Кіріспе ­­­­­­­­­­


Ш.Құдайбердиев лирикасындағы сөз жасау тәсілдері



бет11/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Ш.Құдайбердиев лирикасындағы сөз жасау тәсілдері

ХХ ғасырдың басындағы шығармаларда морфологиялық тұлғаларды қолдануда қазіргі тілімізбен салыстырғанда кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бұлар Х1Х ғасырдың екінші жартысында жарық көрген поэзиялық туындылар мен әңгімелердегі грамматикалық ерекшеліктермен ара-тұра ұқсас келеді. Әсіресе, қазақ тіліндегі септеу, тәуелдеу, жіктеу жүйесі, ХІХғасырдан да көп бұрын қазіргі нормада тұрақталған. Сондай-ақ етістік саласындағы біраз категориялар (шақ, етіс, жекеше-көпшелік т.б.) қазіргідей түрінде нормаланған. Әрине, бұдан ешбір айырма-өзгеріс жоқ деген тұжырым шығуы мүмкін емес. Мысалы, кейбір морфологиялық тәсілдің сыртқы тұлғалануы жағынан өзгешелеу болуы мүмкін: баратұғын-баратын, менен-мен, дайын-дай т.т.


Сондықтан осылардың барлығы Шәкәрім тілінің грамматикалық құрылысын да сипаттап өтуді қажет етеді. Жоғарғы айтылған принциппен мұнда біз тек кейбір категорияларды ғана талдаймыз. Атап айтқанда:
1.Сөз жасау тәсілдері .
2.Кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі.
3.Кейбір морфологиялық тұлғалардың варианттылығы (тұғын-тын,
Менен-мен, дағы-да, дайын-дай т.б.)
Бұларды талдауда көздейтін мақсаттарымыз – ең алдымен әдеби тіліміздің даму барысының бір дәуіріндегі – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы – грамматикалық сипатын көрсету. Екіншіден, грамматикалық тұлға-тәсілдерді активтендіру, нормалау ісіндегі Шәкәрімнің қызметін таныту. Бұл жердегі талдау Шәкәрімнің өзі жасаған жаңа сөздер туралы емес, Шәкәрім тілінде кездесетін жалпы туынды сөздер жайында. Яғни Шәкәрімде кездесетін сөз тудырушы жұрнақтарды және синтаксистік амалдарды орнықтыру (регистрациялау) мақсатын көздейміз. Талдау үстінде кейбір аффикстердің қызметтері ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да мотивтерге орай пайдаланғандығы қоса сөз болып отырады.
Енді Шәкәрім шығармаларынан көптеген мысалдар келтіру арқылы, кейбір аффикстердің атқарған қызметіне талдау жасамақпыз.
-шы,-ші жұрнағы қазіргідей Шәкәрім тұсында да өнімді аффикстердің бірі. –Шы/-ші аффиксі кәсіп иесінің, мамандықтың атауларын білдіреді. Шәкәрімде бұл мағынадағы сөздер көп: тұзақшы, су алушы, малшы, жылқышы, қойшы, еңбекші, ойнасшы, қала билеуші, қайыршы, басшы, заңшы, ысшы кісі, башмақшы т.б. Мысалы:
«Бешпет, шалбар-сукнодан
Тігінші тіккен ақша алып» [57]
«Шақыртып жиып алды уәзірлерін
Ақылшы,ақсақалды кеменгерін» [467]
«Күнде осындай табылмас бізге басшы,
Күл болса кейінгіде қозғаларлық» [33]
1920-30 жылдары –шы/-ші, -қыш, -кер/-гер аффикстері арқылы жасалған бір ұғымды білдіретін варианттар жарыса қолданылды. Мұндай варианттар Шәкәрімде де кездеседі:
«Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан [32]
«Айтқаны қате кетпес бір балгерді
Әкепті естіген соң даңқын сырттан »


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет