Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы


Аалы Тоқамбаев (1904-198)



бет15/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Аалы Тоқамбаев (1904-198)Қырғыз әдебиетінің поэзиялық, прозалық және драматургиялық жанрларының жан-жақты дамуына қомақты үлес қосқан қаламгер. Ол 1904 жылы Қырғызстанның Қайықды қыстағында жұпыны отбасында өмірге келген. Жоқшылықтың салдарынан бала кезінен тұрмыс тауқыметін көп тартады. Өз зеректігінің арқасында, ауыл молдасынан сауаты ашады. 1916 жылғы көтеріліс кезінде жазалаушы отрядтан қашқан қырғыздармен бірге Аалының отбасы да Қытайға өтеді. Ол жақта тағдыр Аалының маңдайынан сипай қоймайды. Ағаларынан әкесінен айырылып, көп қайғы-қасірет шегеді. Анасы екеуі туған жеріне қайтып келе жатқанда, анасы да қайғылы қазаға ұшырайды. Бүкіл отбасынан жалғыз өзі ғана аман қалған ақын өз мекеніне шерлі жүрекпен оралады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қайғылы көріністері ақын жүрегінен ұмытылмастай орын алғандықтан, ол бұл тақырыпқа жиі-жиі оралып отырған. Аалының «Жетім», «Жараланған жүрек», «Таң алдында», «Тарих сөйлейді» сияқты шығармаларында сол қанды жылдардың шырғалаңды оқиғалары көрініс береді. 1922 жылдан бастап ақын өнер-білімге ден қояды. Ол Ташкент қаласына барып, алғаш Кеңестік партия мектебінде (Совпартшкол) оқып, келесі жылы Орта Азия Мемлекеттік Университетіне (САГУ) түседі. Өзінің оқу-білімге білімге шақырған тырнақалды туындыларын ақын студент кезінен жаза бастаған.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Аалы лирикалық- романтикалық прозаға бой ұрады. Оның «Жаралы жүрек», «Күй құпиясы» сияқты шығармаларында батыл, табанды, тәуекелшіл жандардың толыққанды бейнелері сомдалған.
Ұлы Отан соғысы кезінде Аалы саяси тақырыптарға шоқтығы биік туындылар жазған. «Естисің бе?», «Бар, менің ұлым!», «Ана сөзі» сияқты т.б. өлеңдерін отан қорғаушыларға арнайды. Осы кезеңнен бастап ақын философиялық толғамдарға толы «Менің терегім», «Қымбат сыйлық» сияқты публицистикалық шығармалар жазады. Сонымен қатар осы кезеңде қаламгердің көптеген сыни мақалалары мен «Ар-намыс», «Ант», «Тоғайдың қожайындары» сияқты Отан соғысы кезеңінің оқиғалары суреттелген пьесалары да жарық көреді.
А.Тоқамбаев шығармашылығы Отан соғысынан кейінгі жылдарда да өрістей түскен. Қаламгер «Қанды жылдар» (1950) романында өз басынан жат жерде өткізген қанды оқиғаларды ғұмырнамалық тәсілмен суреттеген.
Аалы Тоқамбаев - ғылым саласында да өндіре қалам тербеген. Ол Т.Сатылғанов шығармашылығы» және «Манас» деп аталатын көлемді бірнеше зерттеу еңбектерін жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет