Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зертеу еңбегімді ХХ ғасыр басындағы айтысты зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып жаздым. Сонау Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов айтыс өнері туралы әр түрлі бағамдап, өзіндік пікір қалдырған. Осы ғалымдардың пікірлері қарастырылып, ғылыми тұжырым жасалынады.
Зерттеудің нысаны.
Зерттеу еңбегімнің басты нысаны-айтыс, оның тарихы. Ұлы Мұхтар Әуезов «Айтыс өнері сонау ХY ғасырларда да болуы мүмкін, бізде жазылып сақталмағандықтан белгісіз тұстары көп» деген пікір айтады. Осы пікірге сүйене отырып, мен айтыстың көпшілікке таныс, әсіресе халық жақсы білетін айтыскерлердің мұраларын қарастыруды жөн көрдім. Аз кем тарихына тоқталып, ғалымдардың пікірлерімен ұштастырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |