Әлеуметтік-медициналық күтім. Дәрігерлер мен қарттардың кездесулері мен қабылдауларын ұйымдастыру, мейірбикелік қызметтер көрсету. Медицина орталықтарына апару, кездесу ұйымдастыру. Медициналық-дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, уақытылы беру кестелерін ұйымдастыру, геронтолог мамандармен байланыс орнату және т.б.
Әлеуметтік-тұрмыстық күтім. Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жұмысына баса назар аударылады. Бұл жерде барлық жағдайды қарастырған жөн: өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтындарды ескеріп, ыңғайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдардың жүріп-тұруына жеңілдік беретін құрылдармен, кейбір гигиеналық жұмыстарды жүргізу кезінде қиындық тудырмайтын құралдармен қамтамасыз ету. Тұрмыстық күтімнің өзі денсаулық жағдайына байланысты қарттар категориясында әртүрлі жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-психологиялық күтім. Қарттардың оның ішінде, ақыл-есі кем, деменцияға ұшыраған, алжасқан қарттармен әлеуметтік қызмет түрі. Бұл қызметтерге олардың күнтізбелік жоспарларын құру, әлеуметтік өмірін ұйымдастыру да кіреді. Қызметтер түріне, терапия түрлері, психологиялық кеңес беру және психодиганостика психотерапия жатады.
Әлеуметтік-педагогикалық күтім. Қарттардың жаңа технологияларды игеруілері мен БАҚ құралдарын қолдану, жаңа кітаптар оқу, библиотерапия түрлері жатады.
Әлеуметтік-мәдени күтім. Қарттардың әлеуметтік-мәдени өмірін ұйымдастыру. Ақыл-есі кем қарттарға арттерапия, ән терапияны ұйымдастыру, сондай-ақ арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастыру. Төсекке таңылған қарттарға жеке теледидарлық, БАҚ құралдарымен қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Алжасқан қарттарға арналған терапия түрлері мен деменцияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру. Сонымен бірге, жалпы қарттарға көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетуге болады, олар әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, үйде қызмет көрсету және т.б. қызметтер кешенін құрайды.
Қарт туысқандардан бас тартудың алдын алу технологиялары Жалғызбасты зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі мемлекет пен қоғамның белсенді қатысуын талап етеді. Әртүрлі себептерге байланысты қарт адамдардың барлығының туған-туыстары мен достары арасында сүйіспеншілікке толы отбасылық шеңберде қарттықты өткізуге мүмкіндігі бола бермейді. Әлеуметтік профилактиканың инновациялық технологияларын қарастыру ерекше қызығушылық тудырады, бұл біздің ойымызша, қарт туысқанның отбасынан бас тартуын азайтуға көмектеседі. Эксперттердің ұсыныстары бойынша, қарт туыстардан бас тартудың алдын алу үшін, ең алдымен елдегі экономикалық жағдайды қалыпқа келтіру, отбасылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту керек деп есептейді. Сонымен бірге, отбасы құндылығы мен ата-ана құндылығын бала бойына сіңіртіп өсу мұндай жағдайлардың алдын алады деп есептейді.
Сұхбат нәтижелерін талдау барысында, отбасылары бас тартқан қарт адамдардың өмір өмір белсенділігінің – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір белсенділігі төмендеген қарттардың көпшілігінің өмір қызметтері уде шектеліп жатады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызме-тімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.
Қоғамға қажеттілігін әр адам өзінің өмірлік тәжірибесінің негізінде құрастырады. Бірақ қандай жағдай болмасын әр адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін, белсенділігін сақтап қалуды үйренуі керек. Қазіргі кезде қарт адамдар отбасынан бөлек тұрады, және осыған байланысты жалғыздықта және кез-келген қиындықтарда төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарт адамдарға жауапты отбасы болатын болса, ал қазір бұл жауапкершілік мемлекеттің және жергілікті органдардың және халықты әлеуметті қорғау ұйымдарының құзіреттілігінде.
Зерттеу негізінде, қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың отандық және шетелдік тәжірибелеріне талдау жүргізілді. Олардың қарттық кезеңге және жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу үдерісін, отбасыларының қарт туыстардан бас тартуының себептері мен салдарларын тәжірибе жүзінде талдай отырып, негізгі мәселелері сипатталды.
Нәтижесінде, туыстары мен отбасылары бас тартқан қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологияларын енгізу ұсынылады. Ұсыныс себептерімен және салдарларымен күресуге бағытталған. Төменде, ең алдымен салдарларымен күресетін шаралар кешенін ұйымдастыру ұсынылады.
Біріншіден, мұндай қарттар көбінесе, күтімді қажет ететіндіктен, күтімді қажет ететін қарт адамдарға Ресей, Украина мемлекеттеріндегідей Алматы қаласында «Белсенді ұзақ ғұмыр» денсаулық мектептері сынды мемлекеттік денсаулық мектептерін ашу ұсынылады. Егде жастағы адамдарға арналған денсаулық мектептерінде ұзақ өмір сүру туралы айтқанда, медицина қызметкерлері мен «Белсенді ұзақ өмір» қоғамдық қорының белсенділері, ең алдымен, ұзақ биологиялық тіршілікті ғана емес, белсенді, мақсатты өмір сүру, өзін және басқалардың мүддесі үшін өмір сүруді білдіреді. Мектепті ұйымдастыру қажеттілігі қоғамдағы қазіргі жағдайға байланысты. Жыл сайын қарт адамдар саны артып келеді. Көптеген адамдар зейнетке шығу жасында созылмалы аурулармен ауырып жүрген кезінде, отбасылары тастап кетіп жатады. Мұның бәрі қарт адамдардың психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді. Психикалық денсаулықты сақтау және қарт кемістігінен құтылудың басты факторы - өзіне деген сенімділік, салауатты жағымды эмоцияларды сақтау, салауатты өмір салты. Денсаулықты сақтау тұрақты жаттығуларсыз мүмкін емес.