Байланысты: Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы
Шыңғыс Айтматов (1928-2008) – «Адамзаттың Айтматовы» атанған заманымыздың заңғар жазушысы және белгілі қоғам кайраткері. Ол Қырғыз Республикасының Талас өңіріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті аяқтаған бала-Шыңғыс, Отан соғысы жылдарында ауылдық кеңестің хатшысы және салық жинаушысы болып жұмыс істеп, еңбекке ерте араласады. Кейінрек Жамбылдың мал шаруашылық техникумын бітіріп, білімін Қырғыз ауылшаруашылық институтында жалғастырады. Институтты 1953 жылы бітіріп, 3 жылдай зоотехник қызметін атқарады. 1956-58 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсында тыңдаушы, 1959-60 жылдары «Литературный Киргизстан» журналының редақторы, 1960-65-жылдары «Праңда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-86 жылдары Қырғызстан Киноматографистер одағының төрағасы, 1986 жылдан Қырғызстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1988 жылдан «Иностранная литература» журналының бас редақторы, 1990 жылы КСРО-ның Люксембургтегі елшісі болып сайланған, 1991 жылдан Қырғызстанның Белыгиядағы төтенше елшісі қызметін атқарады.
1962 жылы жарияланған «Әшім» атты тырнақ алды әңгімесінен кейін «Аспалы көпір» (1956), «Бетпе-бет» (1957) т.б. әңгімелері жарық көрген. Жазушыны алғаш рет даңққа бөлеген шығармасы – «Жәмила» (1958). Осы шығармасына М.Әуезов алғаш рет жүрекжарды пікір айтып, Айтматов дарынын жоғары бағалаған. Француз жазушысы Луи Арагон бұл шығарманы француз тіліне аударып, «Жәмила» - дүниежүзіндегі махаббат тақырыбына жазылған шығармалар ішіндегі теңдесі жоқ туынды деп бағалайды. Жазушы шеберлігінің арқасында өз бақыты үшін күрескен батыл да, сұлу Жәмила бейнесі оқырман қауымды ерекше баурап алған. Повесты оқиғасы бірін-бірі жан-дүиесімен ұға білетін Жәмила мен Даниярдың ниеттес, жас досы Сейіт атынан баяндалады. Осы туындысынан кейін-ақ бұрынғы Кеңес одағы деп аталатын кең аймақта Айтматов шығармалары ерекше құбылыс болып саналып оқырман қауым оның қаламнан туған әрбір шығарманы назардан тыс қалдармаған. Ол өзінің «Құс жолы», «Ана - Жер-ана», «Алғашқы ұстаз» (1963) сияқты шығармаларында әлеуметтік мәселелерді, рухани байлықты, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті, адамның асыл мұраттарын, табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасын шынайы суреттейді. Жазушы «Тау мен дала хикаясы» шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алса, «Қош бол, Гүлсары» (1967), «Ерте қайтқан тырналар» (1975), «Боранды бекет» (1980) сияқты шығармалары үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. «Шынарым менің, шырайлым менің» (1960), «Ақ кеме» (1970) повестері де әлем халықтары сүйіп оқитын туындылар болып есептеледі. Бұл шығармаларында Айтматов замандастарымыздың түрлі мінездері мен болмысын, адам бойындағы қатігездік табиғатын асқан шеберлікпен бере білген. Сонымен қатар жазушы «Жанпида» (1986), «Кассандра таңбасы» (1995) романдарында өмірдің сан-қилы қыры мен сырына үңіліп, философиялық толғамдар жасайды. Ол өз оқырманының назарын адамгершілік мінез-құлықтың осы күнгі толғақты мәселелеріне аударып ой тастайды.
Ш.Айтматов шығармалары бойынша көптеген көркем филымдер түсіріліп, оның есімі әлем жұртшылығына кеңінен танымал болды «Ана – Жер ана», «Шынарым менің, шырайлым менің», «Боранды бекет», «Жанпида», қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» сияқты шығармаларының сахналық нұсқалары жасалып, Қырғызстанның, Қазақстанның және т.б. елдердің театр сахналарында қойылған. 1997 жылы қазақ ақыны М.Шахановпен бірігіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» эссё кітабы жарық көріп, осы екеуі бірігіп жазған «Сократты еске алу түн немесе миғұла терісі үстіндегі сот» (1998) пьесасы Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған.
Ш.Айтматов өз шығармаларын қырғыз және орыс тілінде қатар жазатын жазушы.