Кіріспе ­­­­­­­­­­


Ш.Құдайбердиев лирикасындағы синоним сөздердің қолданысы



бет7/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
1.3 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы синоним сөздердің қолданысы

Синоним сөздер барлық тілге тән құбылыс, жалпы ауызекі тілде қалыптасқан синонимдер бар да көркем әдебиет стилінде қалыптасқан синонимдер бар. Бұл екі топ синонимнің әдеби тіл аясындағы қолданылуы бірдей емес. Көркем шығармада жеке ақын-жазушының стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын синонимдердің кейбіреулері халықтық сипат алып кетеді. Көркем шығармада кездесетін синонимдердің дені сол автордың өзі қолданатын контекстік ыңғайлас синонимдер болып кетеді. [6.32]


Шәкәрім поэзиясындағы синонимдердің қолданысы әлде-қайда өзгешерек. Суреткер синонимдерді қайталау мақсатында емес, белгілі ойды толықтыра түсу үшін нақтылап дәлелдей түсу ниетінде жұмсайды.
Синонимдерді стильдік ыңғайда қолдану суреткердің бәрінде бірдей емес. Синонимдік қатар көркем шығарманың образды жетілдіріп эстетикалық сымбатын арттыра түседі.
Шәкәрім поэзиясындағы синонимдік қатар ақын тілінің стильдік межесі, суреткерлік қабілетінің табиғи талантымен ерекшеленеді. Ақын әр уақытта айтқысы келген ойын оқырманды тебірентер түрлі сөзбен жеткізуге тырысады. Мағыналас сөздер тобы бір ғана ақиқат шындыққа негізделіп бір ұғым мағыналарының әр түрлі реңктерін бір-бірінен оздырып, түрлендіріп қолдану қызметінде жұмсайды[ ].
Шәкәрім өлеңдерінде бір мағынаны немесе бір ұғымда айтылуы басқа-басқа болып келетін бірнеше сөзбен беру мүмкіндігінің молдығымен ерекшеленеді. Ана тілінде синонимдер автордың айтпақшы ойының түрлі сипатын ашып ойды өткір, терең тұжырымдап, нақтылай түсу үшін қызмет етеді. Синонимдерді көп қолдану, оның аясын кеңейту, күллі қырын нәзік түсіне біліп, талғап қолдану ақынның шеберлігіне байланысты.
«Ымырт боп, қас қарайып, күн де батты,
Бір жерге шаршаған соң келіп жатты». [76]

Осындағы өзара мәндес синоним сөздер: «ымырт боп», «қас қарайып», «күн де батты» үш түрлі құбылыстың бір мәндегі кештің болғанын шебер пайдаланған.


Синонимдерді көп қолдану ақынның сөз байлығының молдығынан хабардар етеді.
«Үміт үзген қорқақ ой
Дірілдеді қалшылдап.
«Мүмкін емес-мұны қой» -
Деп жалынды жалпылдап ...» [51]
бұл жолдардағы «дірілдеу-қалшылдау» деген қимыл-әрекет ұғымдарының әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі мен ерекшелігі болады. «Дірілдеу» сөзіне қарағанда оның синонимдік қатары «қалшылдау» мағыналық салмағы күштірек екенін байқауға болады. Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары немесе сәл төмен дәрежеде болады.Синонимдер градация жолымен өзгеріп отырады. Жоғарыдағы өлең жолдарындағы синонимдердің әрқайсысы бірінен-бірі градация арқылы өзгеріп, дамып отырғанын байқауға болады.
Синонимдер көркем әдебиетте поэтикалық реңкте жиі қолданылады. Мысалы «дірілдеу», «қалшылдау», қатарына «тоңу», «мұздау», «сақылдау», синонимдері мағыналас, бірақ ақын ішкі сезімге тән мағыналық стильдік қолдану «тоңу», «сақылдау» емес «дірілдеу», «қалшылдау» сөздеріне бой ұрған.
Шәкәрім тілінде зат есімдік синонимдердің ішінде деректі, дерексіз ұғымдағы өзара мәндес сөздер көп кездеседі. Мысалы:
«Ортамыздан от жағып, өрт шығардық,
Көре тұра құтырып, күйіп-жандық». [34]
«Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені қорлық». [82]
«Сыяз сайын әркіммен арпалысып,
Күнде дау, күнде жанжал, шу болмақты». [37]

«Құмары-құлықпенен жығайын деп,


Айламен аялыма бұғайын деп». [41]
«Құрбылас-қулық пен айла баққан,
Олардан алдамшы деп көңілі қайтқан». [32]
«Осы күнде арамның жолдасы мол,
Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол, [68]
Тіліміз сын есімдік синонимдерге де өте бай, әсіресе адам іс-әрекетінің сан-алуан әрекетін суреттеу барысында поэтикалық тілдің ең шұрайлы бөлігін атқарады.
«Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз
Есті қылған іс пе екен?» [234]
«Залалы тие берсе мұқым жанға,
Рахымсыз, қайырымсыз боп қысылғанда». [38]
«Керім-кербез кей жігіт
Жек көреді-ау бүй десек» [56]
«Кейбір сөз аласалау, сөзге сынық,
Көрінер, байқамасаң, мөлдір, тұнық». [60]
«Атқа тыным, адамға және жайлы
Алды-арты бірдей сұлу , көзге ыңғайлы.
Оғаш, оғат, оқыра, сызаты жоқ,
Ер қайда сыр-сымбаты түгел сайлы!» [61]
Басқа сөз таптарының синоимі сияқты қазақ тілі етістік синонимге де өте бай. Тілдегі синонимдердің түрлері өте көп болды. Бір мағынаны білдіретін көп сөзді ойлап, соның ең қажеттісін үйлесімді етіп тауып, өзінің тілдік қорына, поэтикалық сөз өрнегіне сұлу суретті әдемі бояуға ендіруде Шәкәрімнің табысы аз емес:
«Әлбетте, бұл-тағдырға наразылық,
Түбі аллаға қарсылық, ондайға ерсе». [63]
«Қоқаң қаққан қолайсыз бір адам бар,
Байлау, матау болмайды сөздерінде». [60]
«Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,
Ол болмай ма тағдырды жамандаған». [64]
«Емізбей, ұрып-соғып, түртеді,
Ержетіп, есі кірген баласын». [142]
Шәкәрім ана тілінің байлығы мен оралымдығын танытатын, жалпы халық тіліндегі синонимдердің молшылығын емін-еркін меңгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет