Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет19/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Дәріс мақсаты: Студенттерге өзбек халқы мен өзбек әдебиетінің классикалық үлгілері туралы түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Өзбек халқының туралы қысқаша мәлімет.
2. Өзбек әдебиетіне шолу.
3. Әлішер Науаи «Хамса».
4. З.М.Бабыр «Бабырнама».
5. Фурхат шығармашылығы.
6. Хамза шығармашылығы.
7. Мукими шығармашылығы.
8. Айбек шығармашылығы.
9. Ғафур Ғұлам шығармашылығы.
10. Абдулла Қаһар шығармашылығы.
11. Пірімқұл Қадіров шығармашылығы
Дәрістің мазмұны. Өзбекстан Республикасы — Орта Азияның орталық бөлігінде орналаскан егеменді түркі тілдес елдердің бірі. Жер көлемі – 4475 мың км2. Халқы – 25 млн. (2004 жыл). Астанасы – Ташкент. Мемлекеттік тілі – өзбек тілі. ¥лттық валютасы – сум.
1924 жылы Орта Азияның ұлттық территориялық бөлінісі нәтижесінде Өзбек ССР кұрылды. 1924-1939 жылдар аралығында Өзбек ССР-ң құрамында Тәжік автономиялық ССР-ы болған. 1939 жылы Тәжікстан өз алдына республика болып бөлініп шыкқан. Бұған дейін Қазақ ССР-ң құрамында болған Қарақалпақ АССР-ы 1936 жылдан бастап Өзбек ССР-ң құрамына өткен.
Өзбек халқы негізінен Өзбекстанда сонымен қатар Қазақстанда, Ауғанстанда, Алдыңғы Азияда, Үндістанда, Пәкістанда тұрады. 1995 жылғы бүкіләлемдік санақ бойынша дүниежүзіндегі өзбек халқының саны – 20 млн-нан асады.
Өзбек әдебиетінің ежелгі нұсқалары өзбек халқы мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын поэтикалық халық ауыз әдебиеті шығармашылығына жатады және оның ежелгі дәуірлерден басталатын ұзақ та қызықты тарихы бүгінгі күнге дейін желі тартып келеді.
Орта Азияның Иран, Қытай, Үндістан, Сирия, Египет елдерімен мәдени-экономикалық байланыс жасауы, әрі сол елдердің аралығындағы ірі сауда жолының орталығы болуы өзбек халқының мәдениетіне зор ықпалын тигізді. Сондықтан фолыклористика ғылымында сараланған алуан түрлі жанрдың қандай үлгілерін болса да өзбек әдебиетінен кездестіруге болады.
Ауыз әбиетінде өзбек халқыныңның тұрмыс-салтына байланысты жырлар – наурыз өлеңдері, бесік жыры, үйлену салтына, көктемде егін салу, күзде егін жинау мерекелеріне байланысты айтылатын өлеңдер сондай-ақ мақал-мәтелдер, ертегілер, лиро-эпостық және батырлар жыры кең орын алған. Осы ауыз әдебиеті үлгілерінде тұрмыс-салт жыры – «Латифа» ерекше орын алады.
Сонымен қатар өзбек халық ауыз әдебиетінің басты кейіпкері Нәсреддин Әпенді - халық қиялынан туған типтік бейне.
Орта Азия мен Қазаақстанды мекен еткен басқа да түркі тектес халықтар әдебиетінде кездесетін батырлық жырлардың аңыздық кеіпкерлері өзбек халық ауыз әдебиетінде жеке-жеке дастан түрінде жырланады. Олар: біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда Орта Азия халықтарының шетел басқыншыларына қарсы күресін басқарған, әйелдер арасынан шыққан қолбасшы Тұмар патшайым туралы «Томирис» дастаны, Дарий I (521-485 ж.) патшаның әскерін Барсақелмес шөлінде адастырып жіберіп, өз елін сыртқы жаулардан қорғап қалған қойшы жігіт Шырақтың ғажайып ерлігін жырлаған «Ширақ» эпос ерлік пен махаббат тақырыбына арналған «Зарина» және Стрпангия» дастандары, т.б.
Өзбек әдебиетінің үш жүзден асатын халық дастандарын өзбек әдебиеттану ғылымы бес топқа бөліп қарастырады
1. Ерлік дастандары («Алпамыш», «Раушан»,
2. Соғыс дастандары («Шамшид-наме», «Жүсіп пен Ахмет «Әлібек пен Бәлібек», т.б.).
3. Тарихи дастандар («Тулум-бий», «Шайбани хан «Маматкарим палуан», «Жизақ көтерілісі», т. б.).
5. Романтикалық дастандар («Рустамхан», «Күнтуғмиш» «Арзыгүл» «Ералы мен Шералы», т, 6.).
6. Кітаби дастандар («Уарақа мен Гүлшах», «Уамиқ пен Узро» «Тахир-Зухра», «Малика-Дилорам», «Фархад-Шырын» «Ләйлі-Мэжнүн» т.б.) деп жіктеп қарастырады.
Өзбек халқының жазба әдебиеті XV ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Атаи, Сақкақи, Лутфи ғазалдарынан бастау алады.
Өзбек әдебиетінің қалыптасуына Лутфқдің «Гүл мен Наурыз» дастаны ерекше әсер еткендігін кезінде Әлішер Науаи шығармаларында атап көрсеткен.
Өзбек көркем сөз өнерінің әлемдік әдебиеттің алтын қорына косылуына мол үлес қосқан шайыр - Әлішер Науаи.
¥лы Науаи бастаған игі дәстүрді XVI ғасырда жалғастырушы Захиредцин Мухаммед Бабыр (1483-1530).
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, ғазалдарын ағартушылық бағытта жазған Мукими (Мұхаммед Алиходжа) (1850-1903), Фуркат (Зәкіржан Халмухамедов) (1853-1909), т.б. ақындар өзбек әдебиетіне жаңа леп ала келген еді.
Классикалық өзбек поэзиясы дәстүрін жалғастырушылар Ғафур Ғұлам (1903-1966), Айбек (Мұса Ташмұхамедов) (1905-1968) болды.
Хамза Хақім-зада Ниязидің (1889-1929) «Бай мен Б»тырқ» пьесасы, «Майсараның әлегі» комедиясы, Абдулла Қаһардың (190 1960) «Ауру тістер», «Жаңарған өлке», «Табигаттағы дауыс «Шынашақтай шымшық» сияқты драмалық шығармалары өзбек кеңес әдебиетінің озық үлгілерІнен саналады.
Қазіргі кезеңдегі өзбек әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Пірімқүл Қадыров (1928). Тырнақ алды «Студенттер» атты кітабы өзінің студенттік шағыңда шығарған П.Қадыров кейін «Қара көздер», «Үш ат», «Менің қазыналарым», «Алмаз белдік» сияқты роман-повестерімен өзбек кеңес әдебиетінің көкжиегін кеңейткен қаламгер. Әсіресе оның тарихи тақырыпка жазылған «Жұлдызды түндер» романы қалың жұртышылық тарапынан ерекше бағаланып әлемнің кептеген тілдеріне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет