Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары



бет5/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кіріспе зерттеу ж мысыны зектілігі

1.3 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары

Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.


Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол, әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин.
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген жаңа процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтің мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы – жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қажет.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костамаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе «Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы – тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады» деген тұжырымдамаға келуге болады.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М. Губина, Г.В. Елизарова, А.П. Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В. Елизарова, А.П. Садохин, К.М. Ирисханова, И.С.Соловьева, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева т.б.). берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар «Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения».
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: «Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации». Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: «Межкультурная компетенция – это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения».
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениетаралық қарым-қатынас компетенция ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: «Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін». Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: «Мәдениаралық біліктілік – басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі.»
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз – МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз. Яғни, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы – бұл процестің тәжірибелік тұрғыда өтуі болып табылады.
1) Шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
2) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде.
3) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
4) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгеруге болады.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
Аталған салада еңбектері жарық көрген ғалымдардың бірі - М.В. Кларин Педагогикалық технология – бұл оқытуда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды оқыту амалдарын және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті деген анықтама негізін береді. Жаңа технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың тиімділігі бұл жастардың мамандыққа бағытталган түрде еркін дамуына жан-жақты білім алуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар әдістемелік тұрғыда мұғалімдердің жұмыс істеуіне, біліктілікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, кең тыныс береді. Жаңа заманның технологиялық мүмкіндіктері, ақпараттық түрлі жабдықтар білім беру процесінің дамуына зор мүмкіндік береді және де оқыту ісінде оң нәтижеге жетелейді. Қазіргі таңда бірталай ізденушілер мен әдіскерлер еңбектерін аталган мәселені зерттеуге арнап, білім беру процесін ілгері дамытуда. Аталған мәселе бойынша педагогикалық, психологикалық, лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттей келе педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, біз келесі әдістемелік технологиялардың келесі түрлерін анықтап отырмыз. Оқушы бойында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі ойын технологиясы болып табылады. Гальскова Н.Д. пайымдауынша ойын методикасы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінің дисциплиналық моделінің тұлғаға бағытталған оқыту моделіне ауысуында болып отыр. Алда тұрған негізгі міндет түрлі интерактивті, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу. Ойын технологиясын қолданудың алғышарты балалардың психикалық ерекшелігінде болып табылады. Оқыту процесінде ойлау, ес, зейін, қабылдау және т.б. психологиялық факторларының ескерілуінің маңызы зор. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ойын технологиясын қолдану баланың берілген елтанымдық материалды жеңіл қабылдап есте сақтауына көмегі көп. Яғни оқу прецесінде баланың когнитивтік қабілетін дамытады. Ойын барысында мұғалім бала зейінін мәдени ақпарат өрісіне шоғырлата алады. Әрбір ойынға қатысушы интенциясының өзегінде эмоциялық фактор жатады. Ойын актісінің эмоциялық сипаты елтанымдық материалды меңгерту процесінің эфективтілігін қамтамасыз етуші және баланың танымдық процесін дамытудың стимулы болып табылады. Сонымен ойын технологиясы универсалды сипатқа ие, сондықтан ойынды мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың мақсат, міндеттеріне сәйкестендіруге болады.
Оқушыга білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі – проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Білікті ұзтаздардың бірі М.Арғымбаеваның айтуы бойынша оқытудың проблемалық әдісіне: іздену, зерттеу, дамыта оқыту жатады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтеді:

  • Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде

баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу

  • Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады

  • Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады.

Аталған фактіге байланысты проблемалық оқытудың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда тиімділігі зор. Оның негізгі мәні мынада: жаттанды принципке негізделген білім беру оқушыға тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Оқушыға белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.
Аталған әдістерден басқа жобалық әдіс тенденциясы да қарқын алып келеді. Бұл әдіске Т.В. Душейная берген анықтамасы бойынша түсінетініміз:
Жоба – оқушылардың өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба өзегінде белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Линво елтанымдық негізінде әрбір студент мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда оқушылардан практикалық мақсатқа сай тапсырманы, өздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі.
Божбанова Т.Е. Өзінің зерттеу жұмысында жоба әдісінің басты ерекшеліктерін атап өтеді: «Әлемді тану, іскерлік ойлап шығарушылық, айқын мәнерлілік жоба әдісінің негізі болып табылады». Яғни жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе байқағанымыз – қазіргі заман ағымында техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне үйретуді ұйымдастырудың ұтымды тәсілі ретінде қарастырылып отыр.
Профессор С.Ә.Әбдіғали «Қазіргі таңдағы Қазақстанда шетел тілін оқытудың негізгі міндеті – тілді шынайы және толыққандықарым-қатынас құралы ретінде үйрету» атты мақаласында осы мәселені жан-жақты қарастырған. Әрбір шетел тілінің сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір шетел сөзі шетел өмірін және мәдениетін көрсетеді, әрбір сөз сол ұлттың өмірі жөніндегі түсінігін білдіреді» - деп түсіндіреді. Берілген түсініктеме негізін қолдай отырып, біз тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы тұрғысында еркін қолданудың белгілі бір дәрежесінде жеткізу де өте маңызды болып табылады дейміз. Сондықтан шетел тілін үйрену барысында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктерін қалыптастыру ең алдымен компетенттілік ұғымына келіп тіреледі деп ойлаймыз. Біліктілік дегеніміз орнықтырылған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес болу, белгілі бір мәселені шешуге қабілетті болу және де сол үшін қажетті білім активтеріне ие болу. Профессор Мильруд Р.П. айтуы бойынша алғашында «біліктілік» ( басқаша «құзырлылық», кейбір әдебиеттер көзінен біліктілік ұғымымен қатар «құзырлылық» аталымының қолданысын кездестіруге де болады.) ұғымы Америкада 60-жылдары еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар легін толықтыру мақсатында қолданыс тапқан болатын. Біліктілік адамның жеке даралық категориясы ретінде қаралды, ал оның құрылымы белгілі бір қабілеттерден тұрады [6].
Осы аталған біліктер қатарына көптеген ғалымдар тіл біліктілігінің белгілі бір дәрежесін, креативті ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін, компьютерді қолдану қабілеттерін, сонымен қатар мәселелі жағдайды шешу қабілеттерін жатқызады. Ал біздер мәдениетаралық қабілетін атап кеткеніміз дұрыс болар. Құзыреттілікті қабілеттер жиынтығы ретінде түсіндіруге болады.
Профессор Мильруд Р.П. қабілеттілік анықтамасын былайша негіздейді: «Компетентность – соответствие предъявляемым требованиям, критериям и стандартам в определенной деятельности при решении конкретных задач, обладание необходимыми знаниями, способность добиваться результатов и владеть ситуацией».
Сонымен қатар «Компетентность - это комплексный личностный ресурс, обеспечивающий возможность эффективного взаймодействия с окружающим миром в той или иной области и зависящий от необходимых для этого компетенций» [6].
Демек қабілеттілік (құзыреттілік) бұл адамның белгілі бір мәселені шешу барысында немесе белгілі бір қабілетті талап ететін жағдаятта талаптарға, критерийлер мен стандарттарға сай эффективті әрекет ету және сәйкесінше қажетті білімдер қорына ие болу деп түсінеміз. Яғни нақты мәдениетаралық қарым-өатынас барысында жеке дара индивид бойында болуға тиісті біліктер сәйкес деңгеде дамыған жағдайда ғана нәтижелі коммуникациялық әрекет жүзеге асады, біз оған қол жеткізе аламыз. Егер біліктілік белгілі бір деңгейде көрініс беруі керек делінсе, онда біліктіліктің қалыптасу деңгейі мәдениетаралық қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда өте тиімді болып табылады.
Нәтижелі іс-әрекеттің көрінісі осы біліктіліктің белгілі бір деңгейіне байланысты деп пайымдаймыз. Өйткені біліктілік қандай дәрежеде дамыса, сондай нәтиже көрінісін аламыз. Тіпті мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін алсақ, ертеңгі күні өзге ел өкілімен коммуникациялық әрекет барысында дәл осы біліктілік дәрежесі маңызды рөл ойнайды. Мәдени қарым-қатынас біліктілігі аясында коммуникант бойында нақты білімдер қоры, яғни әлемдік бейненің анық түсінігі (мұнда өзге мәдениет туралы нақты білім), психологиялық (өзге ел бейнесіне қатысты эмоция, толеранттық сезім, зейін, төзім, т.с.с. психологиялық көріністер) антропологиялық (өзге ел өкілінің қалыптасуы, ерекшелігі, жалпы бейне ерекшелігі, түр-сипаты, т.с.с.) социологиялық (қоғамдық өмір сүру мәнері, критерийлер ерекшелігі, түрлі табу т.б. ерекщеліктері) тұрғыда нақты бір деңгейде іскерлікті дәрежеде дамыса, онда тиімді нәтиже болары анық. Сонымен, біліктілік ең алдымен іскерлікпен байланысты. Әрине іскерлік ұғымын білім, дағды, іскерлік парадигмасынан бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бірақ әлі де болса компетенттілік жағдайында іскерліктің маңыызы ерекше. Жас маманды мәдениетаралық қарым-қатынас контекстінде еңбек нарығына дайындау ертеңгі күні одан нақты міндеттерді орындауды, мәселелердің шешімін табуды талап етеді. Мұндайда мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісіне белгілі бір дәрежеде іскерлік қажет болады. Оқушылар бойында сәйкес қабілеттердің дұрыс дамуы үшін мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ескерілуі тиіс талаптарын анықтап алуымыз маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай депатап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай депатап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.
Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:
1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.
2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.
3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.
4. Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту. 
5. Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.
6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.
7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.
8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.
Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді:
- жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;
- жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары;
- e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары;
- «Назарбаев интеллектуалдық мектептер» АҚҚжанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында оқыту;
- шетелдік біліктілікті арттыру курстарында «Өрлеу» орталығының қызметкерлерін оқыту;
- қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;
- жаңа мазмұн жасау;
- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру.
Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды:
1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін артырудың жаңа жүйесін жасау. 2. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын модернизациялау. 3. Жоғары оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудың инновациялық жүйесін дамыту. 4. Білім сапасын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді жұмыс жасауына қажетті жағдайлар тудыру.
Бұл мәселенің өзектілігі елдің экономикасын дамытуға негіз болатын адам капиталын қалыптастырудың басты механизмі білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан қойылып отырған жаңа талаптармен түсіндіріледі. Сондықтан елдің педагогикалық қауымдастығы алдында өндірістік күшті жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту әлеуметтік міндеттері айқындалды. Осы негізде қоғамдағы кәсіптік құндылықтар баспалдағында педагог еңбегінің орны мен маңызы белгіленеді.
Елімізде білім беру жүйесін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Соңғы екі жылда білім мен ғылымды дамудың жаңа сатысына шығуына қажетті ресурстар мемлекет тарапынан толығымен қамтамасыз етілді. Білімге бөлінетін қаржыны белгілеу принциптері өзгерді. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтарды қолдаудың заңды негізі белгіленді. Педагог қызметкердің мәртебесі деп аталатын 7-тарауда 50-53 баптарда педагог қызметкердің мәртебесі, педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, тиесілі әлеуметтік кепілдіктер анықталды. Әрбір педагог өзінің қызметінде нормативтік құжатқа сүйене отырып, өз жұмысын дұрыс құруға міндетті. Педагогтардың мәртебесін арттырудың бірден бір жолы – өз құқығын білуі және шығармашылықпен жұмыс жасау. Осы заңның 51 бабының 2 тармақшасына сәйкес педагог қызметкер ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқығы бар. Біздің ойымызша, бұл қазіргі жағдайда педагогтар үшін бәсекеге қабілетті болуына қажетті негіз болып табылады.
90-жылдары білім және ғылым жүйесіндегі кадрлардың көп бөлігі қызметтің басқа түрлері мен салаларына ауысып, шетелге кеткендер де болды. Нәтижесінде педагогикалық құрамның қартаюы, оның білімдік және интеллектуалдық әлеуетінің әлсіреуі байқалды. Сонымен бірге педагогикалық салаға феминизация тән екендігі мәлім. Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс білім беру жүйесінің жұмыс жасау және даму сипатына, бұдан шығатын қорытынды, жалпы қоғам мен мемлекеттің дамуына ерекше әсерін тигізеді.
Осылайша, шынайы қалыптасқан жағдай өз шешімін қажет ететін бірқатар қарама қайшылықтармен белгіленеді. Олар: 1) білім жүйесін өзгерту қоғам тарапынан қойылатын талаптардың артуы мен білім сапасының артуын қамтамасыз етпейтін мұғалім мамандығының төмен әлеуметтік мәртебесі арасындағы;
2) педагогтардың кәсіби дайындығына қойылатын жоғары талаптар және педагог мамандығының беделінің күрт төмендеуі арасындағы;
3) болашақ педагогтарды дайындау деңгейі мен жоғары оқу орнындағы оқу процесінің мүмкіндіктерін педагогтың кәсіби мәртебесін қалыптастыруда жеткіліксіз деңгейде қолдану арасындағы.
Осы қайшылықтарды шешу мақсатында біз біліктілікті арттыру институты тарапынан курстарды өткізу, әдістемелік көмек көрсету және т.б. жұмыс бағыттары бойынша мынадай педагогикалық шарттар кешенін есепке алуды ұсынамыз. Олар: педагог тұлғасын педагогикалық қызметтің құндылықтарына бағыттау; 2) педагогикалық мәдениетті дамыту және жетілдіру; 3) педагогтардың өз қызметінің әмбебап сипатын, кәсіби білімі мен іскерлігін қызметтің басқа да салаларында қолдану мүмкіндігін ұғынуы; 4) қосымша кәсіптік білім жүйесіне педагогтарды ендіру; 5) кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатын белгілеумен байланысты жетістікке жету ситуациясын тудыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет