Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы


«Белсенді ұзақ өмір» жол картасының принциптері



бет28/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
«Белсенді ұзақ өмір» жол картасының принциптері:

  • әр қарт кісіге көңіл бөлу;

  • алғы тәсілдер мен тәжірибеге бағытталу;

  • жүйелілік;

  • маңызды мәселелерді шешуге қарттарды араластыру;

  • кең қоғамдық қатынас.

Негізгі көрсеткіштердің анықталу ыңғайлылығы мен жүйелік тәсілі үшін 3 бағыт қарастырылады:

  1. Белсенді ұзақ өмір. Осыған дейін Алматы қаласында қарастырылмаған эффективті және ұзаққа жететін аспаптарды қарастырады. Бұл бағыт "үшінші жас" социумының өз-өзін жетілдіру үшін жасалған шарт болып саналады. Сонымен қатар ол әлеуметтік-экономикалық және спорттық, мәдени өмірді барынша қамтиды. Бағыттың "негізі" ретінде белсенді ұзақ өмір орталықтары қарастырылады, оның негізінде ұрпақтың демалысы мен мұрагерлігі және оқуына қатысты жаңа тәсіл жасалған.

  2. Денсаулық мәдениеті.Салауатты өмір салты мен дұрыс ойлауды қалыптастыратын, спорт пен әлеуметтік туризм шарттарын жасаушы әлеуметтік бағдарламалар мен шаралар.

  3. Қоғаммен байланыс. Қала тұрғындарын зейнеттік жастағы адамдардың мәселесіне максималды түрде назар аударуға шақыратын және белсенді қарым-қатынастың орнауына насихаттайтын бағыт. Қарт адамдар тарапынан жинақталған аса маңызды және көптеген жылдарды қамтитын тәжірибені, мамандандырылған тәжірибені ұрпақ үшін сақтау және қолдану.

Жол картасының әр құралы ОЭСР елдерінің халықаралық тәжірибесін терең зерттеуге негізделген.Бағдарламаның негізгі маңызды бөлігі ұрпақтың қажеттілігі мен тартылуы ұйымдастыру болып саналады. Қоғамды әлеуметтік белгілері бойынша класеризациялау әдісі мәселені тек бір буын үшін шешуге мүмкіндік береді.
Зейнеттік жасқа жеткен көптеген адамдар өзінің еңбек әрекетін жалғастыра береді. Дегенмен белгілі уақыттың өсуіне орай, үйреншікті қоғамды жоғалтып алу салдарынан және "құрметті демалыс" ретінде қарастырылатын қарттықтың Кеңестік образынан шаршағандықтан еңбек тераписына деген мұқтаждық пен әлеуметтік-экономикалық жаңғыруға деген сұраныс арта бастайды.
Оэпен және Ваурхел барлауы бойынша ОЭСР құрамына кіретін елдер қатары 2050 жылға қарай туылуға байланысты орташа күтілген өмір сүру ұзақтығын 100 жылға жеткізеді. Дегенмен мәселе тек қана өмір с үру уақытын арттыруда емес, белсенді өмірдің ұзақтығы да маңызды. ОЭСР елдерінде 60 жастағы адамдар мен одан көп жасағандар тек зейнетақымен шектеліп қалмайды, олар толыққанды өмір сүргісі келеді. Американдық геронтолог Роберт Батлердің зерттеуі бойынша заманауи қоғам үлкен жастағы өзінің белсенді азаматтарын қабылдауға дайын емес, олар әлсіз қарттар туралы стереотип аясынан шыға алмады, эйджизм қарастырып отыр. Сонымен қатар қарт халықтың санының артуы дамыған елдердегі экономикаға өз әсерін беріп отыр, себебі өсіп келе жатқан қарттар санын зейнетақымен қамту қиынға түсіп келе жатыр. Бұл зейнетке шығу санының артуына алып келеді, ал зейнеткерлердің кіріс деңгейі төмендей бермек.Осы мәселе қазір Жапонияда аса маңызды мәселе болып отыр, мұндағы орташа өмір сүру ұзақтығы 83,1 жыл, алдында қабылданған инфрақұрылым болса өзін-өі іске асыруға және өзіне жеткілікті жекелікке ие емес [81].
Зейнеткерлерге көрсетілетін қызметтер публикациясына негізделген жұмысбастылықпен қамтудың мамандандырылған интернет порталын жасау еңбектің принциптің жаңа ашық нарығын туындатады. Роберт Батлер айтып кеткеніндей үлкен жастағы адамдар өте күдікшіл және бір рет келіспеушілікке ұшыраса, олар одан кейін өз көмегі мен қызметін ұсынғысы келмейтін болады.
Сұхбат барысында, отбасылары мен туыстары бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыста орын алатын қиындықтар мен кедергілер туралы да біршама ойлар айтылды. Негізгі қиындықтар ол қарттардың әлеуметтік-медициналық жағдайы мен олармен жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық кеңес беру екенін байқауға болады. Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста кездесетін қиындықтар мен қызмет барысындағы кедергілердің түрлері алуан түрлі, эксперттердің сұхбаты бойынша, кездесетін кедергілерді бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, туыстары бас тартқан қарт адамдардың денсаулық жағдайларының күрт төмендеуі, олардың денсаулық жағдайларына байланысты медициналық және дәрілік сондай-ақ терапевтік бағдарламалардың құрастырылуы, әр қарт адамға жеке индивидуалды қадам жасап, жеке жоспардың құрылуы және әрбір қарт адамның әлеуметтік картасын жасауда көптеген кедергілер кездеседі. Қарттардың сыртқы ортамен байланыстарын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешенінде де өзіндік кедергілер кездесіп жатады. Қарттардың қабілеттіліктерін дамыту, әсіресе деменциялы қарттар мен Альцгеймер аурулары бар қарттардың күтімі мен қызмет көрсетуінде көптеген қиындықтар кездеседі. Қарт адамдардың әлеуметтік сипатта кездесетін аурулары мен олардың ерекшеліктерін байқап, қызмет түрін жасауда да біршама қиындықтар кездесетінін де айтады. Сонымен бірге, тастанды қарттардың басым көпшілігі әлеуметтік-психологиялық қолдауды , көмекті қажет етеді. Олар қоғамнан тыс бөлініп, отбасыларынан алшақтаған соң, көбінесе бөлмеде жалғыз қалуды қалайды және көп сөйлемейтін болып қалады дейді мамандар.
«Отбасылары тастап кеткен қарттар көбінесе, активті белсенділігін жоғалтады, өмірге деген қызығушылықтары азайып, үйлерінде жалғыз жата беруді ойлайды, сондықтан да осы бағытта қарастырылып жатқан «Агро-краудсорсинг» жобасын айтсақ болады. Негізгі экологиялық және индустрияландыру шарты бойынша экологиялық таза дұыс тамақтану өнімдеріне қол жеткізу қиынға соғып келе жатыр, әсіресе, көбі зейнеткерлер болып саналатын халықтың әлсіз қауымы үшін бұл қиындау болып тұр.Табиғаттық жарастырылпен әрекеттесу біздің өмірлік әрекетіміздің ажырамас бөлігі болып отыр. Адам жасы ұлғайған сайын егіншілікке әуестене бастайды. Дегенмен урбанизацияның жаңа кезеңіне орай көптеген жерлер көп бөлмелі тұрғын үйлермен ауытырылды, мегаполис жерлерде ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік жоқ.Осыған орай әлемде алғаш рет Агро-краудсорсинг жобасын жүргізу ұсынылып отыр. Бұл жоба ГЧП принциптері бойынша іске асырылады.Зейнеткерлердің ауыл шаруашылық қажеттіліктерін қамту мақсатында қала ішінде көлемі 1 га боалтындай жер аумағын 150 аумаққа бөлінетіндей етіп жалға беруді ұйымдастыру (6 ай).
Жоба операторлары құймалы түрдегі инфрақұрылым базасын негіздеуді ойластырып отыр, сонымн қатар үздіксіз жарықтандыру мен егін материалдарымен жабдықтау, инвентармен және жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша менторлықпен айналысатын жұмысшылармен жабдықтауды көздеп отыр. Мемлекет сантехникалық сала, киініп-шешінетін орындар, медициналық пункт, объект ішіндегі транспорттық инфрақұрылым ретіндегі инфрақұрылымды ұйымдастырады.Жобаға қатысып жатқан зейнеттік жастағы азаматтар өнімін өзіндік қажеттілікке жаратуға болады, сонымен қатар оны оператор қаржылық күде немесе ауыл шаруашылығымен айналысатын адам ретінде жәрмеңкеге шығару арқылы іске асыра алады. Сонымен қатар қаланың әр ауданында "мини-егіншіліктер" үшән аумақтарды бөлу гарденотерапия қолжетімділігіне мүмкіндік береді» («Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің қызметкері)
«Қарттар жалғыз өздері қорғансыз қалған кезде, олардың бос уақытын ұймдастырып, тұңғиыққа жалғыз өздері кіріп кеткеннің алдын алып түрлі шаралар ұйымдастырылады. Қарттардың бос уақытын ұйымдастыруда көптеген әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, кіші әлеуметтік жобаларды бастау да қарттарға өз септіктерін тигізеді. Атап айтатын болсақ, «Жан-жақты коммуникация» жобасы, Жол картасының іске асырылуына қатысты толық хабарландырылу оны іске асырудың ажырамас бөлігі болып табылады, белгілі дұрыс жеткізілген жағдайларда ол керекті эффектті және сәйкес көрсеткіштердің мәнін өте қысқа уақыт аралығында алудағы мүмкіндік болуы мүмкін. Жалпы идеология: "Қазақстан халқын біріктіретін негізгі фактор қарт кісілерге жақсы қарым-қатынас жасау болып табылады. Үлкендердің тәжірибесі мен білімі - теңдессіз байлық". Ағымдағы тенденция мен технологиялық мүмкіндіктер шарты бойынша интернет ақпараттық қайнап тұрған көзі болып тұрған уақытта, ал блогтар жергілікті БАҚ-қарағанда он есе артық адамдар аудиториясын жинап отырған уақытта жастарды әлеуметтік желі көмегімен тарту анағұрлым сенімдірек әрі тиімдірек болар еді."Дұрыс қарым-қатынас" жалпыға ортақ мысалы эстафета механизмі ретінде үлкен кумулятивті эффект берері хақ. Алдынғы буын үшін зейнеткерлерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуден қарағанда өзінің әлеуметтік жауапкершілігінен бас тарту оңай. Қызметкерлік еңбекке негізделген тіпті бір реттік көмектер де жастар үшін де үлкендер үшін де коммуикациялық барьерді жоюға мүмкіндік береді.
Газет, теледидар және радио секілді қалыпты көздер арқылы ақпарат тарату адамдарға әсер етіп, аудитория - зейнеткерлерді жинауға мүмкіндік береді. Сонымен белсенді ұзақ өмір орталығының және әлеуметтік клубтардың жүргізіліп жатқан істері туралы ақпараттандырудың тиімді жолы ретінде ЖКХ құрылымдарындағы дүкен және подездтерге жазыпжабыстыру тиімді нәтиже береді.Көрсетіліп жатқан қызмет сапасын арттыру үшін, сонымен қатар аналитиканы жинақтау және бір ақпарат көзін қалыптастыру үшін тәуліктік Call-center құрылатын болады, ол екі тілде жұмыс жасайтын болады.Сонымен қатар интернет-порталын құру мақсатқа сай болады. Оның негізінде компьютерлік сауаттылық сабақтары өткізіледі, мұнда Алматы қаласының зейнеткерлеріне керекті барлық ақпарат көздері табылатын болады.Бұл ресурс ҮЕҰ басқарылуымен жоғары трафиктің себебінен үлкен жастағы адамдар үшін маңызды болатын өнімдердің жарнамалық аумағына айналады. Орналастырулар қызмет алмасу негізінде іске асады, ол түрлі қажеттіліктегі зейнеткерлердің қажеттіліктерін өтеп, белсенді зейнеткерлерді қуанта алады.Кері байланысқа қол жеткізу үшін call- орталықтарының негізінде құрылған сенім телефондарымен қоса әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізілетін болады. Қолжетімділік объекттерінің публикациялары және әлеуметтік қызметкерлер жұмысының ішкі мониторингі қолжетімділік Картасы бойынша іске асатын болады, ақпараттың көрініс табуы көрсеткіш мәніне орай қарастырылады. 3 категорияны бөліп қарастыра аламыз: көрсеткіш, әлеуметтік қызметкер және ұйымдастырушы» («Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері)
Жоба негізінде мақсатқа жетудің мынадай жолдары қарастырылады деген қорытындыға келуге болады:

  • Тұрақты БАҚ шығарылымдары;

  • танымал фитнес инструкторлар және спорт жұлдыздарының зейнеттік жастағы туыстарымен бірге жасаған жаттығулары;

  • анымал блогерлер, бизнес-тренерлер, эстрада жұлдыздарының мұқтаж дамдарға қамқорлық пен көмек жасағандығы туралы эстафеталық таралымдар;

  • үлкен буынға құрметпен қарауды насихаттау;

  • зейнеткерлерді әлеуметтік желіге тарту;

  • қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен тұрақты ротацияда өтетін тақырыптық аудиокомпозиция;

  • зейнеткерлерді белсенді өмірге шақыратын бейнероликтер, радио-джинглдар, әлеуметтік билбордтар.

Қорытындылайтын болсақ, қарттардың күнделікті өмірі мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік-мәдени іс-шаралар кешені мен арнайы әлеуметтік бағдарламалар және жобалалар әзірленеді. Негізгі мақсаты қарттардың әлеуметтік құқықтық мәртебелерін көтеру, өздерін қоғамның белсенді мүшелері екендігін сезіндіру, әлеуметтік сыртқы ортамен байланыстарын орнату, отбасыларының орнын жоқтатпай басқа қарттармен байланыстарын нығайту. Сондай-ақ, елімізде қарттардың БАҚ ақпараттары мен жаңа технологияларды игерулеріне де көптеген жұмыстар кешені жүргізілуде.
«Орталықта қарттардың күнделікті өмірін ұйымдастыруда бірнеше бағыттар кешені жүзеге асырылады. Орталықта мұндай қарттарға арналған айлық күнтізбелік жоспарлары қарастырылған. Оны арнайы мамандар құрастырып, барлық қарттарға бірдей қызмет түрі ретінде жасайды. Сондай-ақ, ұйымдастырылған бос уақыт: орталық кітапханамен, үстел ойындарымен, журналдармен және т.б. жабдықталған. Сонымен қатар, мерекелік шаралар өткізіліп, қарт адамдарға қызықты жерлерге серуендеу жүргізіледі. Күнделікті режимнің ауысып отыруы, қарт адамдардың көңіл-күйін көтеруге және күнделікті бірізділікті жоюға көмектеседі. Орталық келушілеріне өзі қатарлы адамдармен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы; Қарт адам күні бойы қауіпсіз жерде, қызметкерлер күтімінде болады. Бұл орталық қарттар үйіне жатпайды. Себебі, орталықта қарт адамдар тек күндізгі уақытын өткізеді, ал кешке үйлеріне қайтады. Үйлеріне қайтқанда жалғыз өздері өмір сүретн қарттар саны 200-ден асады. «Біз көптеген отбасыларды, біздің көмегімізге жүгіну арқылы туған ата-анасынан бас тартпауға көмектесеміз. Сонымен қатар, отбасында қарт адамдарды күту дәстүрін сақтай отырып, өз қызметімізді көрсетеміз» дейді, орталық басшысы. Сондай-ақ, орталық басшысының сөзіне сүйенсек, орталық медициналық орталық болып табылмайды. Медициналық тексеру, диагноз қою сияқты жұмыстар жүргізілмейді. Бірақ та, дәрігердің ұсыныстарын орындауға көмектеседі. Мысалы, уақытылы дәрісін қабылдау, көңіл-күйін көтеру және т.б» («ASAR»қарттарға арналған күндізгі келу орталығының басшысы)




Сурет 8. «ASAR» орталығынының күтімді қажет ететін қарттарға арналған күнтізбелік жоспары


3 блокта қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологиясын тиімді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар кешенін анықтауға арналған сұрақтар


«Орталық – біреудің көмегінсіз ұзақ уақытқа үйде қала алмайтын қарт адамдарға арналған. Сонымен қатар, бос уақытын үйде жалғаз өткізгісі келмейтін қарт адамдар, қарт ата-анасының қауіпсіз жерде болғанын қалайтын туыстары орталық қызметіне жүгіне алады. Соған орай, әлеуметтік технологиялар мен терапия түрлері қарастырылған. Бағдарламаның басты назарында егде адамдардағы Альцгеймер ауруының дамуын тежеу болды. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін, әр күнге әр түрлі ойын, жаттығулар жасалды. Жасалатын әрбір жаттығу егде жастағы адамдардың денсаулығының физикалық жағын жақсарту, ойлау қабілеттерін дамыту, көңіл-күйін көтеру үшін арнайы тағайындалды.
Орталықтағы бағдарламаның түрлері: АҚШ нейробиологы Лоуренц Катцтың нейробика жүйесі; Гимнастика; Тек бір сезім мүшесін қолдану арқылы жұмыс жасау;Шифрлау; Алфавит әріптерін ретімен айтып, әр әріпке сөз ойлау; Шығармашылық жаттығу; «Сағат салу» жаттығуы; Көңіл аударуға арналған жаттығу. Филворд; Дженга; Шульте кестесі; Жұмбақ жасыру; Есте сақтау аппаратын дамыту. Тарихтағы тұлғалар ; «Шаңғы» құрылғысымен жаттығу және т.б. әдістер. Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты егде жастағы адамдардың жағдайын бақылау, денсаулығын жақсарту, күндерін қызықты әрі пайдалы өткізуге арналған іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеу. Осы мақсатты орындау барысында әр түрлі жаттығу кешендерін пайдаланған жөн. Денсаулықты нығайту үшін, әрдайым салауатты өмір сүру салтын ұстанып, физикалық жаттығулармен айналысу керектігі ертеден белгілі. Олардың физикалық формаларын сақтап тұрудың бірден-бір жолы әрдайым шынығып тұру. Қарттық кезде омыртқа жотасы, аяқ-қол буындары, бел аурулары көп байқалады. Бұл аурулар қозғалыстың аздығынан, арқаны тік ұстамағаннан, жас кезде денсаулыққа айтарлықтай көңіл бөлмегендіктен пайда болады. Жасы келген адамдарға пайдалы жаттығу құрылғылары таңдап алынды. Олар: «Шаңғы», «Веложаттығу» және «Жүгіретін жол»(«ASAR» қарт адамдардың күндізгі келу орталығының басшысы)
«Біздің орталықта қарттарға мынадай көмек түрлері көрсетіледі.Кәсіби қызметкерлер кейбір медициналық қызметтерді ұсынады: флюорография, медициналық персонал мен ауруханалардың қызмет саласына байланысты қысымның өлшенуі. Әлеуметтік сала мамандары - спорттық арт-терапия, массаж және т.б. шаралар ұйымдастырады. Ойын-сауық бағдарламаларын жергілікті ұйымдар ұйымдастырады, мысалы концерттер, тарихи орындарға саяхаттар, спектакльдер мен маусымдық шаралар, мысалы, Рождествоға дайындық. Көптеген қалалар, көбінесе кішігірім, бірлескен іс-шараларды ұйымдастырады, онда оқшауланған жерде тұратын қатысушыларға басқа қауымдастықтардың құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі беріледі. Іс-шараларды ұйымдастыру жағынан ең қызықты орталықтар қарттар клубтарына айналады және клубтар қағидасы бойынша жұмыс істейді: клубқа кіру, клубтың имиджін, клубтың атрибуттарын сақтау (киім, бас киімдер, төсбелгілер мен белгілер және т.б.). Мұндай клубтар «алтын ғасыр» клубтары деп аталады. Орталық қарт адамдар мен мүгедектерге арналған жартылай стационарлық мекеме сияқты жұмыс жасайды. Жұмыс күндері аптасына 4 рет таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:30-ға дейін қызмет көрсетеді. Орталыққа келушілерді 2 мезгіл тағаммен қамтамасыз етеді. Таңғы астан кейін мәдени-бұқаралық іс-шаралар, экскурсиялар жүргізіледі. Түстен кейін әуен тыңдау және қызықты адамдармен кездесу уақыты. Ұйымда психолог, әлеуметтік қызметкер, педагог, тренерлер 55 жастан әйелдерге, 60 жастан асқан ерлерге, қозғалуға белсенді, өз-өзіне қызмет көрсете алатын мүгедектерге қызмет көрсете алады. Күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыста медицина мамандары, геронтолог мамандар, күтушілер мен әлеуметтік қызметкерлер қызмет атқарады. Мұндай шаралар кешені, қорғансыз қалған қарттарға барынша қолдау деп түсінемін» ( «Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері)
Туыстары мен отбасылары бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері қатарына, олардың денсаулық жағдайлары, психологиялық ауытқушылықтары мен әлеуметтік мәртебелерімен жұмыстар жатады. Қарт адамдардың денсаулықтарының бұзылуы толық түрде әлеуметтік жағынан толықтырылмайды, өйткені олардың денсаулық қорлары біршама азайған. Қоғам денсаулығы жеке адам денсаулығының құрылымы мен динамикасы, сапасының сипаттамасы екенін есепке ала отырып, кәрі адамдардың денсаулық жағдайлары әлеуметтік қатынастардың тұрақсыздандырғыш факторы ретінде алға шығады. Халықтың қартаюы өмір сүру деңгейінің төмендеуі процесімен тікелей байланысты. Қоғамда орын алып отырған экономикалық реформалардың салдарынан қарт адамдардың өмір сүру деңгейі күрт төмендеген көрінеді. Мұндай жағдай қарттардың ертеңгі күнге сенімсіздігіне алып келеді. Кәрілік шақтағы адамдардың әлеуметтік қорғалмауы тұрғындардың еңбекке қабілетті бөліктерінің жағдайына кері ықпал жасайды. Күнделікті жасы үлкен адамдар бір мезгіл дене жаттығуларымен айналысып тұрса, өз жас мөлшерінің ұзақ болуына әсер етіп, дене белсенділігі артып, өз жасынан және дене ауру-сырқауынан әлдеқайда жеңіл сезінеді. Қарттардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін мынадай көңіл көншітерлік іс- әрекеттер жасау керек. Ай сайын алатын зейнетақы мөлшерін көбейту қажет, үй жағдайында қызмет көрсетуді жақсарту, қарттар үйіндегі қызмет сапасы мен қамтамасыз етілуге аса мән беру керек және осы үйлердегі өмір сүру жағдайын жақсартуды қолға алатын болсақ, қарттымызға жасалған үлкен бір көмек болар еді. Қарт адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыратын қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани өмірге араласуына қолайлы жағдайлар жасау қажет, оларды әділетсіздіктен қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету орындарында, мәселен инфекциялық ауруы және өкпе қабынуы, жұқпалы жыныстық аурулар, алкоголизм, токсикомания болса да, кез- келген қызмет етуші бас тартпау қажет және соны қадағалау заң жүзінде қаралуы тиіс. Қарттарды мәселелеріне байланысты, тұрақты және уақытша, ақылы немесе тегін берілетін әлеуметтік көмектерден шектемеу қажет. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру қарттық шақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашанда бағытталуы тиіс. Әлеуметтік тәуелділік факторын азайту, әлеуметтік кепілдікті жүзеге асырудың мүмкін болатын деңгейін жоғарлату арқылы қарт адамдарды қоғамға пайдалы мүшелер болып қала беретіндей өмір сүру жағдайын ұзақ уақытқа сақтау, профилактикалық және дамытуды әлеуметтік қызмет көрсетудің кең ауқымда жүзеге асыруды қамтиды және дамыту мен қолға алу тиімді.
Отбасылары бас тартқан, қорғансыз қалған қарттармен әлеуметтік жұмыстың мынадай формалары бар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет