Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет22/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

ҒАФУР ҒУЛЯМ (1903-1966)

Өзбек әдебиетінің XX ғасырдағы көрнекті екілі, Өзбекстанның халық ақыны Ғафур Ғулям (Ғулямов Ғафур Ғулямұлы) 1903 жылы 10 мамырда Ташкент қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. Тоғыз жасынан жетім қалып, тұрмыс зардабын көп шегеді. Сауатын алғаш мектепте ашып, кейін Самсонов орыс-тузем училищесінде оқиды. Қазан теңкерісінің жеңісінен кейін Ғафур Ғулям мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп, балалар үйінде тәрбиеші, меңгеруші болып қызмет атқарады.


Ақын 20 жасынан бастап шығармашылық жұмысқа ден қойып, үнемі іздену үстінде болады. Оның газет-журнал қызметіне біржолата ауысуы ақын қаламының ұшқырлануына игі әсерін тигізеді. 1931 жылы жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағында социалистік құрылыс тақырыбы жырланады. «Түрксибтің жолында», «Екі акті» өлеңдері мен «Қоқан» поэмасында ақын өндіріс, шаруашышық мәселелерімен қатар, халықаралық тақырыпқа – Азия мен Африка елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысына да үн қосады. Көптеген өлеңдері мен поэмалары арқылы өзбек поэзиясына өзіндік жаңалық ендірген Ғафур Ғулям әсіресе, азаматтық поэзияны жырлауда жаңашыл ақын ретінде танылды.
Ғафур Ғулям «Мен еврей», «Сен жетім емессің», «Алтын медаль», «Әйел» т.б. көптеген өлеңдерінде кеңес халқының бірлігі мен патриоттығы, халықтар арасындағы достығы биік пафоспен жырланады. 1943 жылы жазылған «Шығыстан келемін» атты өлең топтамалры үшін ақынға КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріледі.
Ғафур Ғулям тек поэзиялық туындылар ғана емес көптеген прозалық шығармалардың да авторы. Оның «Нетай», «Қайта тірілген өлік», «Сотанақ бала» атты прозалық шығармалары уытты тілмен жазылған сатиралық үздік туындылары өз алдына бір сала.
Сонымен қатар Ғафур Ғулям ғылыми жұмыспен де шұғылданған қарымды қаламгер. Ол Шығыстың классикалық әдебиеті, Науаи, Мукими, Фурқат шығармашылығы, өзбек әдебиетінің тарихы жайлы көлемді ғылыми еңбектер жазып қалдырған.
Өмірінің соңғы жылдарында Ғафур Ғулям «Қорытынды» деп аталатын философиялық ой-тұжырымдарға толы лирикалық туындысын жазып, ол шығармасында автор өзінің саналы ғұмырында жазған еңбектері мен атқарған істеріне қорытынды жасайды. Осы еңбегі мен «Өлеңдер» деп аталатын жинағы үшін (қайтыс болғаннан кейін) 1970 жылы Ғафур Ғулямға Лениндік сыйлық беріледі.
Өзбек халқының белгілі қоғам қайраткері, өзбек әдебиетін дамытуға ат салысқан талантты жазушы Ғафур Ғулям 1966 жылы 10 шілдеде дүние салды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет