Назым Хикмет Ран (1902-1963) - ақын, ірі қоғам кайраткері, түркі әдебиетінде төңкерісшіл поэзияның негізін салушы. Ол өзінің биік пафосқа толы романтикалық сарындағы өлеадері арқылы түрік поэзиясына жаңа ырғақ, еркін өлең түрін енгізді. Оның «Күннің жыры» (1929), «835 қатар жол» (1929), «Үнін жоғалтқан кала» (1930) сияқты өлең-жинақтарыңда адамзат баласын асыл мұраттарға, биік гуманизмге үндейді. Назым Хикмет тек ақын ғана емес, соңдай-ақ түрік әдебиетінің көкжиегін өз пьесаларымен кеңейткен драматург. Оның «Бәрі де ұмтылған» (1935), «Дарақы» (1955) сияқты драмалық шығармаларында да поэзиялық туындыларындағы идеяны ілгері дамытады. Әзиз Несин (шын аты-жөні Махмуд Нүсрет) – түрік қоғамындағы орын алған келеңсіздіктерді улы тілмен жеріне жеткізе жаза білген түрік әдебиетінің аса көрнекті сатирик және юморист жазушысы. Оның «Ахиреттен келген хаттар», «Егер мен әйел болсам», «Хамди атты піл» (1955), «Ер азамат» (1959), «Әңгіме оқи отырыңыз», «Отанымыз жасасын» (1975), «Өзің кінәлі» әңгімелер жинақтарында өзінің туған халқын ерекше патриоттық; сезіммен сүйе отырып, оның бойындағы кейбір ақылға сыймайтын кеселді мінездерді, сарказмға толы өткір тілмен шебер бере біледі. Бұл пікірді оның «Әліпбидің алғашқы әрпі», «Мынау немене?» т.б. әңгімелері айғақтай түседі. Әзиз Несин тек қысқа әңгіме жазумен шектелмей, аса күрделі жанр –«Футбол королі» (1957), «Зюбюк» (1961) сияқты сатиралық романдар да жазған. Кепрюлюзаде Мехмед Фуад – жаңа Түркия мәдениетінің көрнекті тұлғасы, ақын, публицист, ғалым. Шығыс және Батыс әдебиеттерін терең зерделеген М.Ф.Кепрюлюзаденің әдебиеттану мен түркітанудағы сан-салалы ғылыми еңбектері әлемдік маңызға ие. Хұсейін Ниһал Атсыз (1905-1975) – ежелгі түркілер (көк түркілер) өміріне арналған көптеген тарихи романдар жазған аса дарынды Түрік жазушысы. Оның Түрік қағандығы (552-745 жылдар) дәуірін зор шеберлікпен бейнелейтін «Көкбөрілердің өлімі», «Көкбөрілердің тірілуі» (1949) романдары, сондай-ақ XIV- XV ғасырлардағы Сұлтандық Түркияның тыныс-тіршілігін баяндайтын «Көкжал» романы автордың есімін бүкіл әдебиет әлеміне мәшһүр етті. «Көкбөрілердің өлімі» романның негізгі идеясы ата-бабаларымыздың ерлігін, өнегелі істері мен игі салт-дәстүрлерін тәуелсіздік жолындағы жанкешті күресін бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету.