«Көмек» жекеменшік үйлер қарттар пансионаты – Қазақстанда, Қарағанды қаласында ашылған күтімді қажет ететін интернат пансионаты. Басқа пансионаттардан ерекшелігі – қарттар жекеменшік үйлерде тұрады. Ауыр науқастар – инсульттан кейінгі, психологиялық ауытқушылықтары бар қарттар бір үйде, қалыптас қарттар бірақ көмекті мұқтаж ететіндер бір үйде тұрады. Алматыда мұндай 22 пансионат бар.
Кесте 5. Қарттар үйі мен қарттарға арналған күндізгі келу орталықтарына SWOT-талдау. (автордың құрастыруы бойынша)
Қарттар үйі
|
Қарттарға арналған күндізгі келу орталығы
|
Әлсіз жақтары:
зейнетақы жүйесі толығымен тұрған жеріне жұмсалады;
отбасы жылуды мүлдем сезінбейді;
отбасымен қарым-қатынас жоғалады;
|
Мүмкіндіктері:
тастанды ата-аналар саны азаяды;
альцгеймер ауруына шалдыққан қарттар саны азаяды.
|
Әлсіз жақтары:
кейбірқарттар өзін тастанды сезінеді;
қарттар үйімен шатастырады;
өзімен жастылар арасында сөзге келіспей қалу;
|
Мүмкіндіктері:
әр мемлекеттің түпкірінде осындай ұйым ашылу мүмкіндігі;
қарттар үйі азаяды.
|
Күшті Жақтары:
қарттар 24 сағат бойы бақыланып отырады;
сағат бойы медициналық қарауда отырады;
достар саны көбейеді;
күнделікті киетін киімі жуылып, үтіктеліп тұрады.
|
Қауіп қатер:
қарттар үйінің саны көбеюі.
|
Күшті Жақтары:
отбасы мен қарым-қатынасты нығайтуға болады;
қарттардың өмірі сапалы әрі пайдалы өтеді;
қоғамға қажеттілігін сезінеді;
балалары ата-анасын сенімді жерге қалдыра алады және соның нәтижесінде ата-аналарын тастау коэффициенті азаяды;
медициналық бақылауда болады.
|
Қауіп қатер:
ата-ана өзін қажетсіз сезінуі мүмкін;
біздің менталитет дұрыс қабылдамауы.
|
Әдетте, тастанды егде жастағы адамдар санының өсуі қамқорлық пен күтімді қажет ететін адамдардың санының артуымен байланысты. Алайда қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың пайызы 20-30% аралығында болады. Уақытша күтім мен көмекке мұқтаж адамдардың саны бірдей деңгейде. Көптеген адамдар үшін қолайлы экономикалық және тұрғын үй жағдайлары бар, бірақ олар ауырады, қажет болған жағдайда медициналық қызметтерді қолдана алады. Үй жұмыстарында үнемі көмек көрсетпейтін қарт адамдардың саны осындай көмекке мұқтаж адамдардың санынан бірнеше есе көп. Бұл көмектің негізгі көзі отбасы болып саналады. Себебі, қарттардың әлеуметтік өмірден шеттетілуі мен өмір белсенділіктерін және қызмет қабілеттілігін жоғалтқан кезде бірден-бір көмк пен қолдау отбасы тарапынан келеді. Отбасының қарт адамдарға қамқорлық жасаумен айналысатындығымен салыстырғанда, медбикелер мен денсаулық сақтаудың басқа қызметкерлерінің рөлі шамалы. Осылайша, қазақстанда отбасының күтіміндегі ерекше күтімді қажет ететін қарт науқастар 2%-ды құрайды, ал салыстырмалы түрде Данияда - ерлердің 3% және әйелдердің 12%, Ұлыбританияда - ерлердің 4% және әйелдердің 5%-ы отбасының қарамағында. Сондықтан да қарт адам үшін отбасы рөлі маңызды, ал егер отбасылары ата-аналарынан бас тартса бұл аталған мүмкіндіктердің барлығы жойылып дені сау қарт адамның өзі күтімге мұқтаж болып калуы мүмкін.
Қазіргі таңда, елімізде күтімді қажет ететін қарттардың саны өсіп келеді. Оның негізгі себептері, жалғызбасты қарттардың көбеюі, тастанды қарттардың көп болуы және елдегі болып жатқан қартаю үдерісі және т.б. әлеуметтік-демографиялық себептер. Еліміздегі мұндай қарттармен әлеуметтік жұмыстың бірнеше бағыттары қарастырылған, алайда елде мұндай қарттардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік ортасындағы қоғамдық мәртебесі сынды мәселелері оңтайлы қарастырылмаған. Сонымен бірге, күтімді қажет ететін қарттар санын ұлғайтатын тастанды қарттардың мәселелерін шешу әлі күнге оңтайландырылмаған. Себебі, әрбір қарт адамға отбасы маңызды құндылық саналады.
Сондықтан да бұл зерттеудің мақсаты отбасылары бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері мен мәселесін және оның алдын-алу жүйесін анықтау, мұндай қарттардың әлеуметтік қоғамдық мәртебесі мәселелерін анықтау болып отыр. Бұл бөлімде аталған мәселені анықтау мақсатында қарттар үйінің мамандарымен жүргізілген тереңдетілген эксперттік сұхбат нәтижелері көрсетіледі. Тереңдетілген сұхбат 4 эксперттен алынды. Эсперттердің сұранысы бойынша, эксперттердің аты-жөні мәлімденбейді, лауазымы көрсетіледі. Сұхбат 2022 жылдың ақпан айы бен наурыз айының аралығында жүргізілді.
Эксперт маманы ретінде мына орталықтардың қызметкерлері таңдап алынды.
Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы
Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің қызметкері
Алматы қалалық «ASAR» қарт адамдардың күндізгі келу орталығының басшысы
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері
Тереңдетілген эксперттік сұхбаттан алынған мәліметтер жинақталған түрде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |