Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


III тарау 3.1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ- татар әдеби байланыстары



бет8/18
Дата05.12.2022
өлшемі326,5 Kb.
#55083
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті

III тарау
3.1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ- татар әдеби байланыстары.

ХХ ғасырдың басында татар әдебиеті барынша дамыды. Ол он ғасыр бойы жасай алмаған әдебиетін жасап, он ғасыр бойы тудыра алмаған әдебиет алыптарын тудырды.


ХХ ғасырдың басындағы татар мәдениеті көптеген түрік тұқымдас халықтардың мәдениетінен озық тұрды. Ал татар әдебиеті өзінің озық идеялары, көркемдік шеберлігімен басқа түркі тектес халықтардың әдебиетшілеріне үлгі-өнеге болды, татар арасынан ірі-ірі ақын-жазушылар шығып олар басқалар оқып-үйренерлік, тәлім аларлық бірсыпыра көркем туындылар берді. Мұндай адамдардың қатарына татардың ХХ ғасырдың басында өмір сүргенҚоғам және мәдениет қайраткерлері Х. Ямашев, М.Вахитов, Ғ.Құлахметов аса көрнекті ақын жазушылары Ғ.Тоқай,Ғ.Ибраһимов, М.Ғафури, Ф.Кәріми, Ғ.Камал, Ф.Әмірхан, М.Фаизи т.б. қосуға болады.
Академик –жазушы С.Мұқанов татар әдебиетінің қазақ әдебиетіне жасаған игілікті ықпалы жөнінде: «Ғабдолла Тоқай, Ғалымжан Ибраһимов, Мәжит Ғафури, Ғалиасқар Камал, Фатиз Әмірхан, Ғафур Құлахметов сияты үлкен жазушылар идея және көркемдік шеберлік жағынан қазақ ақын-жазушыларының бүкіл бір буынына әсерін тигізді. Татар әдебиеті және жекелеген татар жазушылары бізден басқа халықтардың да әдебиетіне да ықпал жасады. Мұның өзі түрікмен жазушысы Берді Кербабаев, өзбек жазушылары Абдолла Қадыри, Ғафур Ғұлам және тәжік жазушысы Садриддин Айнилардың шығармашылығынан айқын көрінеді. Мұның өзі бүкіл әлемге белгілі жайт»[37:84] десе ,белгілі қазақ жазушысы Ғ.Мұстафин: «Қалың татар көрмей жүрген халқымыз емес, қашанда адал ниетті көршіміз, ақ тілеулі ағамыз.Сахарада көзін ашқан жас балапан жазба әдебиетіміздің балақ жүнін түлеткен де- солар, төңкеріске дейін азын-аулақ кітаптарымыз болды десек, соның қай-қайсысында да кәрі қара шаңырақ Қазанның аты жазылған.Татар мәдениеті қазақ үшін көз көрмеген, аяқ баспаған бейтаныс өлке емес. Оның самалын ертеден –ақ саялап, оның миуасын баяғыда-ақ татқанбыз. Тәтті екен –тамсанғанбыз.Шөлдей, шөліркей ұмтылғанбыз сол жаққа»[38:№26].
ХХ ғасырдың басындағы татардың мәдениеті мен әдебиетінің ең көрнекті өкілі болған және татар әдебиетіне ғана емес, сонымен бірге бүкіл түркі тектес халықтардың әдебиетіне, көптеген ақын-жазушылары елеулі ықпал жасап, әсерін тигізген татардың ұлы халық ақыны Ғабдолла Тоқай (1886-1913) еді.Өйкені Ғ.Тоқай өзінің әлеуметтік мазмұны терең, көркемдік дережесі жоғары, шыншыл шығармаларынмен татар әдебиетін идеалық-көркемдік жағынан байытып оны биік сатыға көтереді.
Ол тек татар әдебиеті үшін ғана емес, бәлкім бүкіл дүние жүзінің классикалық әдебиеті үшін де маңызы бар шығармалар жазып, татар поэзиясы оның әдебиетінің негізін салған зор талант иесі болды.
Тоқай Оралда тұрған кезінде қазақтармен тығыз қарым-қатынас жасайды, медреседе оқып жүргенде, ондағы Ерғали, Нұрғали деген қазақ шәкіріттерімен достас, пікірлес, сырлас болады. Қала маңындағы Жымпиты, Қартөбе қазақ ауылдарына барып тұрады.Ол қазақ өлеңдерінің жарқын образға толы екенін айтып қайран қалады. Махаббат тақырыбына жазылған бір өлеңінен үзінді келтіре отырып, Тоқай былай дейді: «Осымен қатар менің оң жағымда бір парақ қағазға жазылған қазақ өлеңі жатыр. Бұл өлең мынау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет