Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы


Алматы қаласындағы қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологиялары бойынша тәжіpибелік жұмыстаpды талдау



бет22/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

2.2 Алматы қаласындағы қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологиялары бойынша тәжіpибелік жұмыстаpды талдау

Қазіргі таңда, Алматы қаласында 1 млн 947 мың адам тұрады, оның 11,9%-ы, яғни 231 959 адам зейнет жасындағы қарт адамдар. Алматы қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде және психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратындар қарттар саны 1002 адамды құрайды. Жалғызбасты қарттарды, қараусыз қалған қарттарды және отбасылары бас тартқан қарттарды паналататын Алматы қаласында 80-нен аса мекемелер мен пансионаттар бар. Олардың басым көпшілігі ақылы түрде болғандықтан, отбасылары бас тартқан қарттар мемлекеттік қарттар үйлеріне және арнауы қызмет көрсететін мекемелерге барады.


Алматы қаласында отбасылары тастап кеткен қарттар 1,6% (60-74 жастағылар), 38,4% (75-84 жастағылар) және 60,2% (85 жастан жоғарылар) көрсеткішінде. Бұл, бір жағынан, жас құрылымының өзгеруімен және сәйкесінше, «қарттарға арналған арнайы қызметке» мұқтаж адамдармен аз және біршама анықталатын және олардың мүдделеріне сәйкес келетін ұсыныстарды сұранысқа ие қарт адамдар туралы басқа рөлдік идеялармен байланысты болып отыр. Яғни, қарттар арасында күтімді қажет ету жас аралығы мен қарттардың өзін-өзі сезінуіне, рөлдік қызметтеріне байланысты отбасылары да тастап кететін болып отыр [42].
Қарт адамдарға көмек көрсетуге арналған барлық мекемелерді негізінен медициналық (жалпы денсаулық сақтау жүйесі, бірақ негізінен жергілікті жалпы тәжірибелік дәрігер, гериатриялық бөлімдер, гериатриялық орталықтар, гериатриялық ауруханалар, мейірбике ісі бөлімі, хоспистер); әлеуметтік профильді (қарттарға арналған пансионаттар, қарттарға арналған интернат үйлері, жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен, зейнеткерлердің аумақтық әлеуметтік орталықтарымен үйдегі жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімі); қоғамдық (денсаулық және мейірімділік қоғамы, ардагерлер кеңесі және т.б.) және әлеуметтік-медициналық (Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы) деп бөлуге болады.
Қарттардың әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық, денсаулық жағдайларына байланысты, елімізде қарттарға арналған интернат үйлерді бірнеше типтері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет