Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


II-ТАРАУ. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ



бет6/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кіріспе зерттеу ж мысыны зектілігі

II-ТАРАУ. МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ


2.1 Компетенттік әдіс – қазіргі шеттілдік білім берудегі педагогикалық теория ретінде

Қазақстанда бәсекеге қабілетті – Қазақстанның экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін ең қажеттісі – білім.


Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үрдістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни компетентті тұлға болуы керек.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды компетенттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттігі көрсетілгенін білеміз.
«Білім, білік» категориясының мазмұнын ашуда «компетенция» ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша «компетенция» тек білімге ғана емес, біліктілікке көбірек сай келеді және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.
Компетенттік әдіс – қазіргі шетелдік білім берудегі педагогикалық теория ретінде кеңінен таралып, барлық білім ордаларында қолданысқа енуде. Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінде ҚР білім саласына енуіне байланысты білім, білік, дағды, тәрбие, білімділік, дайындық ұғымдары автоматты түрде «компетенция, компетенттілік» ұғымдарымен алмастырылып, практиктердің қолданыстағы үйреншікті сөзіне айналуда.
Енді ең алдымен «компетенция», «компетенттік әдіс» ұғымдарының мәнін ашып алайық. Әртүрлі әдіскерлер, педагогтар қазіргі әлеуметтік және педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымдарға мынадай сипаттамалар береді: «Компетенттілік» бұл білімнің интеллектуалдық, дағдылық құрамдарын біріктіретін күрделі сипаттамалар жиынтығы. Білім беру мазмұнын құрастыру «компетенттілік/компетенция» деген ұғымдардың әртүрлі екендігін көрсетеді. «Компетенция» және «компетенттілік» деп аталатын ұғымдарды түсіндіруде, адам «компетенттілігі» тұлғаның интеллектуалдық және кәсіби тұрғыдан дамуының акмеологиялық категориясы, оның сипаттамасы жүйелі сапалы жаңа білім ретінде білім беру үрдісінде қалыптасатын «компетенция» болып табылады.
«Компетенция»білім берудің интегративтік сапалы сипаттамасы, яғни компетенттілік/компетенция«әлеуетті бір тұтастың» (білім берудің соңғы сапалы нәтижесі) «өзекті бөлшекпен» (оқыту барысында компетенцияны дамыту) байланысы ретінде қарастырылады.
И.А. Зимняя еңбектерінде компетенттік компетенцияның өзекті түрде көрінуі, компетенция ішкі әлеует, психологиялық жаңа түзілім (әрекет бағдарламалары, құндылық жүйелері және қатынастар) ретінде адамның компетенциясында байқалады делінген. «Компетенция» мазмұндық бөлімнің құрамдас бөлігі, «компетенттілік» ұғымы мазмұнды бірлік, яғни компетенттік компетенцияға қатысты жинақтаушы ұғым болып табылады деген бекімге тоқталады. [26]
В. Шепель компетенттік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсінеді. Сонымен қатар компетенттік ұғымына П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов психологтардан А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын білдіріп, талқылаған.
Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.
Латын тілінен аударылғанда компетенттілік дегеніміз «өз ісін жетік білу», «танымы мол, тәжірибелі», «қабілетті», «талап қою», «жарамды» деген мағынаны білдіреді. Ал французша «компетентті» «заңға сай», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Э. Зсермен, О.Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.
Белгілі ғалым М.М. Чошанов компетенттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістерінің оралымдылығы + ойлаудың сынаулылығы, Н.В. Кузьминаның көзқарасы бойынша компетенттік педагогтың басқа бір адамды дамытуына негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.[27; 41]
Компетенттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады.
Компетенттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес.
Н.С. Розов компетенттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары бар:
- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контексттегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді: бұл контексттік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділгінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативтік аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайда қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікте жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі. Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, бұл қарап отырғанымыздай, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады.
Компетенттік әдістің педагогика ғылымына бет бұруы және «компетенттілікке бағдарланған оқыту» XXI ғасырдың 90 жылдарында пайда болды. Өйткені бұл кезде халықаралық деңгейде:

  • компетенттік әдіс қазіргі сұраныстағы әдіс ретінде анықталады;

  • білім беру жүйесінде сапалы-нәтижелі көрсеткіш ретінде енгізуге ұсынған компетенциялар шеңбері анықталады;

  • «басты компетенциялар» деген ұғым енгізіліп бекітілді (Европа Кеңесі, 1996);

  • «басты компетенциялар» құрамын анықтау мемлекет бағдарламаларындағы жалпы білім беру стратегиясын дамытуда енгізілді (2015 жылға дейін Қазақстандағы жалпы білім беру мазмұнын модернизациялау тұжырымдамасы).

Біз білетіндей, педагогикада компетенттік білім берудің дамуы мен оның ерекшеліктерінің жүйесі жасалды және білім беру үрдісі жеке тұлғаны өз бетінше білім алуға жауапты етуге мүмкіндік туғызатын негізгі орта ретінде дайындалды.
Сондай-ақ «компетенттік білім берудің» негізгі ерекшеліктері де анықталды:

  • білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы, оқытылатын курстардың тұлғаның қызығушылығына байланысты іріктелу мүмкіндігі;

  • білім берудің дамытушылық және жас ерекшелігіне сай сипатта болуы;

  • әлеуметтік және жеке тұлға үшін маңызды мәселелерді өз бетінше шеше алу іскерлігі;

  • мәселені шешуде іздену, шығармашылық, креативтік тұрғыдан ойлауды қалыптастыру;

  • жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағдарлануға әрбір тұлға ерекшелігін ескеру, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту және т.б.

Компетенттік әдіс алдыңғы қатарға оқушыларге тек мәліметтер беруді емес, шынайы құбылыстарды тану мен түсіндіруде туындаған мәселелерді шеше алуға үйретеді.[28]
Компетенттіліктің табиғатына тән нәрсе сол, ол оқытудың өнімі бола отырып, индивидтің өзін-өзі технологиялық тұрғыдан емес, тұлға ретінде дамытуынан, жеке тәжірибесін қолдана отырып қорытынды жасай алуынан туындайды.
Компетенттік әдіс бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, мынадай жағдаяттарда: нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдауда және өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу біліктілігін шығарады. Ал шеттілдік білім берудегі бұл факторлардың маңызы зор екендігі белгілі, яғни компетенттік әдістің педагогикалық теория ретіндегі маңызы зор екендігін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет