Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы


Денсаулық мектебінің мақсаты



бет30/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

Денсаулық мектебінің мақсаты – қарт адамдардың ұзақ ғұмыр сүруіне жағдай жасау, созылмалы және қарттығына байланысты пайда болған ауруларды жеңуге онымен күресуге көмек көрсету және қарттарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени қызмет түрлерін көрсету.
Денсаулық мектебінің міндеттері:

  • қарттар мен мүгедектерге оңалту қызметтерінің сапасын арттыру;

  • күтімді қажет ететін қарттарға арналған реабилитациялық және оңалту қызметтерін жүргізу;

  • қарттар мен мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу;

  • қарттарға отбасыларын жоқтатпайтын жаңа орта табуларына көмектесу;

  • қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік коммуникация процестеріне интеграциялануы;

  • қартайған шақтағы тұлғаның өмірдің күрделі және ұзақ кезеңіне көшуіне бейімделуі.

Денсаулық мектебінде әлеуметтік қызметкерлер, геронтолог мамандар, психологтар мен әлеуметтік педагогтар және күтушілер мен мейірбикелер қызмет атқарады. Қызмет атқаратын мамандардың ортақ бағыттары жүзеге асырылады. Олардың қатарында, мектеп бағыттары мен қарттардың психологиялық және әлеуметтік портреттерін құру, соған байланысты қызмет атқару кіреді.


«Белсенді ұзақ өмір» мектебінің бағыттары мынадай:



Сурет 9. «Белсенді ұзақ өмір» денсаулық мектебінің қызмет бағыттары





  1. Сауықтыру бағдарламасы. Медициналық және әлеуметтік психологиялық оңалтуды қамтиды.

Дәрігерлік қызметтерді ұйымдастыру. Әлеуметтік қызметкер күтімді қажет ететін қарттар мен егде жастағылардың денсаулық жағдайларына байланысты, медициналық күтімді қажет ететін қарттардың тізімін құрастырып,дәрігер мамандарымен байланыс орнатуды ұйымдастырады. Арнайы медициналық дәрі-дәрмекпен құрал-юажбықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Медициналық реабилитация бұзылған функцияларды қалпына келтіруге және түзетуге бағытталған. Медициналық сауықтырудың келесі түрлері қарастырылады: Бейімделу дене тәрбиесі - 3 бағыт бойынша:

  • жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар клиенттер үшін;

  • тірек-қимыл аппараты аурулары бар клиенттер үшін;

  • тыныс жолдарының аурулары бар клиенттер үшін.

Ағзадағы жағымсыз өзгерістердің дамуына ықпал ететін қарттардың психофизикалық жағдайын шектейтін көптеген факторлардың қатарына физикалық белсенділік пен гипокинезия жатады. Тек ақылға қонымды түрде ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі түрлі ауруларға кедергі келтіруі мүмкін: «... адам қозғалады және дамиды, өз өмірінің сағатын өзі бастайды». Мүгедектігі бар көптеген адамдар үшін бейімделетін дене тәрбиесі - бұл жабық кеңістікті «бөліп тастаудың», қоғамға кірудің және қарым-қатынас жасаудың жалғыз жолы. Адаптивті дене тәрбиесінің мақсаты - өзін-өзі тану үшін денсаулық жағдайында тұрақты ауытқуы бар адамның өміршеңдігін барынша дамыту.
Медициналық терапия – күтімді қажет ететін қарттардың ауру жағдайларына байланысты әртүрлі индивидуалды терапия түрлерін қолдану. Мысалы, гидротерапия, фольклоротерапия, стопотерапия, иглотерапия, ән терапиясы,арттерапия, еңбек терапиясы және т.б.
Әлеуметтік-психологиялық реабилитация – қарттарға арналған кеңес беру бөлмелері, психо-эмоционалды бұзылуды түзетудегі био-кері байланыс бөлмелері, психикалық-визуалды оқыту кабинеті (айна терапиясы), психологиялық коррекциялы бөлмелер. Отбасылары астап кеткен қарттарға арналған арнайы психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет