2.2. Әдет-салт айтысы
Ақындар айтысының алғашқы бұлақ-бастауы сонау салт-қдет жырларынан яғни халық поэзиясының шағын тұрлерiнен басталады. Бұл айтыс тұрiнде ақындар айтысындағыдай суырыпсалма сөз жарысы, өнер таласы емес, тек дәстүрлi салт-қдеттi наным тiлектердi орындау мақсатын көздеген.
Айтыс жанрының бастапқы негiздерi келелi ақындар айтысына ұласпас бұрын өзге жанрлармен иықтаса, табиғатының дамуына себелесiп отырған. Бiз Бұл тарауымызға әдет-салтқа байланысты көңiл сұрау, өлi мен тiрi айтысын қарастырамыз. Айтыс өзiнiң табиғи бiтiм тұлғасы жағынан синкреттi жанр. Оның өн бойынан тұрмыс-салт жырларындағы қоштасу, сыңсу, жоқтауларда ұшырасатын лирикалық сипаттар да iргелi ұзын сөрелi жырларда кездесетiн эпикалық мән де бойы көрсетiп отырады. Бұл ерекшелiктер алғашқы Бұлақ баслауының бiрлiгiмен қатар олардың ғасырлай бойғы игi қсерiн тигiзiп келгенiн аңғартады. айтыс сол тұтастықтарды бойына жинап қана қоймай, өзi толқы кемелiне келген соң, өзге жанрларға да сiңiрiп, тұрленiп отырды.
Әдебиетiмiздегi айтыс пен батырлық жырлардың аралығында тұрып, өзiнiң бiтiм-тұлғасы мазмұндық сипаттарымен екi жанрға бiрдей келуге болатын шығарма - Айдос батыр жыры. Ең алғаш жыр Я.Лютшь өз хретоматиясында айтыс жанрына қоса жариялаған болса, ал кейiнгi түрлі басылуыларында бiрдей эпикалық туынды қатарында (батырлар жыры, 1964), бiрде айтыс үлгiсi ретiнде жарық көрiп келдi (айтыс, 1965). Бұл шығарманы талдамас бұрын аз да болса жыр мазмұнына тоқтала кеткен жөн сияқты: Қазақ пен қалмақ жауласып жұрген заманда қазақ батыры Айдос Нарын деген бидiң жиған қалың қолымен жауға аттанбақшы болады. МҰны естiге Қарашаш сұлу: «Мен бiр жайсыз түс көрдiм. Осы жолы жорыққа бармасын»- деп сәлем айтады. Өз қатарынан қалуға намыстанған Айдос батыр Қарашашпен жүзбе-жүз тiлдесiп, тұс мәнiсiн сұрайды. Айтқан түсiнiң бәрiн әдейi керiсiнше жорып, ең ақырында өлi-тiрiлiкке куә болсын деп Қарашаш берген бойтұмарды тағып, қалың қолмен жауға аттанады. Бiр ұлкен соғыста ауыр жараланған Айдос қансырап майдан даласында жалғыз қалады. Нарын би азғана қолмен елге оралады. Ол жол-жөнекей: «Айдостың қалыңдығы Қарашашты кiмде-кiм айтысып жеңсе, сол әйелдiкке алсын» - деп шешiм айтады. Қол iшiндегi бiр жiгiт Қарашашпен айтысып, Айдостың қаза тапқанын естiртедi. Айғақ есебiнде батырдың бойтұмарын көрсетедi. Батырдың өлiмiне көзi жеткен Қарашаш күйiктен өзiне-өзi қанжар салып өледi. Жырдағы оқиға мазмұны Айдостың төңiрегiне шоғырланған. Жырды қдет-салтқа байланысты қоштасу, естiрту, жоқтау жырлары айтыс табиғатына тқн ұлгiмен көрiнiс тапқан. Соғыста ауыр жараланған батыр қал ұстiнде жатып, үзеңгiлес жолдастары, әке-шешесi, сүйген жарымен қоштасып, қалыңдығы Қарашашқа арнайы сқлем жолдайды (қоштасу жыры), Айдостық қайғылы қазасын естiртiп бiр ақын жiгiт жыр айтады (естiрту), Қарашаш сұлу батырды жоқтап (жоқтау), ақыры сұйген жары ұшiн қҰрбан болады. Батырдың жорыққа жайындалуы, Қарашаштың тұс көрiп батырдан жорыққа бармауды өтiнуi, Айдостың түстi терiс жорып, артынша өкiнiштi қазаға ұшырауы белгiлi бiр сюжеттiк жұйемен жалғаса дамып отыратындықтан Бұл шығарма сырттай дастан секiлдi болып көрiнедi. Әйтседе мұнда батырдың майдандағы жеке ерлiктерi арнайы жырланып отырған жоқ, қайта сол Айдос пен Қарашаш, ақын жiгiт пен Қарашаш, Қарашаш пен атасының өзара жауаптасу сөздерiне ерекше мән берген.
Жырды Айдос пен Қарашаш жауаптасуынан бiлiнедi. Айтыс болғанда, қыз бен жiгiттiң қауымдасу айтысына келедi.
Айдос:
Алыс болса теңiздiң тұзы дағы
Жақын болса, елiңнiң мұзы дағы.
Айдосекең қиқулап жауға тисе,
Ойбайлаған дұшпанның қызы дағы.
немесе,
Астымда мiнiп жұрген пiлiм бар-ды,
Азғана өлмейтұғын кұнiм бар-ды.
Сонан әрi жалғызың келмей кетсе,
өзiммен бiрге туған iнiм бар-ды.
Қарашаш:
Қысты кұйгенiң қызыл тымақ,
Отқа терiп жақаным қарақұмақ.
Тiлiмдi алмай барасың-ау, жалғызым,
Қош аман бол, көргенше, айдос шырақ! (60-54-55)
Жырдағы салт-қдеткен байланысты туған естiрту, қоштасу, жоқтау өлеңдерiнiң даму көрiнiсi Аралбай мен Қашаған (70), «Кемпiрбай мен Әсет» (71), «Тоқа мен Досмағамбет» (72) айтыстарынан көрiнедi.
«Аралбай мен Қашағанң айтысы дәстүрлi айтысқа жатпайды. Аралбайдың жалғыз баласы қайтыс болғанын естiмеген Қашаған ақын: «өлең айт» деп қолқалайды. Қайғылы Аралбай ақын құрбысына мұң шағады: «Мен жапырағынан айрылған бәйтерекпiн» дейдi. Қашаған да кешiрiм сұрап, ақынның қайғысына ортақтасып, көңiл айтады.
Айтыс (1964) жинағында ақындар айтысы санатында жұрген Кемпiрбай мен Әсет айтысында да көңiл айту, қоштасу салтымен қоса, айтыс үлгiсiн қолданған. айтыста дәстүрлi ақындар жарысына тән сөз тартысы жоқ. Мұнда айтыстың өзiндiк бiр сипаты сұрауға жауап, жауаптасу, диалог ұлгiсiн пайдаланған. Сол себептен де ақындар жырының (Әсет пен Кемпiрбай айтысы - г.м.) тұрмыс-салт өлеңдерiнiң қатарында емес, ақындар айтысының iшiнде жүрген болар.
Жұртқа атағы кең жайылған Кемпiрбай Бөгенбайұлының көңiлiн сұрай келген Әсетпен қоштасуында сөз сырының бояу айшығы да көрiнедi. өзiне қонған өлең тiралы айтқан мына бiр жолдары осы айтылған мәселенiң дұрыстығын дәлелдей тұседi:
Көңiлдi Әсет келдi көтергелi,
Болмайды кеудi шiркiн жөтелгелi.
Артыма бiр-екi ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер берi.
өлсем де көк кептерге бiр соғайын,
Қу тақтай екi iшектi қпер берi.
Аузыма айырыларда сөз салмасам,
Қонғаның өлең шiркi бекер ме едi.
Ер Дәуiт жетi жаста иектеген,
Жасының суын iшiп құдығынан,
Тереңдеп сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеушi едi жұлығымнан.
Әсетжан, осы аурудан өлем, бiлем,
Алланың аманатын берем, бiлем.
Кеудемнен көкала ұйрек қош деп ұшты,
Сол шiркiн кәрi жолдас өлең, бiлем.
Басында өкiрдi өксiп, қимай жоқтап,
Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап.
Серiгiм, қош аман бол, Кемпiрбай деп,
Жылады бұрынғы өткен кұндi жоқтап.(71.155-156).
Мұндағы басты ерекшелiк: ақынның өзiне көк кепте бейнесiнде қонған кәрi досы - өлеңнiң жетi жаста ер Дәуiт иектеп, жасын құдығынан су iшкiзгенiн айту арқылы оның мқңгiлiкке айрылысар сқтте де, акузына сөз салмай кетпейтiнiне деген сенiмiнiң берiктiгiнде болса керек. Сондай-ақ оның өлең иесi көк кептердiң тастап кетуге қимай, жылап қоштаусына өзiндегi өмiр мен өнерi қызығының таусылып бiткенiн де сол қасиеттi өлеңнiң баласы Серкебайға қонбай кететiнiн де болжап бiлiп, Бұл бойындағы өнердi осы баладан балаға жалғасатын келелi қасиет деп санағанын аңғарамыз.
Көңiл сҰрау, қоштасу салтындағы айтыс ұлгiсi суырып салма өнермен айтылуымен қатар жазбаша да болған. Батыр ақын Тоқан мен Тосмағамбет ақынның толғауларында жазбаша көңiл сұрау, қоштасу дәстүрi көрiнiс тапқан. Бұл толғау Кемпiрбай мен Әсет жырына ұқсас. Ауырып жатқан ақын Тоқанның көңiлiн сұрап, Тосмағамбет қожа тебiрене хат жазады:
Жасыңда жан болған жоқ Сiзге баға,
Мiндiңiз бедеу атқа салып таған.
Көп заман көрмегелi болып едi,
Жұрсiз бе есен аман, ақын аға.
Керуен көз жеткiсiз көшiп жатыр,
Ойласақ ендi нқубет бiзге жеткен
Азырақ наз мұңымды жазайын деп,
Ойланып Сiздi таптым төңiректен.
Әр жерде дастан қылып айту ұшiн,
Iнiңiз бiр сөзiңдi ұмiт еткен.(72).
Дiн жолын ұстанған Досмағамбет қожаға ақын Тоқа жастықпен iстеген қылықтарын айтып, алланы әркездерде ұмытқанын күйiне жырлайды:
Тұзу iс жоқ iстегенiм, болды кесiр,
Тоқа батыр райдан қайт, ұнiдi өшiр.
Жаратқан жаппар ием мен жырлаймын,
Кұнәмды рахметiңмен өзiң кешiр.
Аяқ нашар отырмын тұра алмай,
Тұрмаған соң отырмын жүре де алмай,
Армандамын өкiнем өткенге
өтiппiн ғой жылап тәубе қыла алмай. (72).
Тоқа ақынның қоштасу жырынан нақылдық, ғибраттық саз сезiлiп тұрады.
Халқымыздың ертедегi салт-сана, әдет-ғұрпын бейнелейтiн осында айтылғандай бiрер жқйтке тоқтала кеткендi жөн дер едi. Соның бiрi көне дқуiрлерден келе жатқан «Ақбала мен боздақ айтысың. Айтыс ұлгiсiнде туған Бұл шығарма ең алғаш В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибирской джунгарской степиң (ч.III. Киргиские наречия, СПб, 1870) атты жинағында жарияланып, кейiннен Мқскеудегi Темiрқазық журналында басылды. Алайды осындағы негiз екенi белгiсiз, кейiнгi кезде өңделiп, жөнделiп, танымастай болып өзгертiп басылып жұр. Соның нәтижесiнде жоғарыда аталған екi нұсқада 30 жолдан тұратын айтыс айтыс жинағының 1965 жылғы басылымында бар болғаны 18 жол болып басылды. Бұл өзгерiс осы үлгiнiң кiрiспесiне де енгiзiлiп, ретсiз редакцияланған. Әрине мұны сөз ету басты мақсатымыз емес. Алайда сол кiрiспе-тұсiнiкте мынадай бiр қажеттi сөздер бар: «Ақбала қыз Боздақ жiгiт» асық болып қосылыпты. Ақбаланың қкесi боздаққа қызымды бермеймiн деп айырыла көшiптi. Ақбаладан айрылып, кұдер ұзiп Боздақ өзге қалыңдық айттырыпты. Қайнынан келе жатып, Ақбаланың жайлауының ұстiнен жұрсе, Ақбаланың жұртыда жаңа бейiн тұр. Бейiтке келiп Боздақ сөйлейдiң (2-110). Осындағй сөлейдi деген сөзде ұлкен мқн бар. Бiр-бiрiне ғашық болып, бiрақ қосыла алмай арманда кеткен екi жас айтыс ұлгiсiмен қабiр басында армансыз тiлдесiп, бiр-бiрiмен мұңдасады. Ең алдымен Боздақ қабiр басына келiп, Басыңа бата қылдым өлең айтып, деп қана қоймай, мұсылман дiнi талабымен құдіреттi жаппар құдайға сиынбай қыздың өз басына өз аруағына жалбарынып, бiздi сен қлiң келсе, жебегейсiң,- дейдi. Сондай-ақ Ақбала да артында апасы, алдында сiңiлiсi жоқ бола тұрса да, ел-жҰрттың көшкенде басына қоқ қарқарасын қоймай кеткенiн айтып, соны қлi де басына қойғызуды өтiнедi. Бұдан ертеде өлген кiсiнiң басына сұйiктi мұлiк заттарын қою рәсiмiн болғанын дәлелдейдi. Осыған орай Ш.Уәлихановтың: «Қазақ арасында аруаққа табыну әлi де болса кұштi. Ола қысылған кездерiнде өздерiнiң әулиелерiне сиынған. Мұсылмандар сияқты ата-бабаларының аттарын атап шақырады. Сәтi түскен iстердiң бәрiн арауақтардың қолдауынан болады деп санайды.» (25-22) - деген пiкiрiнiң дұрыстығы айшылып, айқындала тұседi. Тағы осындай айтыстың бiр тұрi Аймаңдай мен Бабас деп аталады. Мұнда керiсiнше, соғыста қаза тапқан айттырған жары Бабас қайтыс болғанда, қалыңдығы Аймаңдай қабiр басына iздеп келiп, өзiнiң арман-мұңын шағып, өкiнiшiн бiлдiредi. Ең соңында қыз бұған онша разы болмаса да, сұйгенiне деген ақ ниетiн танытып, жамбасыңды жер ауыртып жатыр екен, берейiн қызыл тоным жастаймысың.- деп аяныш бiлдiредi. Жiгiт одан бас тартып, ки дағы қызыл тоның той-тойлай бер, кетейiн мен садаға ниетiңiзден,- деп бiржолата қостасады. Бұл екеуi айтыс жинақтарына алғаш енуi 1965 жыл. ұылыми зерттеулерде олар өлi мен тiрiнiң айтысы деп берiлген. 1976 жылы М.Жармұхаметұлының жазуында өлi мен тiрiнiң айтысы деп берiлген. Жалғасын тапты дегеннiң сыры бұны термин ретiнде алғаш атайтын Халел Досмұхамедұлы. Ол 1923 жылы Сана журналында аймаңдай мен Бабас айтысын осылай атайды. М.Жармұғахеметұлы 2001 жылы айтыстың даму тарихымен арғы тегi еңбегiнде: «Сонымен Бұларды арманына жете алмаған жастардың қабiр басындағы мұң-шерiн айтыс үлгiсiнде жырлайтын олардың ескi наным-сенiмiн сезiмге бөлiп сипаттайтын шығармалары деп санап, бұрынғыша өлi мен тiрiнiң айтысы деген шартты атымен топтастырған жөн» (7.44)- деген қорындыға келедi. Ал Ақбала мен Боздақты В.В.Радлов та, - қыр баласы Әлихан Бөкейханов та баспа бетiнде жариялаған. Мәшһүр Жүсiп, М.Ж.Көпейұлының қара месiнен қолжазба кұйiнде табылған. Қытай Халық Республикасында шығатан Мұра журналы Ақбала мен Боздақты Бұлардан сәл өзгешелеу айтылатын түрiн басқан.
С.Мұқанов Ақбала мен Боздақты бiрде дiн айтысы десе, бiрде өлiк пен тiрiнiң айтысы деген. 1974 жылғы Халық мұрасы кiтабында Бұл тағы бiр асығыстық жасайды. Ақбала мен Боздақ өмiрде бар, тiрi кездерiнде айтысқан АйсҰлу мен Кеншiнбай, Ажар мен Уаһит, т.б. қатарында аталады. Ақбала мен Боздақ айтысын тiрi ақындардың қатарында атау М.Әуезовте де бар. Осылайша айтыс қатарына қосылып кетiп, Бұл фольклорлық шығарма өз орнын таба алмай жүр. 1948, 1960 жылғы қазақ әдебиет мен тарихында Ақбала мен Боздақ бiрауыз сөзбен айтылған. Бiрақ мұнда да түсiнбестiк кеткен. Онда айтыс ақындары кейде өлi мен тiрiнi , адам мен малды, аң мен адамды, ақын мен домбыраны да айтыстырады. Өлiп жатқан Ақбала мен Боздақтың айтысы, тұйе мен Майлықожаның айтысы, Атығай Тоғжан ақынның домбырамен айтысы барлығы да айтыстың тың түрi болады делiген.Қ.Жұмалиев Халық ауыз әдебиетiндегi Бұл түрлі айтыс жанрына қосса да, оның стилiнiң басқа екенiдiгiн де байқайды. Бәдiк, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысы деген тұрлермен салыстыра қарап, мұндағы айтыстың астарында трагизим жатқанын айтқан. «Өйткенi өлi мен тiрiнiң айтысының мазмұны мақсаттарына жете алмай кеткен екi жастың арманын, жалғызынан айрылған кұйiктi ананың, жарынан айрылғн қаралы сұлудың мұңы мен зарын сыртқа шығару болып келедi. Сондықтан да мұнда психологиялық сезiм дұниесiн суреттеу басым жатыр.ң (73-120) дейдi. Ғалымның бұл байқауы кейiнгi зерттеушiлер тарапынан лайықты жалғасын таппай қалды. Әртүрлі әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлардан шығарылатын мысал өлеңдерге қарағанда да мұнда айтылатын ерекше жағдай бар. В.В.Радлов та, Ә,Бөкейханов та, М.Ж.Көпеев те, Х. Досмұхаметұлы да айтыстың алдына шағын тұсiнiк бередi. Бәрiнде де бiр тұрақтылық қайталанады. Ол Боздақтың да мола басына келуi. Халел Аймаңдайды күйеуiнiң топырағын құшып айтқан сөзi деп бiледi. Ғалым зерттеулерi емшiлiк қдебиетке тқн өлiкпен сөйлесу деп бөлiнiп тұсiнiк бере кеткен. «Өлiкпен сөйлесу де шамасы бақсылық әдебиетпен байланысты болса керек. Әдетте кұйеу жiгiт не қалыңдығы, кұйеуi не шешесi қалыңдықтың қйелiнiң (әйтпесе керiсiнше) қабiрiнiң басына келiп, марқұмның жай-кұйiн сұрайды. өзiнiң қайғы қасiретiн айта бастайды. Со бойда өзi басқа қуенмен марқұмның атынан өз сөзiне жауап қайырады. Мiне осылайша, қос дауысты аруақпен (дуэт) орындалып, қайғылы жұрек жұбаныш табады.ң (74.25.) - деген пiкiрi айтыс қатарында жұрген Аймаңдай мен Бабас, Ақбала мен Боздақ шығармасын адам қайтыс болғанда айтылатын жоқтау рқсiмiне бiртабан жақын болып келедi. Айтыс халық өмiрiндегi бiрден-бiр жетекшi поэзия болған. Ол әртүрлі халықтың жырларымен жанасып, белгiлi бiр рқсiмдi орындау бырысында қолдангылып жұрген. Аталмыш айтыстарда оның осы ролi басшылық атқарса керек. Аты аталған айтыс ұлгiлерiн жоқтауға жақындатуымыздың бiр мқнiсi шығарманың туу кезiне байланысты болып отыр. айтыс мазмұнына қарай отыра оның ислам дiнi енуден бұрын туғанын көремiз. Жоқтау жырларының туып қалыптасуын академик Ә.Марғұлан: «Патриархал қауымының әлеуметтiк тұрмысы, жора-жосыны, өлiктi қадірлеумен байланысты туған дәстүрлерi - қоштасу, естiрту, жоқтау, аза тұтып қайғыру, жылау, қадiрлеп шығарып салу, басына белгi орнату, ас беру, сойыс қылу - бәрi бұрынғы көшпелi сақ, ғұн, ұйсiндерден берi қарай қазақ пен қырғыз халықтарына жеткен жырлар». (75,36) - дейдi.
Қазақта мұң-шер өлеңдерiнiң шығу мезгiлiн анықтау қиын. Сөйтсе де академик Ә.Марғұлан мен М.Әуезов жалпақ елдiң салтымен байланысқан өнер өлеңдерiнiң мазмұны ежелгi Орхун, Енисей жазбаларымен ұштасып, тамырласып жатқанын айтады. Мұнда де естiрту, жоқтау, қоштасу сияқты өлең тұрлерiнiң барлығы және соның көбiсi қазақ тiршiлiгiнен белгiлi болған өлеңдермен өте ұнлес, сарындас екенiн дқлелдейдi: «М.Қашқаридiң жазылуы бойынша да жоқтау ежелгi тұркi тайпаларының ерлiк тұрмысынан туған жырдың бiр тұрi. Мұның бiр жарқын көрiнiсiн Қорқыт жырында кездесетiн Бамсы Бейректi жоқтаудан көруге болады.ң (75.98.)- дейдi Ә.Марғұлан. Сондлай-ақ М.Әуезов қазақтың белгiлi эпостық дастандары қоштасу, естiрту, жоқтау сияты шер өлеңдерiнiң негiзiнде туғандығын айта келiп, тұрмыс-салт жырларының мұндай кiшi түрлерi ежелгi дәуiрдегi ғұндардың кейiн тұркi тайпаларын өмiрiн көз алдына келтiргендей болады дейдi (76.213). Осы ретте жоқтауды ежелгi замандарда туған шер өлеңдерiнiң бiрi деп қбден шамалауға болады. өйткенi өлген адамның аруағына сиыну, жалбарыну, оны мақтап көтермелеу, аза тұтып, ырзалықпен шығарып салу, жоқтап жыр айту - жерге, суға, кұнге, көкке табыну тұсындағы рәсiмнiң бiрi. Ақбала мен Боздақ, Аймаңдай мен Бабас айтыстарында да осы жқйттер көрiнiс табады. Х.Досмұхамедұлы өлiкпен сөйлесу зерттеуiнде айтып кеткен қабiр басына келiп, сұйгенiн жоқтап айтып шығарған өлеңi ғалымның Аймаңдай мен Бабас айтысына тұсiнiгiндегi: «Қазақ жұрты өлiктерiн өте сыйлайды. Там салу, ас беру, өлiктiң аруағына сиыну секiлдi ырымдар қазақтың бұрынғы шамандығынан қалған ырымдар. Күйiкке шыдай алмай сүйгенiнiң басына барып, жырлайды. Арауақпен айтысу - жоқтаудың бiр тұрi» (74.38) - деген пiкiрi бiздiң тұйiнiмiзбен арасы алшақ емес. Жанр - тарихи категория. Тарихтың әр кезеңiнде бiр шығарманың өзi әр түрлҚ жанрлық сипат алуы мұмкiн, мiне, аруақпен айтысу да осы өзгерудi басынан кешiрiп отыр. Бiздiң осы тарауда қарастырған «Кемпiрбай мен Әсетң, «Тоқа мен Досмағамбетң, «Аралбай мен Қашағанң және «Аймаңдай мен Бабасң, «Ақбала мен Боздақң айтыстары дәстүрлi ақындар айтысының қатарына жатпайды, Бұлар белгiлi бiр салт-қдеттi орындау рәсiм жырларына тән шығармалар. Ақбала мен Боздақ, Аймаңдай мен Бабас айтыстары бiздiң назарымыздағы бiр автордың көркем шығарма дұниесi. Шындық дқуiрде, бұгiнгi тыңдаушыны мынау өлi мен тiрiнiң айтысқаны деп, сендiре қою мұмкiн емес. Халел Досмұхамедұлының Аруақпен айтысу-жоқтаудың бiр тұрi болады деген пiкiрiнiң жаны бар. Ол өзiмiз айтып отырған нақтылықтан туады, яғни тiрiнiң мола басына келуi. Мола басына өзiне қадiрлi адамын iздеп, орнын жоқтағандар келедi. Бұл айтыс ұлгiлерi қлi де зерттелiп, халық шығармашылығы әдебиетiнен тиесiлi орнын табады деген сенiмдемiз.
Достарыңызбен бөлісу: |