Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет21/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
ХАМЗА ХАҚИМ-ЗАДЕ НИЯЗИ (1889-1929)

Өзбектің кеңестік дәуірдегі әдебиетінің негізін қалаушысы, прозашы, драматург, ән өлеңінің шебері, композитор және режиссер Хамза Хақим-заде Ниязи 1889 жылы Өзбекстанның Қоқан қаласында дүниеге келген. Туған жерінде мектеп, медреселерден білім алған ол өз бетімен Фирдауси, Низами, Науаи сияқты Шығыстың әйгілі классиктерінен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мол сусындайды. Сонымен қатар ол өзбек әдебиетінің жаңа кезендегі поэзиялық үлгілерімен қоса Фурқат пен Мукими шығармаларын терең зерттейді.


Жастық шағы XX ғасыр басындағы дүрбелеңді кезеңге тап келген Хамза замана талабына сай орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен жете танысады. Ол шығармашылық жұмыспен 16 жасынан айналыса бастаған. Бұл тұстағы өлеңдеріне елде белең алған төңкеріс тақырыбы арқау болады.
1911 жылдан бастап Хамза бірнеше жерде мектеп ашып, оқулықтар жазып, оқу-ағарту ісімен айналысумен қатар, шығарма- шылық жұмысын да дамытып отырады. Осы кезеңде коптеген публицистикалық шығармалар, ұлттық әндер жинағын, «Феруза-ханум» повесін жазады.
«Кедейлік қайдан келеді» деп аталатын мақаласында автор кедейліктің негізгі себебі надандықтан деп біледі. Ол осы ойын «Жаңа бақыт» повесінде толықтыра түседі. Бұл шығармада қарапайым халыққа елді билеп отырған әкімдердің көрсетіп отырған әділетсіздіктерін айта келіп, олардың осындай қорлыққа төзуінің басты себебі – надандық пен қараңғылық деп біледі де, тендіктің тетігі оқу мен білімде деген ой түйеді.
«Оян, Түркістан», «Ей, жұмысшы», «Азаттықты қолдан берме» т.б. өлеңдерінде ақын халықты өз азаттығы мен еркіндігі үшін аянбай күресуге шақырады. Хамза өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері – жұмысшылар мен шаруалар, мұғалімдер мен қызыл әскерлер. Заман талабына сай, жаңа мазмұнды өлеңдер жазып, оны тың көркемдік тәсілдермен өрнектеп, өзбек поэзиясындағы өлең өрнегінің арнасын кеңейтеді.
Оның 1919 жылы жарық көрген «Әтір гүл» атты өлеңдер жинағы өзбек поэзиясында социалистік лириканың үлгісі ретінде қабылданады. Бұған дейін өзбек халық әуендеріне өлең жазып келген ақын, енді өз өлеңдеріне ән шығара бастаған. Хамзаның бұл синкретті өнері оны өзбектің кеңестік дәуірдегі алғашқы композиторы деген атқа ие етеді.
Аса талантты өнер адамына айналган Хамза азамат соғысы кезінде көшпелі театр ұйымдастырады. Бұл театрларға қойылатын драматургиялық шығармаларды да, оған қажет әуендерді де өзі жазып, ол пьесалардың басты рөлдерінде де өзі ойнаған. Осы тұста жазылған «Ферғана трагедиясы», «Жеңіс» және «Бай мен батырақ» сияқты пьесалары өзбек драматургиясының алғашқы үлгілері ретінде қабылданады. Бұл пьесалардың ішінде ерекше бағаланған және ұзақ уақыт театр репертуарынан түспеген «Бай мен батырақ» пьесасы шоқтығы биік туынды. Пьесаның басты кейіпкері Салықбай арқылы автор халықты қанаудың, езудің алуан түрлі жолын білетін зұлымдардың типтік бейнесін жасап, сол арқылы дәуір тынысын аңғартады.
Хамза шығармашылығынан кең орын алған тақырыптардың бірі – әйел теңсіздігі. «Тұрсынайдың мұң-зары» атты өлеңінде өмірі арманда, күндікте өткен өзбек әйелінің тағдыры көрсетілсе, «Еркін әйелдер жайлы» шығармасында теңдікке қолы жеткен өзбек әйелдерінің бейнесі жасалады. Оның «Уланған өмір», «Холисқан» атты пьесаларында да әйелдердің аянышты халі суреттелінеді. «Уланған өмір» пьесасында бас кейіпкер Мәриям ескі әдет- ғұрыптың, дәуірдің құрбаны болып, өзін-өзі өлтірсе, «Холисқан» пьесасындағы Холисқан да күңдік тіршілік кешкен, ауыр тағдыр иесі. Хамзаның «Майсараның әлегі», «Паранжының құпиясы», «Бұрынғы сайлау» пьесалары осындай күрделі мәселелерді көтереді.
1926 жылы Хамзаға «Халық жазушысы» деген құрметті атақ беріледі. Хамзаның халық арасындағы беделінен қорыққан реақцияшыл топ оны 1929 жылы 18 наурызда қорлықпен өлтіреді. Қазір сол жерде жазушының кесенесі орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет