiсiн қолданудың да сан қилы жолдары бар. Мұның бiрiнде ақын қысқа қайырып, жұртқа мқлiм аңызды оқиғаның атын атаумен ғана шектелсе, ендi бiрде соның мән-жайын ұзын сүре желiлi хикаяға айналдырып жалғастыра толғайды. Осы дәстүрдi бiз де жалғастыра дамытушалырдың бәрi дерлiк шығыс әдебиетiн үлгi тұтып, айтыста жазып айтысу салтын ұстанған ғұлама ақындар едi. Бұлар өз айтыстарында қйгiлi «мың бiр түн», «Калил мен Димна», «Қисса сул Әнбия» тағы басқа дiни аңыздардан бiр желiлi оқиғаны кейде ұзiп, кейде тұтас келтiру арқылы өз ойының дұрыстығын дқлелдеудi мақсат етiп отырады. Бұл жайт айтыстағы пiрiк таласының талап, деңгейiн айқындаумен қатар айтысушы ақындардың шеберлiк, бiлiм дәрежесiн де аңғартатын болған. Айталық, молда Мұса :
Мана қыз, назарың сал, мына хатқы,
Кедейге жұпты болған Дұтариша.
Малы жоқ патша қызын Көрбан алған,
Тиерсiң мендей шалға жазша құда,- деп өзiнiң кедейлiгi мен шалдығына да амал таппақ болады. манатқа хикаядағы Көрбанға тиген патша қызын мысал етiп ұсынса, Кетежүсiп әйелi Күзенге ертегiдегi айтылатын долы қатынның мұшкiл халiн баяндау арқылы өз ойын тиянақтап:
Егестiң бiреуi - бақ, бiреуi - дақ,
Мысалы мияссарлы мiнезiң бар.
Құдыққа көкқұтандай кеткен құлап, - дейдi. Ал қиелi Күзен бұған қарсы:
Қолдағы алтынның қадiрi жоқ,
Әйелiнен айрылып сан соғып қалған сондағы ақымақ уәзiр оқиғасын көлденең тартып, өз пiкiрiнiң дұрыстығын дәлелдемек болады.
Суырып салма дәстүрiндегi ақындар айтысында мұндай -жазба айтыстағыдай, мысал үлгiсiн пайдалану өте сирек. Бұларда, көбiнесе ел iшiнде кең тараған мысалдың ұлгiсiн алып, тұжырып айту кең өрiс алған. Осыған орай ақындар өзiне тиiмдi мысалды аз сөзбен тұйiп беру үшiн, әр алуан айла-тқсiл қолданып отырады. Бiзде неге екенi белгiсiз, қол жетпес биiктегi етi көрiп сасық деген мысық бейнесiн ұлгi етiп ұсыну жиi ұшырайды. Әртүрлі сипатта айтылғанмен, бiр мазмұнға қызмет ететiн Бұл үлгiлердiң бiр алуаны мынадай:
Ет сасып аспандағы кеттi деген,
Мысықтың жете алмаған кебi шығар.
(«Қадиша мен Ысқақ)
ШҰжыққа аспандағы аузы жетпей
Жұретiн етке өкпелеп, еркек мысық.
(«Бұралқы мен Орал қыз)
Жете алмай мысық жерде айтқан екен,
Сасық деп жайған еттi шаңырақтағы.
(« Мансұр мен Дәме)
Карны ашқан қырсығы бар еркек мысық
Сасық дер аузы жетпей майдан жерiп.
(«Бiржан мен Сара)
Сонымен шындық та айтыс жанрында тұспалдап, бейнеленiп берiледi екен. Мысал ұлгiсiнiң айтыс дәстүрiнде қолданылатынын бiрнеше мысалдармен берiп өттiк. Мысал жанры мен айтыс екеуiнiң табиғатында өзара ұндес, сияса дататын қасиеттерi баршылық. Айтыстық жанрлық түрi есебiнде мысал айтысының тууы да осыны байқатқандай. Әйтсе де айтыс жанры өзге жанрлардан қайталанбас өзгешелегiмен дараланады.
«Жанр - даму үстiндегi ұғым. Әрбiр тарихи дәуiр әртүрлі жанрдың түп негiзiн сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшелiктерiн енгiзедi... Жанрлық дамудың өзi - тiрi процесс. Жанрлар туады. өседi. өзгередi. Жоғалады. Жаңадан пайда болады... Бұл да әр әдебиеттiң тарихи жанрлық табиғи өзгерiске, тұрн-ленуiне ұшырауы әбден мұмкiн. Бұл пiкiрдi айтыстағы мысал айтыстың, қдет-салт, көркем шығармадағы айтыстың тууына, қалыптасуына, дамуына дәл берiлген анықтама деп қабылдауға болады. Ғалым А. Байтұрсынұлының бiз бiрнеше рет келтiрген мына бiр пiкiрi: «Адамның -, елдiң, жұрттың басындағы келiссiз ғамалдарын, мiнездерiн айтып-көрсету халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетiн дұние. Мұны байқағаннан кейiн айтыс екiншi түрге түсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екi ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығаратын болған. Яғни, бiр ақын, екi ақынның айтысқаны қылып, екi жағының да сөзiн өзi шығаратын болған. Сөйтiп айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрi болуға айналған. Адамның, елдiң яки, бұкiл ұлттың келiссiз iстерiн, мiнездерiн, пиғылдарын айтқысы келсе, ақын да өз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сөзi қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сөздердi соңғы кездерде екi ақынның өзiне екi адам айтысқан сияқты болып, бара-бара айтыс өлеңiнде айтылатын келiссiз iстерде, мiнездердi алаң ауданда iстетiп, көрсететiндей болған» (32.408) - мысал айтыс табиғатын ашуда бағалы пiкiр болар деп пайымдаймыз. Бұл жерде, әрине, Ө.Күмiсбаевтың : «Мысал айтылатын өнегелi ойды тұспалдап жеткiзетiн, көбiне өлеңi тұрiнде келетiн сюжеттi шағын көшендi кәркем шығарма. Мысалдың тақыбыры сан алуан, кейiпкерлерi аң, құс, т.б. Жанр жағынан ғибратты уағыздық. (45.236). - деген мысал жанрына берген анықтамасы А. Байтұрсынұлының айтқан ойымен шектесуi де мысал айтыс табиғатын ашуда талай нәрсенi аңғартады.
Мысал айтыс - өмiрдегi көлеңкелi тұстарды, қоғамдағы бұркемеленген жағдайларды тұспалдай отыра, ашып, ащырақ қып жеткiзетiн екi немесе ұш объектiнiң арасындағы дау-тартыс немесе айтыс.
Мысал айтыс мазмұнына қарай:
а) ғибрат iстi уағыздаушы «Көкқұтан мен шымшық», «Сұлу бике мен Зейнеп», «Шапиғ пен Жаппар», «Ыдырыс пен Тайлақ», «Салпық пен Аты», «Әшiм мен Ақтұсақ»,
қ) Адалдыққа , еңбекке шақыру «Бай мен бәйбiiше», «Бай мен қойшы», «Еңбекшi мен жалқау», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Бабақбай мен қасқыр», «Шашубай мен қасқыр», «Ат пен трактор»
б) Зұлымдыққа қарсы «Тоқты мен қасқыр», «Қасқыр мен қой», «Қарашекпен мен қасқыр», «Бабас пен қасқыр»,
Мысал айтыс үлгiлерiне қарай отыра, олардың қатысқан кейiпкерлерiне байланысты:
а) хайуанаттар немесе дерексiз затардыі өзара айтысы «Көкқұтан мен шымшық», «Тоқты мен қасқыр», «Төрт түлiк», «Ат пен трактор», «Қасқыр мен қой»
қ) адам мен аң, мал, зат: «Қарашекпен мен қасқыр», «Жұманазар мен домбыра», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Ыбырыс пен Тайлақ», «Торайығыр мен Телпекбай»
б) адамдар арасындағы айтыс «Шапиғ пен Жаппар», «Гұлсым мен Бопан», «Сұлубике мен Зейнеп», «Есмахан мен Оразгұл», «Бай мен бәйбiше», «Бай мен қойшы», «Еңбекшi мен жалқау»
Мысал айтыстың алғашқы үлгiлерiнен әдебиеттанушы ғалым Мұхаметрақым Жармұхаметұлы ХI ғасыр ғалымы М.Қашқари еңбегiндегi қыс пен жаз айтысын, А.Яссауи жинағындағы Жұмақ пен дозақ айтысын, Жүсiп Баласағұн дастанындағы бастан аяқ сұрақ-жауап түрiнде келетiн талас-тартысты үлгiлердi жатқызады. (7.)
Бұл кезеңдi мысал айтыстың даму тарихына көз тастасақ, үлгiнiң алғашқы негiздерi дамыған дәуiрге жатқызамыз. Осы ретте жаңа айтып өткен мысал айтыс үлгiлерiмен қоса, С.Бақырғанидың рух пен нқпсi қағысуы, өжмақ пен тамұқ айтысын да қарастырамыз.
Екiншi бөлiмде айтыс үлгiлерiнiң бiзге ең көп жеткен ХIХ ғасырдағы мысал айтыс үлгiлерiн қарастырамыз. Бұл ара қашықтығы бiрталай кезеңдерде айтыс сонымен берге мысал айтыс болған, жасағаны даусыз. Алайда сол кезеңдердi айғақтайтын үлгiлер қолымызда жоқтың қасы. Аталмыш ғасыр мысал айтыс үлгiлерiне: «Қарашекпен мен қасқыр», «Көкқұтан мен шымшық, «Жұманазар мен домбыра, «Тоқты мен қасқыр», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Бабахбай мен қасқыр», «Салпық пен ат», «Ыбырыс пен Тайлақ», «Машхүр Жүсiптiң Шабда атпен айтысын» жатқызамыз.
ХХ ғасыр халық ақындарының мысал айтыс үлгiлерi. Бұл кезеңде бiз Кеңес ұкiметiнiң ұстiмдiк құрған мерзiмiндегi мысал айтыстың дамуын қарастырамыз. Айтыс өнерi Кеңес өкiметi дәуiрiнде өмiр талабына сәйкес мазмұны жағынан өзгерiп, басқаша сипат алды. Халық бойындағы сарқылмас өнердiң жаңа қоғам талабына лайықты жаңа сипатпен дауына коммунистiк партия мен Кеңес үкiметi бағыт берiп, оны өзiнiң үгiт-насихат iсiне орынды пайдалана бiлдi. өмiрдiң өзгеруiне сәйкес айтыстық жанрлық табиғаты да тұгел жаңғырды. айтыс ендi бұрынғыдай рушылдық мәнiнен айрылып, жаңа мазмұнға коллективтiк өмiрдi бейнелеу мақсатына қызмет етуге бет бұрды. Осы топқа «Бай мен бәйбiше», «Есмахан мен Оразгұл», «Торы айғыр мен Телпекбай», «Әшiм пен ақ тұсақ», «Төрт түлiк», «Шашубау мен қасқыр», «Саядiл мен қиелi және қыз», « Қасқыр мен қой», «Колхоз председателi мен ат», «Бригадир мен түйе» сияқты мысқыл мен әжуаға толы ғибратты мысал айтыс үлгiлерiн жатқызамыз.
ХХ ғасыр тарлан ақындарының мысал айтыс үлгiлерi. Бұл үлгiлердi алдыңғы 3 бөлiмге жатқызбаған себебiмiз, осы бөлiмде қарастырылатын ақындарды халық ақындары қатарына жатпайды деген тұжырымымыз емес. 3 бөлiмде қарастырылатын мысал айтыс ұлгiсiн шығарған ақындар әдебиетiмiзде аса маңызды орын алмаған халық арасында бiрдi-екiлi шығармаларымен тараған. Ал осы бөлiмде талданатын мысал айтыс үлгiлерiн шығарушы ақындар төл әдебиетiмiздiң бiрегей таланттары, соңына мол мұра қалдырған саңылақтар. Олардың мысал айтыс үлгiлерiне Ш.Құдайбердiұлы «Жайлаубайдың баласымен айтысқаны», I.Жансүгiров «Бай мен бәйбiше айтысы», Шәкiр Әбенұлы «Сары май мен солдат айтысы», Б.Майлин «Көкшолақ пен Құрымбайдың айтысқаны», А.Тоқмағанбетов «Атпен айтыс», М.Дулатов «Қарақұс һәм адам», Д.Әбiлов «Айтыс», С.Дөнентаев «Жан мен тән, Ә.Тәжiбаев «Айтыс», Ж.Молдағалиев «Сейдахмет пен Мұсаның айтысы», «Жiгiт пен қыз айтысы», Л.Ыбырайұлы «Әзiл айтыс».
Айтыстың түркi тектес халықтарда кең етек жайып, ел өмiрiмен бiте қайнасуының көрiнiсiн ертедегi жазба туындылардан көремiз. Бұған дәлел ретiнде М.Қашқаридiң «Диуани Лұғат ат түрiк атты кiтабындағы «қыс пен жаздың айтысын атай аламыз. - қазiргi тұркi халықтарының бәрне ортақ мұра. М.Қашқари еңбегi тек түрiкше, арабша түсiндiрме сөздiк қана емес, сонымен бiрге, ол түркi тiлдерiн, әдебиетiн зерттеуде теңдесi жоқ ғылыми еңбек. Бiз үшiн ең маңыздысы - автор түсiндiрме сөздiкте ежелгi ауыз әдебиетi үлгiлерiмен, өзi өмiр сұрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар - түрлі тақырыптағы өлең-жырлар, ертегi-аңыздар, мақал-мқтелдер, қанатты сөздер т.б. көркем сөз үлгiлерiн енгiзген.
Сөйтiп ерте кездегi халқымыздың өмiрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн, еңбегiн, сана-сезiмiн бейнелейтiн ауыз әдебиетiнiң ғажап үлгiлерi. Соның iшiнде айтыс өнерiнiң тамаша туындысы бiзге М.Қашқаридiң еңбегi арқылы жеттi. Әрине, еңбектегi өлең-жырлардың қайсысы қай кезде жазылғанын дқлме-дқл анықтап бiлу қиын. Әйтсе де сол қдеби шығармалардан алынған шағын ұзiндiлердiң мазмұнына, тiлi мен жазу стилiне қарап, қай дәуiрдiң әдеби туындылары екенiн шамалап айтуға болады. Мұндай көне жырларда мақал-мәтелдердi түркi тайпаларының өте ерте замандағы өмiрi, алғашқы қауымдағы адамдардың тұрмыс-тiршiлiгi, олардың көк тқңiрiсi мен кұнге табынуы, табиғат құбылыстарының зәресi қалмау қорқуы бейнеленедi.
Алғашқы қауымдағы адамдардың мейiлiнше қарапайым тұрмыс-тiршiлiгiнен туған мұндай ауыз әдебиетi үлгiлерiнде ислам дiнi қағидаларының ешқандай көрiнiсi, белгiсi жоқ деуге болады. өйткенi Бұл әлi түркi тектес халықтар арасында ислам дiнiнiң тарай қоймаған кезi едi. Мұндай шығармалара М.Қашқари дәуiрiнен талай-талай ғасырлар бұрын туындап кейiнiрек ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, ауызша сақталып келгенiне ешқандай кұман жоқ. «Бiр қызығы Қашқаридiң ХI ғасырдың 70-жылдары жазылған Бұл шығармасы IY-Y ғасырларға жататын Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге қағанға бацланысты ескерткiштер оқиғасын қайталайды. ұалымдардың Диуан мқтiнiндегi кейбiр өлеңдер исламға дейiн жазылған деген қорытынды жасауына сепбеп болған да осы жқйттер ме екен деген ойға кетемiз. Мұның өзi тұптеп келгенде тұркiлер поэзиясының ғасырлар өткенмен желiсiнiң ұзiлмей, бiр бiрiмен жалғасып жатқанын, өсу,толысу ұстiнде екенiн дқлелдесе керек.ң (46,114)- деген пiкiр айтады ғалым Дербесқлиев «Шыңырау Бұлақтар» атты еңбегiнде. Зерттеушiнiң аталған еңбегi көне түркi ескерткiштерi -соның iшiнде М.Қашқаридiң кiтабы туралы зерттеулерi аса бағалы құнды еңбек дей аламыз.
М.Қашқари еңбегiн халқымыздың әдебиетiнiң алғашқы негiздерi деуге әдебиеттанушы Б.Ысқақовтың: «Жырау поэзиясында кездесетiн 7-8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең ұлгiлерi тек 1 ғасырдың ғана жемiсi емес, көне заманның эпостық жырларына тән қасиет. Буын саны бұзылған өлең шумақтары қазақ жырларында (Шалгез), батырлық жырларда (Ер тарғын) өте сирек кездеседi. Төркiнi әрiден келе жатқан қара өлең жыр ұлгiлерiн қалыптасқан қазақ халық поэиязысының өзiне тәр ерекшелiгi деп тұсiнуi керек. Мұның кейбiр ұлгiлерi Қорқыт ата кiтабында да, Баласағұнның «Құтты бiлiк дастанында да, М.Қашқари еңбегiнде де, Асан Қайғы толғауларында да кездеседi. Бiр тамаша жерi И-Диуанда екi тармақты егiз Ұйқас көбiрек сақталған, қара өлең тұрi сирек ұшырасады» (47.145) - деген пайымы бiздiң айтыстың арғы тегi әрiден бастау ойымызға қуат берелiктей.
Еңбектегi «Жаз бен қыстың айтысың жанр ретiнде айтыстың ертеден дамығандығын көрсетуiмен бiрге, терең мазмұндылығымен, қсерлiлiгiмен көз тартады. Мұнда қыс пен жаздың ерекшелiктерi, тiршiлiкке қолайсыздығы туралы халықтық көзқарас айқын танылады. Бұл айтыстан байқалар бiр жай, ертедегi адамдар табиғаттың талай құпия сырларының бiрi - қыс пен жаздың келуiн өзiнше қабылдап, өзiнше сезiнген. Қылышын сүйреткен қыс келсе, халық қырғын жұт келедi деп қорқып, үрейленген де, көктем я жаз шықса, қуаныш, шаттыққа бөленген. Соның нәтижесiнде халық қыс пен жазды бiр-бiрiне қарама-қарсы қойып, бiрiнен-бiрiнiң артықшылығын айтып, айтыстырған. Қыстың да, жаздың да қасиетi тұптеп келгенде қоғам, ел өмiрiне қаншалықты пайдалылығымен өлшенедi. Қыс қарымен жерге, өнiмге ылғал беретiндiгiмен (Қар далаға кұш себер, жаз байлығын қыс берер) мақтанса, жаз одан көп артықшылығын дқлелдейдi. Айтыста бiр-бiрiне қарама-қарсы мқндегi қыс пен жаз өз бойындағы артықшылық қасиеттерiн көтере дәрiптеп, қарсыласының мiн- кемшiлiктерiн тiзбелеп сынайды. өзiн асқақ ұстап, әрiптесiн тұқырта сөйлеуi жағынан Бұлар бiздегi дәстүрлi айтысқа көп ұқсас. Автор от пен судай қарсы мәндес табиғаттың екi мерзiмiн бетпе-бет жұздестiрiп, Бұл екеуiнiң талас-тартысын бәселекестiре сипаттауда ұлкен шеберлiк танытады:
Қыс Иай билан тоқушты,
Қыңыр көзум бақышты.
Тутушқалы яқышты,
Утғалымат оғашур,
(токушты - тартысты, бақышты - бағып қарады, тутушқалы - жағаласты, яқышты - от жақты, утғалымат - жұтысты) (48.60).
Айтысты алғаш қыс бастап, өзiн аспанға көтере дәрiптеп сөйлейдi:
Ауруды емдедiм,
Қуаттатан ерлерiм.
Тұлпарларды жемдедiм,
Кұш беремiн тқнге де.
Ауру-сырқау тынады,
Дұшпандар да бұғады. - дей келiп, айтысқа тқн ұлгiмен жазға сын тағып, былай дейдi:
Сен келiп ең қлденiп,
Бәрi бiрдей әрленiп
Шыға келер секiрiп.
Жылан уы жетiлiп,
Бұйе жұрер тайраңдап,
Шыбын-шiркей жайраңдап.
Жау да қыста тынады,
Жазда ғана құлағы
Ербеңдейдi, тұрады.
Жаз бұған қарсы қыстың адам мен малға, таюиғатқа деген ызғар суығын, бұрсең қаққан көңiлсiз тiршiлiгiн айтып, өзiнiң өмiрге нәр, қуат, жаңа серпiлiс алып келетiнiн бiлдiрiп:
Айдың нұры төгiлдi,
Жұлдыздар да өрiлдi.
Ақша Бұлттар көрiндi,
Шапқылады Бұлақтар.
Қара кепкенн сайларды
Жасыл көлге айналды.
Жер жасарып жайланды,
Лебi естi өмiрдiң! (49.28).
Мұнда тұз тағылары мен қатар мал жануарлардың қимыл әрекеттерi жарасымда сын-сипаттары да табиғи тұнған кұйiнде көз алдыңа келедi. Ақыры жаз жеңiп, қыс жеңiледi. Сөйтiп М.Қашқари сөздiгiндегi бiрi-бiрi жҰтыспақ болған қыс пен жаз да айтыс ұстiндегi қарсыластардың көздеген мұддесiмен өлiспей берiлмес iс-әрекеттерiн айқын ашып белгiлейдi. Бел шешiп майданға шыққан соң, артқа шегiнуге жол жоқ. Осы тұста қйгiлi ғалым А.Байтұрсынұлы айтыс табиғатын ашатын мына сөзiн еске сала кеткен жөн сияқты: «Айтысқанда, екi кұрескен палуандар секiлдi, бiрiн-бiрi аңдиды, бiрiн-бiрi бағады. Күрескендегi бiрiн-бiрi жығу ұшiн iстейтiн қдiс-амалдарды, тқсiлдердi мұнда да iстейдi. Айтыс өлеңдi сөз болғандықтан, оған ақындық керек. Ақындықтың ұстiне әдiс керек. Күрескенде күшке әдiс серiк болуы сияқты айтысқанда да ақындыққа әдiс серiк болады. Әдiсi жоқ бәдiк ақынды әдiстi анау-мынау ақын жеңiп кетуi мұмкiн. (32.408).
Қара өлең табиғатын зерттеушi Б.Уахатов «жаз бен қыс» айтысынң ойын-сауықта орындалатын қсiресе, Наурыз мейрамы қарсаңында айтылатын айтыс дейдi: «Сөйтiп, М.Қашқаридiң сөздiгiндегi Бұл өлеңдердiң баршасы ойын-сауық үстiнде туғандығы оның мазмұнына да, сұрау-жауап ретiнде берiлген айтыс формасынан да көрiнiп тұр. Түннiң қысқарып, күннiң ұзаруын - жаздың жеңiп, қыстың жеңiлуi деп түсiнген халық. Бұл күндi мереке, той-думанға айналдырған. Кейiн оны түркi тұқымдас халықтар өлыс деп, ал иран, парсылықтар - Наурыз деп атап кеткен.ң (50.122). Айтыстың дұниенiң молшыққа кенелгенiн айту мен аяқталуы рационалистiк және гуманистiк идеяның ақынның үндегенін көрсетедi. Сонымен, М.Қашқаридiң «Қас пен жаз» айтысы атты туындысы өзiнiң мазмұны жағынан дәстүрлi айтыс iспеттес болып келсе де, құрылысы мен түрi жағынан мысал айтысқа көп ұқсас. Бұған қарағанда, айтыс сол кездiң өзiнде-ақ халықтың тұрмыс-тiршiлiгiмен кәсiбiне орай бiршама өркен жайып кең қолданыста болғанға ұқсайды. Бұған Ж.Баласағұнның «Құтты бiлiк дастанындағы сұрақ-жауап түрiндегi келетiн тартысты үлгiлер де айғақ бола алады. Бұл дастанда көтерiлген басты мқселе шығарма каїармандарының басынан өткiзген оқиғаларында емес, сол каһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет - уағыздары мен ғибрат сөздерiнде, сұрақ-жауаптарында жатыр. Автор дастанда Кұнтуды Елiк, Айтолды, Оғдұлмiш, Оғдұрмiш арасындағы өмiр, қоғам, табиғат , ондағы жақсылық пен жамандық тәрiздi мәндi аса дiлгер мқселелер төңiрегiнде пiкiр таластырып, ой жарыстыру арқылы шындыққа көз жеткiзудi мақсат тұтады. Айталық, әдiлдiк иесi Күнтуды Елiк пен дәулет иесi Айтолдының ақыл иесi оғдұлмiш пен қанағат иесi оғдұрмiштiң аарасында болған сан алуан талас тартыста қдiлдiк, байлық, бақыт, ел басқару, адамгершiлiк мқселелерiн қамтиды. (51.161). Жалпы өмiрдiң пқлсапалық сыр-сипатары ашылып, сарапталады. Осындай мқнi зор сұрақ-жауап үлгiсiндегi диалогтарда әзiрбайжанның ұлы ақыны Низами Ганжауи да кеңiнен пайдаланған. Ол өзiнiң Хысырау шырын дастанында Хысырау мен Фархат арасындағы талас-тартысты диалогта адам характерiн ашуды шебер ұштастырды, мұны түрiк тiлiне аударған Құтып та орнымен түрленте қолданады. Авторлық мүддеге сәйкес сол кезде кең тараған дәстүр - айтыс ұлгiсiн пайдалану А.Яссауидiң Диуани Хикметiнде де бар. А.Қожа Ахмет Яссауи - түркi тiлдес халықтардың ортағасырдағы аса көрнектi ақыны. Есiмi ислам әлемiне танымал болған, ойшыл, қайраткерi. Ол мұсылман қауымының дәстүрлi қағидаралын жырлаған сопылық қдебиеттiң тұркi халықтары арасындағы мейiлiнше танымал iрi өкiлдерiнiң бiрi болды. Құдайға құлшылық ету мен имандылық мқселесiнiң сан алуан жолдарын ол өзiнiң Диуани Хикметiнде тұңғыш рет түрiк тiлiнде өлең жолдарымен жырлап, халыққа тұсiнiктi болу мақсатына орай бiзде кең тараған айтыс ұлгiсiн шебер қолданған. Бейiш пен дозақты айтыстыру арқылы ақын Бұлардың iшкi сырын ашып-айғақтап бердi. Мұнда ол iзгi нұрлы дiн долымен қараңғы дiнсiздiктi бiр-бiрiне қарама-қарсықойып, пiкiр таласына салады. Сол арқылы құдай-жолының артықшылығы мен имансыздықты өзара салыстыра, салғастыра сипаттайды. Екеуiнiң қайсысының қайырымды, тиiмдi екенiн ашып берудi мақсат тұтады. Осы талапқа сәйкес ол дозақты өз атынан сынамай, оның өзiн өзi әшкерелеп, қигiлеуiне зер салды. Мәселен, ол бiр кезекте:
Мен артық: залым, құлдар менде бар,
Залымдарға беруге зар менен у да бар.
Мен артық: алаяқтар менде бар,
Алаяқтар мойнымда, оттан ескен кiсен бар.
Мен артық: бейнамаздар менде бар,
Бейнамаздар мойынымда жылан менен шаян бар, -десе, өз кезегiнде бейiш:
Мен артық: ғалым, құлдар менде бар,
ғалымдардың көңiлiнде аят, хадис, құран бар.
Мен артық: сопы-құлдар менде бар.
Сопылардың көңiлiнде зiкiр, пiкiр, сұпхан бар.
Мен артық: дидар көрмек менде бар,
Дидар көрсетуге рахим атты рахман бар. (52.103) - дейдi. Бұған қарсы дау айтуға уәжi жоқ дозақ орнынан тұрып, бейiштiiң қолынан алып, жеңiлгенiн толық мойындайды. Осы ерте кездердегi мысал айтыс ұлгiлерiне тқн сипат - екi қарама-қарсы ұғымдарды айтыстыру болып келедi. Оның бiрi жағымды тұрде, екiншiсi - керiсiнше болды. Мәселен, өзiмiз талдап кеткен «Жаз бен қыс», «Бейiш пен тозақ» ұғымдарын алайықшы. Бiрi - от, екiншiсi - су, ендi бiрi - нұрлы кілем, екiншiсi - қараңғы қапас екенiн толық ашып дқледегендей, Бұл айтыстар адамдарды жамандықтан жирендiрiп, жақсылыққа Ұмтылуға, пайдалы мен пайдасызды айыра бiлуге көмек болып, септiгiн тигiздi беп бағалаймыз. Осындай сипаттағы айтыс үлгiсiн пайдалану А.Яссауидiң шқкiртi С.Бақырғанидiң өлең-жырларында да бар. С.Бақырғани, М.Қашқари, А.Яссауи дәстүрiн жалғастырып, өлең-жырларында айтыс ұлгiлерiн кiргiзген. Ақынның «Жұмақ пен тамұқ», «Рух пен нәпсi қағысуы» деген өлеңдерiн қарастырып көрейiк. «Жұмақ пен тамұқ» айтысында сөздi бiрiншi бастаған тамұқ: «Дұниеде мен баймын, менде ферғауын, хамун бар», - дейдi. Сонда жұмақ: «Сен баймын деп мақтан ба, менде Жүсiп хан бар» - деп жауап бередi. Iнжiл мен құран-кәрiмде ежелгi мысыр патшасы Ферғауын хамун жағымсыз кеiпкер түрiнде кездеседi. (53.42-43-363). Бұл жаман атақ халық арасында әр мұсаға бiр ферғауын деген қанатты сөздiң шығуына себепкер болды. Жүсiп ханының мұсылман, христиан арасында жақсы атқа ие болып, ақындарға шабыт келген ұнамды образ ретiнде саналады. (54-274-300). Келесi сөзiнде тамұқ өзiнiң сараң, күншiл адамдарға қожа екендiгiн баса айтады. Дiн адамдары мен дәруiштердi азғырар шараптың бастау алар Бұлағы жамандықтың кенiшi ретiнде атап өтедi. Тамұқтың бұл сөзiне ұжмақ жауап ретiнде: «Менде Мұхамбет пайғамбар бар. Ол аз десең, Омар Оспан Әбубәкiр Әли бар»- деп тоқтатады. Оқиға өрiсi әрмен қарай шиеленiсе келе, дәстүрлi ақындар айтысындай мына жолдармен тәмамдалады:
Тамұқ айтар, тағымда тұрса жамұт Мұғ (55) менде,
Әр залiмнiң жерiнде 90 түрлі шаян бар.
өжмақ айтар сенде жоқ, маған келсе, өлiм жоқ.
Жұз мың түрлі түстi сыйлық бар.
Тамұқ мұңлы жүзбен жұмаққа келдi, кешiрiм сұрады. (56).
Рух пен нәпсi қағысуы iшкi мазмұны, құрылысы, мақсаты тұрғысынан аталған айтысқа ұқсас, сондықтан Бұл айтыс ұлгiлерiн бiр-бiрiне жалғасып жатқан цикл ретiнде қарастырса болады. Ақын айынша, адам жанын азғырып, байлыққа, дұниеқұмарлыққа тартатын нқпсi мен жақсылық, iзгiлiк иесi атанған рух арасында мәңгiлiк күрес жүредi. Қай жағы басым келсе, адам жанын ақ немесе қараға бөлiп, келесi сатыға ұжмақ пен тамұққа алып ұшады. Ақын мейiрбандық, iзгiлiк өзiн тек алла жолына арнағандардан келедi деп сенедi. Сондақтын рух пен нәпсi айтысынан көз алдымызға намаз оқып, алладан қорыққан қасиеттi рух портретiн көремiз.
Нәпсiм айтар:
Бұл бес кұндiк тiршiлiкте
Дұниеде гұлденген бақ құрайын дер.
Ол бақтарға ақырын аяқ басып,
Жазды ылғи жемiсiмен дәм татайын дер.
Рухым айтар:
Шариат iлiмiн бiлiп,
Бiлiммен тарихқаттың жолын қуып.
Таң сәрiде тұруды әдет қылып
Он бес жастан намазымды өтеуiн дер. (56).
Ақын өлеңдерi көлемi жағынан шағындай болғанымен айтыс өлеңдерiне тқн қасиеттердi бойына жинақтай берген. Айтыс жанры дуальдiк сипатқа ие болғандықтан, негiзiнде ақ пен қараның, яғни жақсылық пен жамандықтың аласып-тартысуы жатады. ұасырлар қойнауына ұңiлiп, уақыт дөңгелегiн керi айналдырған сайын бiз осы негiзге жақындай тұсетiндiгiмiздi қыс пен жаздың, тозақ пен пейiштiң, ұжмақ пен тамұқтың, рух пен нқпсiнiң айтыстарынан көремiз. Орта ғасыр жазбы ескерткiштерiнде сақталған осы айтыс ұлгiлерiнде ақындар бiр-бiрiне қарама-қайшы ұғымдарды айтыстыра отырып, екеуiнiң мқнiн, барлық қадiр-қасиетiн тереңнен ашып көрсетуге тырысқан. Сонымен жоғарыда аталған мысал айтыс ұлгiлерi тұркi тектес халықтарға ортақ жазба қдебиетiмiзге айтыстың ерте кезден-ақ ел-жұртпен сiңiстi болып, бiрге жасап келе жатқан көне жанр екенiн аңғартады. Қазақ халық әдебиетiнiң қалыптасу тәжiрибесiне қарағанда бiздегi осындай мысал айтыс үлгiсiндегi туындылардың айтыс жанрының қбден кемелiне келген тұста ерекше қарқынмен дамитынын көрсетедi. Бұған қарағанда, айтыс өнерi жоғарыда аталған шығармалар туған заманда да ел өмiрiнен елеулi орын алғанға ұқсайды.
Сондай-ақ бiзде «Ажал мен жанның айтысы» (57), «Көңiл мен дененiң айтысы»(58), «Көңiл мен тентек айтысы» (59) деген айтыстар бар. Бұл айтыстар қай ғасыр туындысы екендiгi туралы дерек жоқ. Әйтсе де осы айтыс ұлгiлерi талданып кеткен мысал айтыс үлгiлерiмен өзара сабақтас, тамырлас болып келедi. Бұған қарап бiз келесi бөлiмде қарастыратын ХIХ ғасыр мысал айтыстарының арасында мысал айтыс үлгiлерi жасап келгендiгi ғажап емес деген қорытындыға келдiк.
ХIХ ғасыр - қазақ поэзиясының арғы - бергi тарихындағы биiк белес. Поэзиямыз осы бiр ғасырлық даму жолында өр-мiрмен қоян-қолтық араласып, кең қанат жайды, жаңа сапа өрiне көтерiлдi. өлт өнерi - айтыстың ең б мол сақталып бiзге жеткенi де осы ғасыр туындылары. Осы ретте қдебиет бiлгiрi М.Әуезов: «Қазақ фольклорында айтыс жанры есте жоқ ескi замандардан берi қарай созылып келген. Халық сүйген жанр болғандықтан кқпшiлiк мол қолданғандықтан, Бұл жанр Қазақстанда кең өрiс алып, мол жайлаумен келедi... Мезгiлiнде жазылып қалмағандықтан қазiр бiз ХY-ХYI-ХII ғасырлардың ақындар айтысын бiлмеймiз, деректер жоқ. Бiрақ сол ғасырларда айтыс мол болғаны даусыз...
ХYIII ғасырдың соңғы жарымынан бастап, ХIХ-ХХ ғасырдағы айтыстар және Кеңес дәуiрiндегi айтыстар жазылып алынғандағы тұрлерiнiң ұлгiлерiнiң өздерiне қарағанда да қазақ фольклорының мол саласының бiрi осы жанр екендiгiн танытады.ң (1.106-107) деген пiкiр айтады.
ХIХ ғасырда айтыс өнерi өзгеше басым орын алып, айтыс ақындарының орасан кқп шыққанын атаған жөн. ұасыр поэзиясының салмақты жұгiн көтерiп тұрған Жанақ пен Шөже, Орынбай мен Түбек, Бақтыбай мен Сақау, Бiржан мен Кемпiрбай, Кеншiнбай мен Айсұлу, Тоғжан мен Сүйiнбай т.т. ең алдымен айтыс өнерiнiң өрендерi, су шайқалмас жорғалары, аттары кезiнде -ақ барша қазаққа жайылған даңқты жұйрiктер аталғаны бар, аталмағаны бар ХІХ ғасырдағы iрi айтыс ақындарының қайсысы да өздерiне дейiнгi айтыс өнерiн жақсы бiлдi және олардың Ұтымды жақтарын өз шығармашалығында сқттi жалғастырды.
Осы кезеңде туған мысал айтыс ұлгiлерi әртүрлі тақырыпқа арналған. Адал достық, залымдық, қлсiздiкке қарсылық т.б. тақырыптағы мысал айтыс ұлгiлерi ақындар шығармашылығының қуатын танытатындай туындылар.
«Қара мекпен мен қасқырң аталған айтыста Омар Шораяқов достыққа қастьық қылғанды мысал еткен.
өтiптi iлгерiде қара шекпен,
Кем едi кедейлiктен ернi кепкен.
Қолайлы қорек қылар нәрсесi жоқ,
Орманда дақылы бар аз-маз сепкен. - дей баяндай келе, автор қасқырды қауiп аузынан құтқарып алып, ендi қасқырдың өзiне қлiмдi көрсетiп тұрған қара шекпен жайын мысал етедi.
Қуғыншы қайтты кейiн көзден таса
Қасекең қапта жатыр етiп наша.
Босатып қаптың аузын жқбергенде,
Досына бердi «досың зор тамаша! (60.599-605)
Бұл мысал айтысында ақын достыққа қастық ойлағанның өзi торға тұседi дегендi аңғартады. Мысал айтыста негiзiнен дәстүрлi айтыс үлгiсiндегi сипат - анық көзге ұрар тартыс өз жеке басын дәрiптеу деген сияқтылар жоққа тқн. Әйтсе де мұнда залымдық пен ақкөңiлдiлiктiң тартысы жатыр десе де болады. мысал айтыс қайымдасу, қағысу ұлгiсiнде емес, көшемдi сюжжеттi шығарма болып келедi.
Мысал айтыстың ендi бiр қатары адам мен тұлiк арасында өтедi. Бұған айтыс жинағындағы (2 том) «Ыдырыс пен тайлақ», «Темiрбай жырау мен сиыр», «Салпық пен ат», «Сары атан мен ақын», «Ахмет пен қоңыр сиыр» тағы осындай мысал айтыстарды айтуға болады. «Темiрбай жырау мен сиыр» айтысын жыраудың өзi шығарған. Темiрбай жырау басқа бiр ауылдан үш сиыр сатып алып, ала қыстай қолдан шығармай бағады. Далаға жiберсе-ақ бұрынғы үйренген жерiне кете беретiн болған. Бiр кұнi май айында үш сиырын да жоғалтып, бiр жетi сандалып таба алмайды. Суға кетiп өлген екен деп қатты уайым қылып жүргенде, аман-есен малының үстiнен шығады да, алдына салып айдап келе жатып, сиырмен айтысын сонда шығарады.
Темiрбай жырау:
Сиырым, мұнша қашып не қылғаның.
ЖҰртыңды байқалмайды сағынғаның.
Келгелi бес-алты айдан бермен қарай
Батты ғой атша байлап, бағылғаның.
Обығып суға кетiп қырылды-ау деп,
Жетi кұн жердi қоймай сабылғаным.
Сарсылып, сабылсам да сенi iздеп,
Ақыры қайыр болды-ау табылғаның. - деп айтысты бастай жөнеледi.
Бұл автор туындысынан байқағанымыз, оның өзiнiң iштегi мұң-наласын сиырмен айтысқаны қылып беруi. Мысалы өз атынан емес, сиырдың жырау кедейдiлiн сынаудағы айтар сөзiнде:
Бiлмейтiн мал қадiрiн қу кедейсiң
Iсiрiп қоймап па едiң қапталымды.
Кедейлiк бiз келген соң кетiп сенен
Артыңды бiлмеймiсiң жапқаныңды.- деген жолдарында, немесе
Жырауым, болғаның не мұнша жарым,
Қанша едi менен бұрын жиған малың.
Жарлылық жасыңнан-ақ жолдас болып,
Халыққа қшкере едi ахуалың. (60-606) - деп автор сиыр арқылы өз жағдайының ауырлығын айта кетедi.
Қол байлаған қу кедейлiк, жетiспеушiлiк сол кездегi ақындарының жырларына арқау болған. Сонымен Бұл мысал айтыс Темiрбай жыраудың қызыл түлкiдей Бұлаңдаған дұниенiң жадаулығы, кұйiнiшi жырланған, лирикалық сипаттағы туынды.
«Салпық пен ат», «Ыдырыс пен Тайлақ» мысал айтыстарында зорлардың әдiлетсiздiгi баяндалады. Салпық Жетiсудағы Албан руының Айт аталығынан шыққан ақын, өзi кедей. Тiршiлiктiң бәрiн тындыратын жалғыз көкала аты бар. өзi арық, қырғыз елiге барып семiрсiн деп Азанбайдың жылқысына қосса, жылқышылар кедейдiң жалғыз атына тыныштық бермей, мiнiп, арқасын ошақтай жауыр етедi. Осыған орай Салпық ақын аты мен өзiн айтыстырып, осы өлеңiн шығарады.
«Ыдырыс пен тайлақ» айтысын 1916-1917 жылдары шығарған Ыдырыс ақын. Ол Керiм Иса дегеннен бiр тайлақтық майын мiнуге сұрап алып, тайлағын қарға деген байдың тұйесiне қосып жүредi. Байдың түйешiлерi кедейдiң жалғыз тайлағын қуа берген. Арада бiр жарым ай өткенде тайлақты жетi қасқыр қамап, жеп қояды. Иса жақсы тұйенiң тұқымы деп Ыдырыстан бiр тұйе , бiр тай төлеттiрiп алады. Осыны Ыдырыс өлеңге айналдырады. мысалдың өзiнен қлсiздi басынған жуан атқа мiнер қылығын сынау, теңсiздiк, жарлылық сырын тұспалдап жырлау байқалады.
Ақындар тек қана жан-жануарлармен айтысып қоймайды, мысал айтыстың «Жұманазар мен домбыра», «Балдызы мен жеңгесi» (Аманжол), «Маскүнем мен әйелi», «Бай мен бәйбiше», «Бай мен атқамiнер» (Қуаныш), «Шәйтiм мен сексен жасә (Шәйтiм) деген түрлерi де бар. «Айтыс ақындары кейде өлi мен тiрiнi, мал мен адамды, аң мен адамды, ақын мен домбыраны айтыстырады.
Өлiп жатқан Ақбала қыз бен боздақтың айтысы, түйе мен Майлықожаның айтысы, Атығай Тоғжан ақынның домбырамен айтысы - барлығы да айтыстың тың тұрi болады.ң (1.134) деген. Бұл жөнiнде М.Әуезов: Мысал айтыстың талданған тақырыптардан басқа ынтымаққа, бiрлiкке шақыратын ғибрат iске уағыздайтын ұлгiлерi де бар. Мәселен, «Көкқұтан мен шымшықң айтысында шымшық мен-мендеу, өркөкiрек көкқұтанды адал iстi сөзiмен дқлелде уқжiмен орнына қояды. шымшық ынтымаққа шақырады:
Әлемге ой жiберiп қарап тұрсаң,
Бәрi де бiр-бiрiне болған себеп.
Таманы тiршiлiктiң - бiршiлдiкпен,
Сондықтан лайығы - тұрмақ демеп.- деп ақылды айтып, автор:
Әлсiздi аяқа сап тебе бермей, ғибрат мұнан әркiм алу керек! (60.608) - деп қорытындылайды. Мысал айтыс адамгершiлiк сарынындағы гуманистiк идеяда жазылған.
«Мәшһүр Жүсiптiң шабдар атпен айтысы шын дiндi бұрмалаушылардың iстерiн әшкерелейдi. Шығарманың қандай жағдайда туғаны туралы неғұрлым құнды деректi Екiбастұзда тұратын ақсақал Ж.Кәрiбайұлы естелiгiнен кездестiремiз: «Айда болдан - Малғозы, Малғозыдан - Сарыбатыр, Толыбай екеуi туады. Осы екеуiнен екi қажы шығады. Бiрi Иманбек, екiiншiсi - сақау Иманбек дейдi. Сол Иманбек қажы қайтыс болғанда, Мәшһүр барады екен. Орнына дұға оқып қайтады. Бiраз уақыттан соң, Иманбек қажының кенже баласы қайтыс болады. өзi бай адам болған. Екi әйелi, шешесi бар. Мәшһүрдi намазына шақыртқанда, ол үйiнде болмай ма, бара алмайды. Соның қырқы кезiнде барады, қайтарда: Сiзге қойғанымыз мынау, - деп жауыр шатыр құнанды жетегiне байлайды. Сонда жанындағы көшiрi Қасенғали екен. Бiр төбе асқасын: Тоқта,- дейдi. Тоқтайды. Мәшһүрдiң бiр былғары дөкей сөмкесi бар. Жерге түседi де: Былғары сумканы әкел -дейдi. Мәшекең отыра қалып бiр парақ қағаз жазып: Шабдар құнынның жалына мына қағазды мықтап тұрып байла,- деп айтты. Құнанның ноқтасын түр де қоя бер, - дедi.
Құнан ауылға қарай шауып кете барады.(61).ң
Ақынның Бұл шығармасын дiндi сынаған деп пiкiр айтып, бағалағандар да болды. Алайда өлең жолдарынан Мәшһүрдiң iсiн түсiндiретiн сөздер кездеседi.
Мәшһүр Жүсiп:
Шықпаған кеудесiнде жаны болды,
Жылқы емес деуге құйрық-жалы болды.
Сауабын өлiктерге сарп ететiн
өрлықтың арам-сирақ малы болды.
Немесе:
Белгiсiз алдыңғы өмiр бұдан былай,
Жел сөзге үйiр қылған жастан құдай.
Жерлерге шын ықыласты бассам аяқ,
Болмаса мен жұрмеймiн қайыр сұрай. (61).
Бұл өлеңнен қазақ жазба қдебиетiнде белгiлi бiр зиянды қдеттi сынау ұшiн айтыс дәстүрiн шебер пайдалану ұлгiсiн көремiз. Ақынның алғашқы таңдамалысына енген «Мәшһүр Жүсiптiң тырнамен айтысы», «Мәшһүр Жұсiптiң ала қарғамен» айтысы өлеңiнде лирикалық каїарманға тырнаның ала қарғаның ұн қатуы өз мұңын, наласын шағуы, әрi шаттылық жемiсi болса, әрi қоғамдағы белгiлi бiр көзқарасты, әсерлi жеткiзу құралы болғаны анық. Бұл дәстүр Мәшһүр Жүсiптiң шабдар атпен айтысқаны туындысында да дамытылып, өрiстелген. Ақынның тiкелей шенеуiнен гөрi болған оқиғаларға куқ болған шабдар аттың аузымен аш көз, пайда кұнем адамдардың түйрелуi сынның неғұрлым пәрмендi болуын негiздеген.
Бұл айтыс үлгiлерiнен басқа «Бұзау мен қатынның айтысы», «Аман мен Күләштiң айтысы», «Арбакеш Көпбай мен түйекештiң айтысы», «Бұлбұл мен қарлығаштың айтысы», «Жылқышы мен жетiм тайдың айтысы», «Екi соқыр айтысында» жоғарыда талданып кеткен мысал айтыс үлгiлерiмен тақырыптас жағдайлар жырланады.
Айтыс өнерi кеңес үкiметi дәуiрiнде өмiр талабына сәйкес мазмұны жағынан өзгерiп, басқаша сипат алды. Халқымыз колективтендiру тұсындағы әр алуан зобалаң мен қиыншылық кезеңiнде дәстүрлi айтыс бiр сқт толас тауып, бәсең тартты. Байларды тап ретiнде жою, кәмпеске, қуғын-сүргiн, ату-асу, ашаршылық кезiнде «Балапан басына, тұрымтай тәсына» дегендей, әркiм бас-басына кеттi. Халық бойындағы сарқылмас өнердiң жаңа қоғам талабына сәйкес жаңа сипатталуына Коммунистiк партия мен Кесңес үкiметi бағыт берiп, оны өзiнiң үгiт насихат iсмiне пайдаланып отырды. өмiрдiң өзгеруiне сәйкес айтыстың жанрлық табюиғаты да түлеп-жаңғырды. айтыс ендi бұрынғы рушылдық мәнiнен айрылып, жаңа мазмұнға коллективтiк өмiрдi бейнелеу мақсатына қызмет етуге бет бұрды. Осы ерекшелiктердiң сыр-сипатын саралй отырып, танымал фольклоршы-ғалым О.Нұрмағамбетова: «Айтыс өнерi шын мқнiндегi халықтық мәдениеттiң, халықа еңбек етудiң ұлкен бiр саласы екенiн танытты. айтысқа тұсушiлердiң бәрi бiрдей тек ақындық қуалыған кiсiлер емес. Бұл кездегi айтыстың ерекше бiр қасиетi - оған қатысушылыр бiр жағынан, халыққа қол еңбегiмен адал қызмет етiп жұрген: колхозшы мен жұмысшы, сауыншымен шопан, мұғалiм мен дәрiгер, сауда орындары мен мқдениет мекемеллерiнiң және партия, совет, комсомол Ұйымдарының қызметкерлерi бар. Мiне, Бұл жағдайдың өзi Совет дәуiрiнде халық щығармашылығының өрiсi Ұзамайды, тұсауы қырқылады деген жалған пайымдаулар мен терiс пiкiрлердi жоққа шығарып отыр. Халықтың ауыз әдебиетi оның iшiнде айтыс жанры бәсеңдеу процесiнде емес, даму процесiнiң жаңа сатысына биiк белесiне көтерiлiп келедi»(62-211-212) - деп жазады. Бұл пiкiрдiң дұрыстығын бүгiнгi айтыстар да дәлелдей алады.
Кеңес үкiмеiтiнiң алғашқы жылдарындағы айтыстарда қарапайым еңбек адамдары мен жатып iшер жалқаулықтың зиянды көрiнiстерi әйел теңдiгi мен олардың, бас бостандығы азаттық мқселелерi келелi сөз болады.
Айтыс республика көлемiнде ұйымдастырылған аламан айтыстардан тыс колхозiшiлiк мекемелер арасында да жұргiзiлдi. Айтыс бұрын-соңды болып көрмеген қоғамдық дамудың қозғаушы кұшi - сын мен өзара сыннан тезге салар құралы болып қалыптасты. Мұндағы сын кемшiлiктi жұрт талқысына салып, әйгiлеу, мойындату арқылы соны жою мақсатын көздейдi. Бұларды түгелдей ащы сын болмай, қамқор жанашыр сын болуы сондықтан. Айтыс - Кеңестік идеологияны, коммунистiк қағиданы үндейтiн бiрден-бiр мықты құрал болды. Ел iшiндегi саясатқа сәйкес келмейтiн iстердi екi адамның айтысқаны қылып шығара берген. Мұндай шығарма айыстардың орындалуы адамдардың мамандықтарына сәйкес болды. Шопан мен шопан айтысы, егiс даласындағылардың мекеме iшiндегiлердiң сынға құралған айтыстары да болды. Мысал айтыстың - атқарар қызметi, арқалар жұгi маңызды болды. Осы кезеңде айтыста мысалды жеке түр ретiнде пайдалану қоғамдағы еңбек адамдарын тәрбиелеу талабына сай өрiс алған. Мәселен ақын Төлебай Еркiнбаев колхоз председателi мен атты , түйе мен бригадирдi айтыстырып, қоғамдық малға немқұрайды қараған шаруаға қырсыз басшыларды сын садағына алса, Шашубай Қошқарбаев қан құйлы жауыз қасқырмен өзi айтысып, қоғам мүлкiне қасқырша қол сұғатын, жемқор сұғанақтардан қорғайтын Кеңес үкiметiн арқа тұтып сөйлейдi.
Мысал айтыс үлгiлерiнiң кең өрiс алып, қанаттанған тақырыбы - жалқаулықты сынау. Мысалы, айтыс жинағының II томындағы ақындар айтысына кiрiп кеткен «Гүлсым пен Бопан айтысы», «Сұлубике мен Зейнеп айтысы», мысал айтыс қатарындағы «Торайғыр мен Телпекбай», «Саядiл мен әйелi және қызы», «Еңбекшi мен жалқау» айтыстарында бос жүрiп жалқаулықты серiк еткен адамдарды ащы әжуә, сын мысқылмен әшкерелейдi. Ең соңында ертегiдей «Бай болып мұратына жеттiң деп аяқталатындай, жалқау өз қателiгiн тұсiнiп, қарсыласынан ақыл сұрайды. Дидактикалық, уағыздық сарынға толы мысал айтыстың қасиетi де осында. Ударник , еңбекшi Гүлсiм ел ерқасында кұн кешiп жүрген Бопанды дұрыс жолға салады, сауыншы зейнеп сылқым сұлу Сұлубикенiң жалқаулығын әшкерелейдi, Саядiлдiң әйелi үйде бос жатқан күйеуiмен айтысады, еңбекшi жалқауды еңбек жоланы түсiредi. Мұндай айтыс сауыншы мен мүғаiлм арысында да өтедi. мәселен Бәдел мен Сәтима айтысын алайық: мұның бiрi - мұғалiм, екiншiсi - сауыншы. Ферма жұмысшысы мұғалiмнiң тым қалашыл желпiлдек мiнезiнен мiн табады:
Мен сынасам нелiктен бөгелесiң,
Мүғалiм бе, ақын ба неменесiң?
Класыңның есiгiн қатты жауып,
Қала десе аңқылдап жөнелесiң, - деп Сәтима салған жерден сынай жөнеледi. Бәдел де бой бермейдi. Мектебiн жамандатуға, кiр келтiргiсi жоқ. «Қала барсам, мектеп қамы. Оның қанша оғаштығы барң - деп қарсы қайрат жасайды. Ерулiге - қарулы. Ферманың жұмысындағы өзi көрген кемшiлiктердi әрiптесiнiң алдына тартады. Мысал айтыстың ендiгi бiр қамтитын мқселесi - қйел теңдiгi, көпқйелдiлiк, бас бостандық. Оның қатарынан «Есмахан мен Оразгұл», «Байдың қызы мен кедейдiң қызы», «Бай әйелi мен кедей әйелi» мысал айтыстары жатады. «Есмахан мен Оразгүл» айтысын ақын мысқыл сатира тұрiнде байды мазақтап, есшiкiл тоғышар шалды қжуқлап шығарған. Есмахан шал екi әйел алуға қарсы шыққан лақапты естiп, бәйбiiшесiмен ақылдасады. Ол жиырма бестегi жас Айшагұлмен қалып, бәйбiшесiн жiбермекшi болады. Соны аңғарған Оразгүл :
Ақылың кеткен екен мүлде сенiң
Жағдайың жас қатынға мәлiм сенiң.
өзiңмен жастайыңнан өскен бiрге
Бұрынғы жасқы емес пен кәрiң сенiң?! (63-555)- дейдi. Шал Оразгүлдiң кәрiлiг айтып мойындатпақ болады. Оған да Оразгүл:
Заң болса: «үлкен әйел кетсiн»! деген
Оған мен бас бұрмаймын, әркiм көнер.
Айшагұл айрылар ма мен кетем бе,
Ашатын әдiл өкiмет өзi бiлер. (63-556)- деп жауап табады.
Жерлес ақынымыз Е. Бердин шығарған «Байдың қызы мен кедейдiң қызың, «Екi әйел» айтысы (64-172-173) әйел теңсiздiгiн жырлайды. «Екi әйел» айтысында көпәйелдiлiк проблемасымен қоса қлсiздерге кұш көрсеткен жуандар да жырланады. Байдың әйелiмiн, бәйбiшемiн деп мақтанып, кеуiп пiскен әйелге кедей әйелi:
Қөрысын бәйбiше атын алған күнiң,
Кұнде ұрыспен өткiзген қара түнiң.
Бiр еркеке таласып екi-ұш әйел
Құрысын жесiр өткен сорлы күнiң.
Сен қашан жеке ердi құшақтадың,
Ермен өмiр сұре алмай, пұпақтады,
Бiр еркеке таласып бiрнеше қйел
Бiрiңе бiрiң жау боп, пышақтадың. (64-173)- деп әйел мазалайтын ащы сырды төгiп салады. Ал бай қызы мен кедей қызы айтысында сұйгенiне бару, яғни теңiн табу мәселесi қозғалады. Кедей қызы аузынан осы мәселеге байланысты жалынды жырлар төгiледi:
Сендей қызды мал ұшiн шалға берген,
Жетпiске аруақ малға берген.
өзiң қалай көресiң сондай шалды
Суық тiзе кiрсе iшке оты сөнген.
Қорламаймын кәрiсi шал екен деп,
Мақтамаймын бар қызды тал екен деп
Әркiм сұйген теңiне барсын дейiмн,
Сүймегендi құр сұю жар екен деп. (64-175)- деп бай құрбысымен айтысқа тұседi.
Ал ендi келесi қарастыратын мысал айтыс үлгiлерiнде өзгеше сипат, мазмұн бар. Бұлар ХХ ғасыр ақиық ақындарының шығармалары. Айтыс - өмiр айнасы. Баға жетпес асыл өнер заман ағымына қарай тұрлене, тұлеп отырады. Ақындар жандарымен ұққан жайсыз құбылыстарды ел өмiрiне етене таныс айтыс ұлгiсiн қолдана отыра, сырын, толғантқан мқселесiн паш еткен. мәселен С.Дөнентаевтың «Жан мен тән» өлеңiнде айтыс ұлгiсiн қолдану дәстүрi бар. С.Дөнентаевтың Бұл өлеңдi жазу мерзiмiне зер салып қарасақ, Бұл кезең талай халықтардың ұстiнен небiр сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен ХХ ғасыр басы. Ал қазақ қауымының хал жағдайына орайластыра ой жiберсек, Бұл уақыт даланың денесiне жан бiтiп, қимылға келе бастаған кезi. Ел iшiнде бола бастаған дұрбелең сол кезде көздерi ашылып, Ұлттық сана-сезiмдерi оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшiнен қаға берiс қалып, марғау жатқан елдiң тығырықтан шығар жолын iздестiрiп, шарқ ұрды. Сол қапастан құтылудың ең бiрiншi қамы - iлгерi елдердiң қатарына қосылып, өнер бiлiмге тартылу деп бiлген олар өздерiнен бұрын өткен ағартушы ағаларының дәстүрiн жалғастырып, қадың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысын өрiстеттi. Жігiт жұмыстары мақала прозалық шығармалары т.б. жолдары арқылы жұргiзумен қатар, лирикалық шығармаларды туғызады. Жан мен тқн мысал айтысы осындай мақсатта туған шығарма. Жан өзiне азық болар өнер, ғылымды қудың деп тқндi кiнқлайды. «Ет жеу, қымыз iшу, басқа жасты, астыға көрпе төсеу» мен үшiн азық емес, өнер бiлiм керек деп назаланады. Көп айтысып, ақыры тән өз қателiгiн түсiнiп:
Жолдасым, сен айтқан сөз әрi де рас,
Бұрынғы iзбен кеттiм, айым етпе.
Жалқаулық ата-анадан қалған мирас,
Қолымнан келсе де тұк келмесе де
Бола алмас бұдан былай iшкенiм ас. (65-47),- деп сөз бередi. Бұл мысал тән азығы жан семiртпейдi, жалқаулықпен жолдас болма, өнер-бiлiм жина деген идеяны үндейдi.
ХХ ғасырдың бас кезi ел тағдырыныдағы айтулы уақыттардың бiрi. Осы кезде талай зобалаң мен зұлматты басынан кшiрген халық iшi екiге жарылған өкiметтiң қай жағына шығарын бiлмей дағдарды. Елiм деп жұрегi соқан алаш азаматтары жеке мемлекет болу арман-аңсарына бет алды. Халықтың бас көтерер азаматтары екi мұдденi қорғай қырқылжысып, қан төгiстi. Алаш саясатын беткен ұстаған қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов т.б. кейiннен осы мақсаттары ұшiн құрбан болды.
А.Байтұрсынұлының тiзеқос шәкiртi мақсатының сырын ұғып, тiлегiн бiрге тiлеушi ел азаматы Мiржақып Дулатовтың ой-арман, мақсат-мұддесi шығармалары арқылы берiлiп отырған. Ел iшiнiң жiкке бөлiнiп, құралай басына кұн туған заманды ол өзiнiң талай өлеңдерiне арқау еткен. Айтыс ұлгiсiнде жазылған қарақұс пен адам шығармасында жемтiк аңдыған қарақұс пен одан сәл ғана айырмашылығы бар адам айтысады. Айтыс жоғарыда баяндап кеткен туралы. Бiр-бiрiне оқ атып, өзiн жемтiк аңдыған қарақұсқа тең болғанын аңдымаған адам малғұндыққа барар жолға тұстi деген идеяны аңғарамыз. Шайқас, атыс болып жатқан жерде жұрген адам:
Айтқанымды кек десең,
Оқ жалынсың кетпесең.
Сырғыш қанат етпесең,
Адамға қызмет ...
Қарақұс:
Қорқытқаның осы ма,
Дегенiң ғой шошыма.
Жұрмесiн жетпей досыңа,
Оғыңды сақтап сонан без. (66-120) - деп адамға ащы мысқылмен жауап қайтарады.
Ақын алдағы күнде қлi талай қырқын боларын болжай қарақұс аузымен айтылатын:
Бiз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
ҚарақҰс бiткен тоярмыз,
Мейлiң, тула, мейлiң төз! - деген жолдар ақын көрiпкелдiгiн байқатса керек. Адам айтқан жаз келiп, көңiл нұрға бөленген кезде, бәрiбiр қарақұс ойнақ салып, тояттанады. Бұл айтыс үлгiсiнен ақынның халық тағдырына деген iшкi жан сезiм тебiренiсiн көремiз.
Адам бойындағы жағымсыз қаиеттердi сынау, әшкерелеу мысал айтыстың еншiсiндегi қасиет. өз өлеңдерiнде қазақтың көңiлiне жатаған мiнезiн ашып берген Ш.Құдайбердiұлы Жайлаубайдың баласымен айтысқаны (67.272) өлеңiн жазады. Бала - тазалық белгiсi. Күнадан пәк перiште. Шәкәрiм осы тазалық пен балшыққа белшеден батқан адамды айтыстырады. Бала қуждерiне сөз таппай адам жеңiледi. Айтыс өлеңде ақын қу, айлакер, есепқор, ұры адамдардың қылығын сын садағына алады. Айтыстың мәнi де, мазмұны да терең тәрбиелiк маңызы зор.
Мысал айтыс ұлгiлерi ақын Ж.Молдағалиевтiң да туындыларынан кездестiремiз. Оның Сейдахмет пен МҰсаның айтысқаны, Жiгiт пен қыз айтысы қуақы қу қалжыңға негiзделген мысқылды мысал айтыстары бар. (68-388). Б.Майлиннiң Көкшолақ пен Құрымбайдың айтысқаны, А.Тоқмағамбетовтың Атпен айтыс, I.Жансүгiровтiң Бай, бәйбiше мысал сипатты айтыстары қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға байланысты жазылған. Елiмiзге танымал ақын заманының дана жыршысы Шәкiр Әбенұлы өзiнiң поэзиялық шығармалары қатарында айтыс ұлгiсiнде жазылған «Сары май мен солдат» айтысында шебер қолданған. Шығарма айтыста (69) қоғамдағы келеңсiз жағдайлар кейбiр айтылмас ащы сырлар туралы сөз қозғалады.
Мысал айтыс әр ғасырда өз жалғасын төл анасы айтыспен бiрге қҰбыла тұрлене отыра, дамып, арнасымен молайып келедi. мысал айтыс ақындар шығармашылығынан лайықты орнын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып берiлiп келген мұра. Бүгiндерi мысал айтыс ұлгiлерiн сатирик Көпен Әмiрбектiң, Л.Ыбрайымұлы шығармашылығынан т.б. табылып отыр. Мысал айтыс - дәстұлi айтыстың тұрлену процесiнде туындап, қанаттаса дамып келе жатқан көркем туынды. Мысал айтыстың халыққа берер ғибраттық маңызы, өнегелi пайдасы Ұшан-теңiз. Оның қлi де ақындар шығармашылығынан орнын тауып, даму тарихын жалғастыруы сөзсiз деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |