Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Қазаннан бір ғалым шықты алмас болып



бет6/18
Дата05.12.2022
өлшемі326,5 Kb.
#55083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті

Қазаннан бір ғалым шықты алмас болып,
Көбейді дұшпандары һәм қас болып,
Мағына жауһарларын қолына алды,
Ақиқат теңізіне терең шолып [26:31].
Ақмолла қай жерге барса да, кіммен айтысса да осылайша Маржани бастап кеткен жаңалықты жақтап, оған бөгет болған кертартпа ескілікті сынап өлең айтады. Міне, Ақмоланың осы ақындық үнімен бірге қазақ даласына Маржанидың жаңашылдық идеялары да тарай бастады.
Маржанидың ескілікке қарсы күресіп, жаңалықты жақтау жөніндегі идеясы жалғыз Ақмолладан ғана емес, қазақ арасындағы басқа да оқу оқып, көзі ашылған адамдардан қолдау табады. Мәселен, Маржанидың кертартпа ескішілдікпен күресі, ағартушылық ой-пікірлері Х1Х ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың бірсыпыра ақын-жазушыларына, оның ішінде Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ақан сері, М.Серәлиннің қоғамдық-саяси, идеялық көзқарастарына әсер еткені байқалады. Мұны қазақ ақын-жазушыларының кейбір шығармашылығынан көруге болады.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында татар, қазақ халықтарының қалың бұқарасы жаппай дерлік сауатсыз болатын. Олардың арсында хат танып, шот білетіндері саусақпен санарлықтай ғана еді. Сол кездегі татар және қазақ ағартушыларының тобына қазақтардан – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтарды қоссақ, татарлардан ағайынды Халфиндер,Х.Фаизханов, С.Кукляшев, Ғ.Махмутов, Қ.Насыри т.б. жатқызуға болады. Бұлар ең алдымен мұсылманша, орысша қатар оқыған, осыған байланысты Шығыстың да, Батыстың да мәдениетімен жақсы танысқан білімді адамдар еді.
Қазақ-татар ағартушыларының бұл тобынан Шоқан Уәлиханов пен Хусайын Файзхановтың, сондай-ақ Қаюм Насыри мен Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. Өйткені, бұлардың әрқайсысы өз халқының ағартушысы болуымен бірге, өзімен көршілес туысқан халықтың тағдыры туралы көп оқыған, толғанған, оның тарихы, тілі мен әдебиеті жөнінде келелі пікірлер айтқан, сондай –ақ онда ағартушылық ой-пікірдің пайда болып жаңа бағыттағы жазба әдебиеттің өркендеуіне елеулі ықпал еткен. Мұның мысалы ретінде қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың (1835-1865) өмірі мен еңбегін алсақ та болады. Мәселен,ол алғаш рет ауыл молдасынан, татар мұғалімінен оқып хат таныған. Соның арқасында татар тілі мен жазуын еркін меңгерген.Оның үстіне Шоқан Уәлиханов озат ойлы орыс оқымыстыларымен ғана емес, сонымен бірге алдыңғы қатарлы татар ағартушыларымен де таныс болған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың Х1Х ғасырдың орта кезінде өмір сүрген татардың атақты оқымысты Ш.Маржанимен таныс болғаны, онымен кездесіп, сөйлескені жөнінде мәлімет бар. Ш.Уәлиханов 1860 жылдың қысында Омскіден Петербургке бара жатқан сапарында жолшыбай Қазан қаласына соққан, онда кейбір татар рқымыстыларымен, соның ішінде Ш.Маржанимен де кездесіп,сөйлескен. Шоқан Маржаниге қазақ халқының тарихы жөнінде, өзінің Қашқарияға жасаған саяхаты туралы әңгіме айтқан.Сөйтіп Маржани өзінің еңбегінде келтіретін қазақ тарихына, сондай-ақ, Қашқария мен Жоңғарияға байланысты иәліметтерді Шоқаннан алғанға ұқсайды[27:41].
Сондай-ақ, Х1Х ғасырда өмір сүрген көректі татар ағартушысы, ғалым Хусаин Фаизханов Шоқанның ең жақын достарының бірі болған. Шоқан Петербургке барғанда, көбіне соның үйіне түсіп жүрген. Ал,Шоқан Петербургтен өз аулына қайтқанда, оны шығарып салушылардың ішінде Х.Фаизханов та болатын. Шоқан мен Хусаин өзара хат та жазысып тұрған. Сондай хаттың бір-екеуін Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұлан мен татар ғалымы М.Усманов мұрағаттан тауып алып, баспасөз бетінде жариялады.
Х.Фаизханов көзінің тірі кезінде татар медреселеріне реформа жасау жөнінде өзінің жобасын жасап, түрліше өкімет орындарына ұсынады, таныстарына хат жазады. Бірақ, Файзхановтың бұл жобасы патша үкіметі орындарынан және кейбір татар ғалымдарынан тиісті қолдау таппағандықтан, кезінде жүзеге асырылмайды. Сөйтіп, татар ғалымының өз халқын оқу, ағарту жолына салу жөніндегі бұл әрекеті, қазақ ағартушысы Ш.Уәлихановтың арманы сияқты аяқсыз қалады.
Х1Х ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген қазақ, татар ағартушыларының кезінде орындалмай қалған осы арманын іс жүзіне асырған, халықпен тікелей тығыз байланыс жасап, оларды оқу-ағарту ісіне бастаған татардың көрнекті ғалымы Қ.Насыри мен қазақтың ағартушысы Ы.Алтынсаин болды. Қазақтың көрнекті ағартушы-демократ, ғалымы Ы.Алтынсарин (1841-1889) жастайынан орыс тілімен қоса ,татар тілін де оқып үйренген, орыс ғалымдары в:В Григорьев, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринскийлермен қоса, татар ағартушылары С.Кукляшев, Х.Фаизханов, Қ.Насыри т.б. жақсы таныс, пікірлес болған. Соған байланысты ол татар ағартушыларынан оқып үйрене білген.Ы.Алтынсаринге сабақ берген ұстаздық еткен адамдардың ішінде белгілі орыс ғалымы В.В.Григорьевпен бірге, бірнеше татар мұғалімдері де болады. Олардың арасында Шығыс зертеушісі М:Бекчурин, ағартушы-ғалым С.Б.Кукляшев, ахун У.Мусин т.б. бар еді[28:10-17].
Бұлардың ішінен С.Б.Кукляшевке ерекше тоқтаған жөн.Өйткені оның өмірі мен ағартушылық қызметі қазақтармен, оның ішінде, Ы.Алтынсаринмен тығыз байланысты болған. Салихжан Бекташұлы Кукляшев (1811-1864) Орынбордағы Неплюев училищесінде (1823-1830) оқыған. Оны бітіргеннен кейін Орынбор Шекара комиссиясында тілмаш болып істеген. Бірақ училищеден алған біліміне қанағат тұтпай, Қазан гимназиясында, Қазан университетінде оқиды.1836 жылы университеттің филология факультетінің Шығыс тілдері бөлімін үздік бағамен бітіріп шығады, оған ғылым кандидаты дәрежесі беріледі. С.Б.Кукляшев татар арасынан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының бірі.Университетті бітіргеннен кейін С.Кукляшев Орынборға қайта оралып, ондағы бір кезде өзі оқыған неплюев кадет корпусында Шығыс тілдерінен сабақ береді. Ол сонымен бірге Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған қазақ-орыс метебінде бақылаушы, тәрбиеші әрі мұғалім болып істейді.1850 жылы тамызда осы мектептің ашылуына қатысып, орыс және татар тілдерінде құттықтау сөз сөйлейді, кейін Ы.Алтынсаринге сабақ береді, ұстаздық етеді. Сөйтіп болашақ қазақ ағартушысы Ы.Алтынсаринның саяси-әлеуметтік, ағартушылық және педагогикалық көзқарасының қалыптасуына, басқа да орыс оқымыстыларымен бірге татар ғалымы С.Б.Кукляшев те елеулі әсер етеді.1859 жылы Кукляшев шығарған «Татар хрестоматиясы» мен Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясының» арасынан көптеген үндестіктер мен ұқсастықтарды табуға болады. Сондай-ақ С:Б:Кукляшев те , Ы.Алтынсарин де өздерінің бойындағы барлық күш қуатын қараңғы халықтың көзін ашып, санасын оятуға, оларды оқуға, өнер-білімге баулу ісіне бағыштады.
Белгілі татар ғалымы Х.Фаизханов 1860 жылдың жазында Орынборға келген. Онда ол Ы.Алтынсаринмен кездеседі. Бұл кезде ол Орынбордың облыстық басқармасында тілмаш болып істейтін. Х.Фаизханов пен Ы.Алтынсарин ұзақ әңгімелеседі, сырласады, ақыры достасып кетеді. Мұны Х.Фаизхановтың хаттарынан байқауға болады.
Татар ағартушыларының ішінен өзінің идеялық-шығармашылық қызметі жөнінен Ы.Алтынсаринге басқалардан гөрі Қаюм Насыри (1825-1902) жақын еді. Сондықтан ол одан көп нәрсені үйренеді. Қ.Насыри тәрізді Ы.Алтынсарин де 1864 жылдан бастап қазақ балалары үшін жаңа типті мектептер ашады. Соларға арнап «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық жазады. Қазақтарға орыс тілін үйрету мақсатымен «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку» (1879) деген еңбегін шығарады. Егер Қ.Насыри «Қазан татарларының сенімдері мен ырымдары» (1880) атты этнографиялық еңбек жазса, Ы.Алтынсарин де «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» (1870), «Орынбор қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» (1879) атты мақалаларын жариялайды. Содай-ақ Қ.Насыри – татар прозасының негізін салушы, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы болса, Ы.Алтынсарин де қазақ прозасының алғашқы үлгілерін жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы болған, халық әдебиеті туындыларын көптеп жинаған жазушы. Қ.Насыри мен Ы.Алтынсарин шығармалары тек мақсаты мен тақырыбы мен жөнінен ғана емес, сонымен бірге идея, мазмұн, түр жөнінен де бір-біріне үндесіп жатады.
Қ.Насыри мен Ы.Алтынсарин өздерінің түрліше тақырыпта жазылған оқулықтары, ғылыми-көпшілік кітаптарымен қараңғы халықтың көзін ашуға, табиғаттың сырларын ұғынып, керегін ала білуіне, сөйтіп, өз тұрмысын жақсартуға бірден-бір мүмкіндік туғызды.
Қ.Насыри дінді уағыздайтын «Отыз уағыз» атты кітабын жазып бастырса, Ы.Алтынсариннің «Шариғат-ул ислам» атты кітапша шығарғаны мәлім. Алайда бұл кітаптар олардың басты еңбектеріне еш нқұсан келтірмек емес.
Қаюм Насыридың ізгі есімі, ағартушылық қызметі және әдеби мұрасы өткен ғасырдың өзінде-ақ қазақтар арасына кеңінен мәлім болған. Мәселен, 1870 жылдардан бастап Қаюм шығарған оқулықтар мен күнтізбелер сол кездің өзінде-ақ қазақ даласына тараған. Әсіресе, оның 1872 жылы жарық көрген «Әбуғалисина хиссасы» атты аңыз әңгімесін қазақтар оқыған. Әбу-Әли ибн Синаның есімі және еңбегімен қазақтар көбінесе осы Қаюм кітабы арқылы танысқан.
Тағы бір айтатын кететін жай: сол жылдардың өзінде-ақ «Дала уәләяты» атты қазақ газеті өзінің беттеріндет Қ.Насыридің оқулықтары мен кітаптары жөнінде хабарлар, рецензиялар жариялап отырған.
Қазіргі кезде қазақ ғалымдары мен жазушылары Қ.Насыридың шығармашылығына көп көңіл бөледі. Мәселен, тарихшы Х.Айдарова, ақын Ж.Сыздықов, журналист Б.Мәзитов қазақ баспасөзі беттерінде Қ.Насыри туралы бірнеше мақалалар жазып, ұлы ағартушының өмірі мен қызметін қазақ оқушыларына кеңінен насихаттады.Сөйтіп, еліміздің басқа да көрнекті ғалымдары сияқты Қ.Насыри де қазақ оқушыларының аса қадір тұтатын ардақты адамына айналды.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында қазақ, татар әдебиеттерінің арасын жақындастырған бір әдеби құбылыс пайда болды. Ол- өз шығармаларын екі ілде қатар жазып, екі әдебиеттің ортақ өкілдері болып кеткен қазақ-татар әдебиеттерінің ортақ өкілдері – Ахмет Оразаев Құрмаши мен Ақмолла шығармалары еді.Бұлардың қайсысы болса да екі елдің ортақ ұлы болып, екі халықтың тілімен әдебиетін, әдет-ғұрыпы мен салт-санасын жақсы білген.Сондықтан да оларға екі халық тілінде де және екі халықтың тұрмысы, арман-тілегі жөнінде шығармалар жазу аса қиынға соқпаған. Есімі мен еңбегі қазақ және татар әдебиеттері тарихына бірдей енерлік, демек, екі елдің әдебиеттерінің ортақ деп есептеуге толық тұрарлық ақынның бірі – Ахмет Оразаев –Құрмаши-Қызылжари (?-1883). Өйткені, ол қазақ-татар тілдерін еркін игерген,қазақ-татар әдебиеттерін жақсы білген, өз шығармаларында қазақ әдеби тілін көбірек қолданған. Рас, оны қазақтардан гөрі татарлар жақсы біледі,жақын тұтады. Сондықтан да оның есімі мен еңбектері татар әдебиетінің тарихы мен татар поэзиясының антологиясына көптеп енеді [29:140-145; 30:134-137].
Ахмет Оразаев-Құрмаши қазіргі Қорған облысындағы Звериноголовск қаласында, татар отбасында туып өсті. Татар медреселерінде оқып, білім алды. Кейін Қазан губерниясына келіп, білімін толықтыралды. Шығармаларын көбінесе татар тілінде жазып, татарлар арасына таратты. Ол өз өмірінің бірсыпырасын қазақтар арасында өткізеді, жас кезінде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл (ескіше Қызылжар) қаласында медреседе оқып тәрбиеленеді, кейін есейіп ержеткен шағында (1880 жылдары) Қызылжарға қайтып келіп, осы қаладағы және қала маңындағы қазақ ауылдарының ішіне барып бала оқытады. Ахмет Оразаев- Құрмаши татар тілі және әдебиеті мен бірге қазақ тілі және әдебиетін де жақсы біген. Әсіресе, ол қазақтың ертегі – аңыздарын,тұрмыс-салт жырларын, мақал-мәтелдерін, сол сияқты батырлық және ғашықтық жырларын еркін игерген.Сондықтан да ол шығыс шығармаларының сюжеті мен алып, 1874 – 1876 жылдары жазып шығарған «Боз жігіт» пен «Таһир мен Зуһра» атты поэмаларында қазақ сөздерін көбірек қолданады. Мәселен, «Таһир мен Зуһрада» сергелдең,қадам, бота, отағасы, мазмұн, менен, алыс, қанша деген татар тіліне түсініксіз, қазақ сөздерін жиі кездестіруге болады.Сол сияқты Ахмет қазақ тіліндегі етістік формаларын да көптеп пайдаланған.Мәселен, оның өлең шумақтарынан мынадай өлең жолдарын кездеструге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет