1-ДЕҢГЕЙ Базалық зейнетақы+ Еңбек зейнетақысы (еңбек өтіліне байланысты)
ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
Зейнетақы төлемдерінің көзі-Азаматтардың БЖЗҚ-дағы жинақтары + Инвестициялық кіріс
2-ДЕҢГЕЙ 1) міндетті зейнетақы жарналары - 10%
2) міндетті кәсіби зейнетақы жарналары - 5 %
3-ДЕҢГЕЙ Ерікті зейнетақы жарналары
Республикада зейнетақымен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады
Бұдан ерте жаста шығуы келесі тұлғалар үшін қарастырылған:
1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтар; ерлер – 50 жасқа толғанда; әйелдер – 45 жасқа толғанда.
5 және одан астам бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғанда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы әйелдер үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы иеленген жағдайда 50 жас 6 айда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы сақталды [68].
Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің маңызды жолы - бұл қарттарды медициналық әлеуметтік ұйымдарға қабылдау болып табылады. МӘҰ денсаулығының жай - күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналады. Қарттар үйіне карттарға ттегін медииналықкөмек көрсетіледі. Мерекелік шаралар, олимпиадалар ұйымдастырылады. Мереке күндерінде сыйлықтар беріледі. Балаларымен кездесуге, хат жазуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктер берілген. Ай сайын зейнетақысының 25%-ы қолдарына табыс етіледі.
Шет елдермен салыстырғанда Қазақстанда қарттардың ұйымы немесе бірлестігі санаулы, біреу ғана деуге болады. Ол Кеңес Одағы тұсында құрылған Еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің ерікті қоғамдық бірлестігі «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы». Елімізде «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымынан» басқа қарттар ұйымы немесе бірлестіктері жоқ. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін өздерін қоғамға керексіз жандай сезінетін қарттарымызға мұндай ұйымдар қажет [69].
Әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызметтерді негізгі формалары:
үйдe әлeумeттiк көмeк, oның iшiндe әлeумeттiк жәнe мeдицинaлық көмeк;
Қарттарға көрсетілетін әлеуметтік көмек, оның ішінде күтімді қажет ететін қарттардың мәселелерін әлеуметтік проблема ретінде қарастырып, өз әлеуметтік қорғау заңнамаларына кіргізген мемлекеттер қатарына батыс еуропадағы Америка Құрама Штаттары, Канада, Ұлыбритания сынды мемлекеттер, оңтүстік-шығыс Азия елдерінің Сингапур, Қытай, Жапония сынды алпауыт мемлекеттері кіреді. Ал, қарттардың өмір бостандықтары мен жалғызбастылықты игерулерін мәселесін, олардың әлеуметтік қорғау жүйелерін жеке ғылым саласы ретінде қалыптастырған елдер қатарына Швеция, Норвегия, Финляндия сынды скандинавия елдері жатады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қарттарды қорғау бойынша атқарылатын қызметтері Ресей, Белорусия және т.б. ТМД елдерінің қарттарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтерінің модельдеріне ұқсас келеді [70].
Дамыған мемлекеттердегі қарттар мәселесін және қарт туысқандардан бас тарту мәселесін зерттей келе, отбасылары бас тартқан қарттармен жүргізілетін қызмет түрлерінің және оның алдын-алу технологияларының мынадай түрлері сипатталды:
қарттарды әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік көмек көрсету, зейнетақы жүйесі, қарттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б.)
қарттардың күтімін қамтамасыз ету (пансионат үйлер, үйде қызмет көрсету көмегі, күтім үйлері және т.б.)
қарттардың бос уақытын ұйымдастыру (күндізгі келу орталықтары, көршілер орталығы және т.б.)
әлеуметтік салалар бойынша өмір сүру деңгейлерін жақсарту (ыстық тамақ тасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық төлемдер жүргізу және т.б.)
Осы сынды мәселелерді шешетін болса, отбасыға түсетін ауырлық азайып, отбасылары қарттардан бас тарту азаяды. Көбінесе, отбасының қарттардан бас тартуы экономикалық мәселеге байланысты және қарттар күтіміне байланысты болып отырғандығын ескерген жөн.