Бақылау сұрақтары:
1. Саха халқы туралы мәлімет.
2. Саха әдебиеті туралы шолу.
3. Плотон Ойунский шығармашылығы
4. М.Аммосов щығармашылығы
5. Эрлик Эристин өмірі, шығармашылығы
6. Сафрон Данилов, Семен Данилов Василий Протодьяков, Иван Федоссев шығармашылықтары
Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Саха халқы туралы мәлімет.
2. Саха әдебиеті туралы шолу.
3. Плотон Ойунский шығармашылығы
4. М.Аммосов щығармашылығы
5. Эрлик Эристин өмірі, шығармашылығы
6. Сафрон Данилов, Семен Данилов Василий Протодьяков, Иван Федоссев шығармашылықтары
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбүлдары. А., 1970
2. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1995
3. Сөз зергерлері. А., 1966
4. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962
5. Әуезов М. 20 томдық шығ. жинағы. 19-20 беттер
6. Бейсенова М. Түркі халықтар әдебиеті. Шымкент, 2006.
7. Оразалиев С. Сібір түркі халықтарының әдебиеті. Шымкент, 2008
8. 0черки истории якутской советской литературы. М., 1958
9. Литература народов Сибири. Новосибирск. 1956
№12 ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰМЫҚ-НОҒАЙ ӘДЕБИЕТІ
Дәріс мақсаты: Студенттерге Құмық-Ноғай халқы мен олардың әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Құмық-Ноғай халқы туралы мәлімет.
2. Құмық-Ноғай әдебиеті туралы шолу.
Дәрістің мазмұны. Алтын орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік – батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік – шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік – батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік – батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген. Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған. Қаланың іргесі X ғасырда қаланған Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарқорым, Қытаймен байланыстырған. Қала ХІІІ-ХІV ғасырларда Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. Сарайщықта Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандары жерленген.
Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Осы Ноғайға (1260 – 1306) қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен. Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тіллдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ал Орданың іргесін қалаған – Ноғайдың баласы Едіге. Орда Едігенің кезінде алтын Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің балсы Нұраддиннің кезінде (1426-1440) өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады.
Ноғай Ордасының негізін қалағандардың бірі, атақты, беделі зор Едіге өзін хан етіп жариялауға құқы болмағанымен, Алтын Орданың билеушісі болды. Оның кезінде ноғайлар Алтын ордадан бөлектенген, елеулі феодалдық иеліктердің біріне айналды. Алтын Орданы басқарған Едігенің “беклер бек” – “ұлы әмір” атағы болған. Оның билігі шексіз зор болды. Шыңғыс әулетіненхан көтеру Едіге келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты. Маңғыт елі оған арнап “Едіге жырын” шығарды. Едіге ХІV ғасырдың 90 жылдары Тоқтамыс ханмен, біріншіден, билік үшін, екіншіден, Ноғай Ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту үшін соғысқан.
Едіге Орданы он бес жылға жуық (1396-1411) билеген. Едігенің билік жүгізген кезінде Ноғай Ордасының жері Батыс Сібір ойпатына дейін ұлғайған. Бұл аймаққа қашып келген Тоқтамыс хан қаза болғаннан кейін, бұл жердегі тайбұға тайпасы да Едігенің билігін мойындаған. Жазба деректердің мәліметі бойынша, ноғайлар (маңғыттар) XV ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, кейбір бекініс қалаларды жаулап алды. Мәселен, 1446 жылы маңғыт Уақас би Үзкент қаласына билік жүргізген. Едіге ұрпақтарының ішінде Мұса мырза, Жаңбыршы сияқты адамдардың атағы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде белгілі болған.
XV ғасырдың басында Ноғай Ордасы ыдырай бастайды. 1550 жылдардың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінеді. Оның ыдырау кезінде халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылады. Ноғай ордасында бас билікті князь иеленді, негізгі бұқарасы «ұлыс адамдары» немесе «қара халық» деп аталды. Ұлыстарды шонжар қауымынан шыққан ақсүйек мырзалар басқарды.
Ресей Қазан мен Астрахан хандықтары халқының едәуір бөлігін қырып жіберіп, қалғандарын өзіне күштеп қосып алғаннан кейін, XVІ ғасырдың екінші жартысында Ноғай ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестерге ыдырап кетті. Яғни, алдыңғы Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Ембі өзенінің бойында Алты ұлыс ордасы қалыптасып құрылды. Белді де беделді ноғай Исмаил мырзаның қарамағындағы сан түрлі тайпалар неді Үлкен Ноғай ордасына бірігіп, 1557 жылы Ресей мемлекетіне осы мемлекеттік бірлестіктер өзінің бодан екендігін ресми түрде мойындады.
Қалмақтардың жан-жақтан жасаған шабуылынан кейін 1634 жылы ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді күйде қалды. Олар Қара теңіздің солтүстік жағалуындағы жазық даладан Дон өзеніне дейін қоныстанып, одан барып Бұржақ, Едишкөл, Ембұлақ, Едиссан ұлыстары пайда болды.
Үлкен Ноғай ордасына қараған кейбір ұлыстар Каспий маңындағы, Еділден Терек өзеніне дейінгі кең – байтақ алқапты ен жайлап жатты. 1770 жылы Едиссан, Бұржақ ұлыстары Ресей патшасына мәжбүрлікпен бағынды. XVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кішк Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы ата қонысы – Азов маңыны ауып, кей бөлігі Бухарест бітімінің шартына орай Түркияға қарай көшті. 1860 жылғы келтірілген дерек бойынша, осында көшіп келген 180 мың ноғайлыны Түрік үкіметі Кіші Азияға қоныстандырған
Құмық түркілері Х-ХІ ғасырлардан белгілі халық, араб әріпін пайдаланып келген 1928 жылдан латын, 1938 жылдан кирилге көшкен. Дағыстанның батысына орналасқан 300 мыңнан астам халқы бар. Бунақ, Хасаваюрт, Бабаюрт, Қизилюрт, Дербент, Қайтағ, Қаякент, Қарабудағкент, Дылым, Қызляр, Құмлы, Терекли-Мектеб жер аттары мен Қойсу, Терек, Ақсай, Ақташ өзен аттары бүгінде жарым-жартылайы орысшаланып кеткен. Кеңес Одағын басқарған Н.С.Хрущев 60-жылдары «Орыс тілін қанша тез үйренсек, соншалықты коммунизмге тез барамыз» деген алдаусырату сөзінен көп нәрсені аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |