Блокта, отбасылары мен туыстары бас тартқан қарт адамдармен әлеуметтік қызмет түрлерін анықтауға арналған сұрақтар тізімі: Отбасылары бас тартқан қарт адамдар өзінің отбасымен немесе туыстарымен қаншалықты жиі кездесіп тұрады және ол қарт адамдарға қаншалықты әсер етеді, осы туралы сөз қозғап өтсеңіз.
Отбасылары бас тартқан қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетуде орындалатын маңызды оңалту технологиялары мен терапиялар жайында сөз қозғасаңыз?
Отбасылар бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыста орын алатын қиындықтар мен кедергілер жайында айтып өтсеңіз?
Мұндай жағдайдағы қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар жеткілікті ме, өз пікіріңізді айтып өтсеңіз. Осы мақсатта жұмыс жасайтын қандай қызмет көрсету орталықтарын білесіз?
Сіз қызмет атқаратын мекемеде, отбасылары тастап кеткен қарт адамдардың бос уақыты мен күнделікті өмірін ұйымдастыру қандай бағытта жүзеге асырылатыны жайында айтып өтсеңіз?
IІІ. Блокта, қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологиясын тиімді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар кешенін анықтауға арналған сұрақтар тізімі: Сіздің ойыңызша туыстары бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін айқындау мақсатында қандай шаралар өткізілуі тиіс?
Қарт туысқандардан бас тартқан отбасылармен мекемеде қандай да бір әлеуметтік қызмет түрлері жүргізіледі ме, жүргізілмесе қандай шаралар қолданылуы керек деп есептейсіз?
Қарт туысқандардан бас тартатын отбасылармен және жалғыз қалған қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің қандай жаңа инновациялық технологиялары бар, тоқталып өтсеңіз?
Қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу үшін қандай әлеуметтік технологиялар мен әдістер жүзеге асырылуы тиіс деп ойлайсыз?