Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет47/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Қарайымдар- қарайлар, ұлт атауы. ТМД халқы, Украина Республикасында, Литва, Москва, Ленинградта тұрады. Саны ТМД-да -3,3 мың адам, бірқатары Польшада тұрады. Тілі алтайлық түрік тобының қыпшақ қарапайым негізінде . Қырым,Галис және Тракай диалектісі бар, орыс тілі кең қолданылады. Ұрпақтары Хазар қағанаты құрамындағы Қырым тұрғындарының түрік тілдісіне жатады. Қарапайым атауы секта белгісіне қалыптасқан. ХІҮ ғасырдың аяғында Қарапайымдылардың бөлігі Литов княздігінен, Қырымнан әкетіліп Тракай поселкесіне және Литва шекарасына оларды қорғау үшін орнықтырды. Қарапайымдардың бір бөлігі Батыс Украина және Польшаға қоныстандырылды. Дәстүрлі кәсібі – жер өңдеу, бау-бақша ,исауда, ұсталық. Қырымның Россияға қосылуынан кейін қарапайымдарды әр жерге көшіру одан әрі жүргізілді. Орыстар мәдениетімен қарым-қатынасы басталды. Көбінесе қалада тұрады, мәдениеті мен тұрмысы жақын көрші халықтардан көп айырмашылығы жоқ. Ассимиляцияға ұшырауына байланысты қарапайымдардың саны қысқара түсуде, фольклоры сақталған.
«Мұңлық-Зарлық» – өзінің құрылысы жағынан батырлық жырлардың нұсқасына жақын келеді. Дастандағы теңеу, суреттеу, мінездемелер қазақ поэзиясының дәстүрлерімен қабыса кетеді. Бұл дастанды шығыс оқиғасының қазақ арасына келіп жаңғырған жаңа түрі десек лайық болмақ, қиссаларға тән. Ғайып ерен қырық шілтен, қыдыр Ілияс, бұрынғы өткен шаһарияр мұнан да табылады. Дегенмен, олар алдыңғы бағдарламада көрсетілмейді. Қисса-дастанның ең басты қызық-мотиві жақсылық пен жамандықтың, шындық пен әділетсіздіктің күресі. Ақырында жақсылық, шындық жеңіп, адамның мерейі үстемдік алумен аяқталады. Бұл халық арманынан туған хақ еді.
Шығыс дәстүрін берік ұстаған қиссашы-дастаншылар бұл жыр негізін халық аузында жүрген аңыздардан, немесе түп нұсқаларынан, шығыс тілдеріндегі кітаптардан алып, өздерінше өлеңмен қисса етіп жазған. Мұндай ақындар көбінесе халық дастандарының дәстүрінен, ауыз әдебиетінің үлгілерінен қашықтап кете алмаған. Осындай жағдайды «Мұңлық-Зарлық» дастанының құрылысынан да байқай аламыз. Назира – жауап тәсілімен алғаш өлеңге айналдырып жазушылардың бірі – белгілі шайыр Шайхұлислам ұлы Юсупбек—Жүсіпбек.
Жүсіпбектің нұсқасы ел аузында айтылып бір қалыпқа түскен, халықтың ауыз әдебиетіне сіңіскен нұсқа болып есептеледі. Осы Жүсіпбек шайыр жырлаған халық дастаны «Мұңлық-Зарлық» Қазаннан «һікаят-е рисалам «Мұңлық-Зарлық» деп 1897, 1899, 1908, 1913, 1910, 1914, 1916 жылдары небәрі тоғыз рет кітап болып араб әрпімен басылып шығыпты. «Мұңлық-Зарлықтың» соңғы басылымы 1967 жылы «Жазушы» баспасынан «Жыр маржаны» деген атпен жарыққа шықты. Біз дастанды талдағанда негізінен соңғы Жүсіпбек нұсқасын негізге алдық.
Қазақ эпостарының басталысындай «Мұңлық-Зарлық» та Шаншар атты Он сан ноғай ханының бір перзентке зар болуынан басталады. Әдетте эпос не дастан кейіпкері төрт жақ құбыласы тең, елден асқан бай, төрт түлігі сай болып келеді де, қартайғанда бір перзентке зар болып қалады. Шығарма енді сол байдың немесе ханның аласұрып бала іздеуінен басталып кетеді. Қаратпаған тәуібі, алмаған әйелі қалмайды. Халық дастаны, сайып келгенде, соншама шіріген байлықтың – бір сәбидің күлкісіне тұрмайтындығын шенеп, мінеп айтады. «Тәңірден тілеп алған жалғыз ұлдың» әкесінің ғана емес, халық қорғаны, мақтаны, ожданы болатындығын айқын дәлелдермен келтіреді. Демек, қиссадағы, дастандағы оқиғаның басталуы да, өрбуі де шым-шытырықтарға соғып, ақырында халық арманы мен тілегін арқалаған батырдың жеңіп шығуымен бітеді. Жыр ең алдымен сондай батырға іңкәрліктен, іздеуден, перзентке зар болудан туады.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Он сан ноғай елінде,
Шаншар атты ханы бар,
Ғадалаты жан екен,
Қайыры тиген жаһанға,
Бір перзентке зар болып,
Алпыс қатын алыпты, —
деп жеті-сегіз; буынды жыр үлгісімен жазылған дастан басталып кетеді.
Мұндағы Он сан ноғай елінде деп XV—XVI ғасырлардағы бір замандағы Алтай Орда, Қырым, Қазан халықтары мен Орта Азия халықтарының құрамында болған руларды айтады. Сол Он сан ноғай ішіне кейін қазақ халқы болып қалыптасқан рулар да енген. Ендеше, «Мұңлық-Зарлық» батырлық эпостармен қатарласа туған жыр. Қарап отырсаңыз «Қобыланды», «Алпамыс» сынды батырлық эпостар әлгіндей мұрагерге ынтызар болудан бұлақ бастауын алады екен.
...Атағы озған алаштан, Сексенге жас келгенше Бір бала көрмей Тоқтарбай Қайғыменен қан жұтып, Ақылынан адасқан, - деп Қобыланды эпосы Тоқтарбай зарымен ашылады. Перзент болмай көздің жасына тыйылу жоқ. «Алпамыс» жырында Байбөрі мен Аналықтың бала үшін бармаған тауы, баспаған жері, түнемеген әулие-әнбиесі қалмайды. Ақырында Шашты Әзиз Алпамыс атты ұл, Қарлығаш деген қыз, маңдайларына бітетінін айтып жүріп кетеді. Аналық бәйбіше қабыланның жүрегіне жерік боп ынтығады. Алпамыс, Қарлығаш дүниеге келіп, ақ түйенің қарны жарылады.
Әйтсе де, «Мұңлық-Зарлық» дастаны алдыңғы екі батырлық жырларға қарағанда қазақтың өміріне, тыныс-тіршілігіне біртабан таяу тұр. Шығармада фантастикалық элементтер аз. Оқиға нанымды түрде басталып, нанымды шиеленіседі және шешіледі. Кейіпкерлері де тірлік-әрекеттері шынайы әрекеттен туындайды.
Шаншар хан алпыс қатыннан бір бала көрмёйді. Ханның жас шамасы дастанның бір нұсқасында алпыс жаста, екіншісінде жетпіске жеткенде перзенті жоқ. Бұл да перзенттің дертінен көзінің жасын тыймады. Әулиеге табынып, қиян кезіп кетеді. Солай жүргенде түсіне ақ сақалды Хазірет кіріп, «бір сұлу қыз ал, сол қатынды алған соң, бір ұл, бір қыз туады», деп аян береді. Он жыл болады, бірақ сұлу қыздың етегі қанамайды. Патша сасады. Барым деген уәзірі «бір ұл, бір қыз табатын» қызы бар адам іздеп елге жар салады.
Менің атым Барымызды,
Мен атаймын зарымызды
Бір перзенттің дертінен
Беттен төктім арымды,—
деп уәзір патшасы үшін ұялыс тапқанын жасырмайды. Уәз;ірдің осы сөзі тыңдаушының ойына ұшқын тастап кетеді. Демек, бұл уәзір образына жасалған алғашқы экспозиция деген сөз. Дастанның эпосқа тағы бір жақындығы түсіндірме прозамен араласып келетіндігі. Дастандағы диалог, монологтардың арасы түсіндірме ремаркалар арқылы, жалғасып тұрады. Мысалы: «Әлқисса, патша Барын деген Бас уәзірін шақырып алып: Бүйтіп өлгеніміз жарамас. Жаңа бір қыз алатын патшаның тойы бар деп жар салып, жұрт-жұртты жидырыңыз. Бір ұл, бір қыз табады деп, қызына кепіл болса, сол қыздың өз бойындай алтын берсең де алып кел» дейді. Сонда Барын уәзірдің жұртты жиып жар салып айтқаны деген келер бір оқиға, әрекеттерге кіріспе сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет