Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы


Тоқтағұл Сатылғанов (1864 - 1933)



бет14/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Тоқтағұл Сатылғанов (1864 - 1933) – өз жырларында қырғыз елінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси өміріндегі өзекті мәселелерді арқау еткен халық ақыны. Ол Қырғызстанның Кетментөбе алқабындағы Сасықжиде (қазіргі Қырғызстанның Жалалабад облысы, Тоқтағұл ауданы) деген жерде дүниеге келген. Ақын жас кезінен халық ауыз әдебиетінен мол сусындап, зерек болып өседі. Оның бұлай өнерлі болып өсуіне анасының ықпалы зор болған. Себебі анасы Бұрма қырғыз халқының тұрмыс-салт жырларын, ертегілерін көп білетін, саз аспаптарында ойнайтын өнерлі жан болған керінеді. Анасы өз бойындағы барлық қасиеттерін баласына дарытуға күш салған. Соның нәтижесінде Тоқтағұл қобыз тартып, өлең шығарып, он бес жасынан ақын атанады. Ол халық басындағы ауыртпалықты уытты тілмен әшкерелейтін, от ауызды, орақ тілді ақын болып қалыптасады. Тоқтағұл өзінің «Арзыматқа», «Бес қабан» деген өлеңдерінде Рысқұлбек дейтін манаптың жетім-жесір, жарлы-жақыбайларға көрсеткен зұлымдығын халық көзінше әшкерелеген. Оның бұндай батылдығы мен шешендігі сол кезеңнің әкімдеріне ұнамай, оған «Андижандағы 1898 жылғы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі» деген айып тағылып, өлім жазасына кесіледі. Кейін үкім 25 жыл түрмедө отырумен ауыстырылады да, ақын Сібірге жер аударылады, бірақ тағдыр тәлкегіне түскен Тоқтағұл жасымайды. Қайта ширығып, жауларына кектене түседі. «Айдаудағы жыр» өлеңіндегі төмендегі жолдар ақынның өр тұлғасын, жігерін танытады:
Үлкен, кіші, кәрі, жас
Ұғып қал айтқан сөзімді
Тұтқыннан қайтсам босанып
Дұшпаннан алам өшімді
Сібірде 10 жыл айдауда болған ақын түрмеден қашып шығып, елге оралады. Ол ел арасында «Манас», «Ер Табылды», «Құрманбек» сияқты жырларды жатқа айтып халықтың сүйікті ақынына айналады. Қазақ, өзбек жерлерін аралап, олардың майталман шешендерімен, ақындарымен кездесіп, кейбіреулерімен айтысқа да түседі.
Тоқтағұлдың «Күлипа-Гүлнар», «Әлімхан» сияқты өлеңдерінде адамгершілік, гуманизм ерекше дәріптеледі. Ерлік пен өрлікті, қайсарлықпен өжеттікті өз толғауларына өзек еткен Тоқтағұл жырлары қазақтың жауынгер ақыны Махамбет өлеңдерімен үндес, сарындас болып келеді.
ХІХ ғасыр қырғыз әдебиетінде ақындық поэзияның ерекше дамыған кезеңі болып есептеледі. Ақындар халық арасындағы әртүрлі дау-дамайларды шешуде маңызды рөл атқарып, шешендік дәстүрдің тамаша үлгілерін қалыптастырған. Осы кезеңнің белгілі ақындарының бірі – Тоғалақ Молда. Тоғалақ Молда (шын аты – Байымбет Абдрахманов) 1860 жылы Қырғызстанның Тяны-Шаны облысының Құртқа ауылында дүниеге келген. Алғаш ауылдық мұсылман мектебінен сауатын ашқан. Атақты ақын және қобызшы болған атасы Мұзекенің тәрбиесінің әсерімен Тоғалақ Молда поэзия мен өнерге жақын болып өседі. Атасы қайтыс болғаннан кейін Байымбет туған ауылынан Шу өңіріндегі Тоқмақ қаласына жақын елдімекенге қоныс аударады. Токмақ қаласы ол кезде сауда мен мәдениеттің орталығы еді. Онда қазақ, татар, өзбек тілдеріндегі кітаптар көптеп сатылатын. Тоғалақ Молданың өнер мен білімге деген құштарлығына бұл жағдай игі әсерін тигізген. 1889 жыл болашақ ақын жыр дүлдүлі Тоқтағұл Сатылғанов туралы естіп, оны іздеп келеді. Үш ай бойы Тоқтағұл Сатылғановтың жанында болып, ақындық өнердің қыр-сырларын үйренеді. Сол кездерден бастап Тоғалақ Молданың Тоқтағұлмен достығы үзілмеген. 1898 жылы Тоғалақ Молда Тоқтағұлды екінші рет іздеп барғанында, оның Сібірге айдалып кеткенін естиді. 1904 жылы Тоғалақ Молда өзінің «Тоқтағұл туралы сөз» деп аталатын өлеңінде Тоқтағұлдың Сібірде аман-есен оралуына байланысты алған әсерін көркем жырмен көмкере білген.
Тоғалақ Молда өз өлеңдерінде қоғамдық өмірдегі маңызды тақырыптарды айшықты жырларына өзек етіп, өз шығармаларында халықтың ауыр тұрмысын, әсіресе қырғыз қыздарының теңсіздігін нанымды суреттеген («Кәрі шалға ұзатылған қыздың мұңы») Ақынның «Диқан әйелінің мұңы» деген өлеңі Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесімен тақырыптас. Бұл өлеңінде ақын қырғыз халқын отырықшылдыққа үндейді. «Алатау», «Шілде», «Жер мен оның балалары» деп аталатын өлеңдерінде Тоғалақ Молда туған өлкесінің тамаша табиғатын бейнелейді. Тоғалақ Молданың кейбір шығармаларынан Абай шығармаларымен сарындастық байқалады. Ақынның «Манаптың зұлымдығы» атты өлеңі Абайдың «Сегіз аяқ» «Бойы бұлғаң» өлеңдерінің өлшемдерімен жазылған.
Тоғалақ Молда «Атқан таң мен Сүйгенбай» поэмасында екі жастың арасындағы сүйіспеншілікті романтикалық сипатта жырлай білген. Поэмада қарапайым отбасынан шыққан Сүйгенбай мен дәулетті адамның қызы Атқантаң сұлудың бастарын қатерге тіккен машақатты махаббаты жырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет