Кіріспе ­­­­­­­­­­


Ш.Құдайбердиев лирикасындағы фразеологизмдердің қолданысы



бет8/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
1.4 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы фразеологизмдердің қолданысы

Фразеологизмдер - экспрессияның таптырмас құралы. Ол тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Және бұларды тілдің бөлекше бір сипаттағы шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болады. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы.


Қай елдің, қай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгердің қай–қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. [7.3] Мысалы, Шәкәрім жұмсаған буыны құру, қас қараю, қабағынан қар жауу, көңілі басылу, үмітін үзбеу, көңілі толу, жүз құбылу, соққы жеу тәрізділер жылдар бойы қалыптасқан халықтық фразеологиялық қазынасы болады.
Шәкәрім халық тіліндегі фразеологиялық тіркестердің кейбірінің мағынасын стиль қажетінен, суреттеп отырған оқиға, өмір құбылысына лайықты, қосымша мағыналық реңк үстеп, жаңартып жұмсайды. Мысалы: Шәкәрім тіліндегі кірпік қағу деген фразеологизмдерді қабағыңды қаққанша қас болады деп, сырты бүтін іші түтін деген фразеологизмді сырты сау, іші науқас елдің дені, сыртыңды сыланасың өң беріп, ішіңнің түзетпейсің хатасын деп, ауызекі сөйлеу тіліндегі «етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» мақалының мағынасы кеңейіп, қол тарлығы кезінде қымыз іш, ән сал, мас бол деген үлгіде жаңа мазмұнға ие болып тұр[ ].
Шәкәрім көбінесе халық тіліндегі фразеологизмнің мағынасына жалғастыра өз ой түйдегін тұжырымдап тізіп, мақал мен мәтел тәріздес қанатты сөз тізбегін де жасайды. Мысалы:
Жылы-жылы сөз айтса,
Жылан інінен шығады.
Қатты сөзбен бет қайтса,
Надан дінінен шығады,-
деген кәдімгі фразеологизмнің өлеңдегі қолданысында пайда болған бұл жердегі өзгерісі ақынның айтпақ идеясын дәл, әрі әсерлі етіп үрдісінен шыққан.
Ақын шығармаларында сондай-ақ сан атаулы ұйтқы болған фразеологизмдер:
Алты бақан алауыз- «ауыз- бірлігі кеткен, араз» мағынасында:
«Қазақтың қайратының түбі мәлім,
Алты бақан алауыз иттей үрді [80]
Соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер. «Көз» соматизімінің ұйытқы болуымен келген фразеологизмдер.
Көзін аш- «Көкірегін, санасын ояту»:
«Құлағы мен көзін аш,
Оқу оқыт ғылым жай» [53]
Көзі тоймайды-қанағаттанбайды:
«Жердің жүзін жесе де көзі тоймай,
Патшалар да болып жүр әлі арманда» [42]
«Көз тоймас үзіп-жұлып алған малға» [37]
«Сөйтсе де адам көзі бір тоймайды» [41]
Көңілі ояу, көзі ашық- «оқыған, тоқыған, саналы адам»:
«Көңілі ояу, көзі ашық елде кім бар?» [150]
Көзі соқыр, көңілі қара- «оқымаған, надан»:
«Наданның көзі соқыр, көңілі қара,
Қазаққа надан болмай бар ма шара» [272]
Көзі аларып- «жақтырмау» мағынасында:
«Қалжыңдасып отырып ыза болып,
Көзі аларып, күресін адырайтар» [60]
Көрінгенге көз сүзбей- «біреуге алақан жаймау»:
«Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар, құдайым-ау.» [70]
Кеудесінде болса көз- «көзі ашық, оқыған, саналы адам»:
«Кеудесінде болса көз,
Жұғар сондай адамға» [55]
Көзін шел басу – «Бір нәрсені байқамау» мағынасында
«Екі құлақ тарс бітіп
Шел басыпты көзімді» [167]
Адамның дене мүшелеріне байланысты тіркестің келесі тобы «бас» соматизмімен келеді.
Басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды-«өкіну» мағынасында:
«Тауға ұра ма басыңды,
Тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтіп мінді?» [128]
Басыма қыдыр қонғаны-«бақытты» болу мағынасында:
«Басыма бақыт қонғаны,
Ақсам-дағы миллион жыл».
«Қабақ» соматизміне байланысты.
Қабағына қар жауған-«түрі ашулы, сұсты» мағынасында:
«Қабағынан қар жауған,
Қараңғы бұлт жоғалды» [87]
Қырын қабақ-«жақтырмау» мағынасында:
«Қайтарында болады қырын қабақ» [69]
« Шаш » соматизміне байланысты: Төбе шашы тік тұру«қорқу» мағынасында:
«Адал десе тік тұрар төбе шашы,
Жиған малы бәрі арам,ішкен асы».
«Желке» соматизміне байланысты:
Жегенімді желкемнен сығып алды- «қыспаққа алу» мағынасында:
«Жегенімді желкемнен сығып алып,
Бергені де құрысын жемтік қойы» [124]
Ал енді ақын шығармашылығындағы фразеологизмдерді мағынасына қарай тақырыптық топтарға бөлсек:
1) Діни наным сенімге байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет