Кіріспе ­­­­­­­­­­



бет12/24
Дата25.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#127391
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
-шыл,-шіл жұрнағы адам мінезінің қасиетін, оның бір нәрсеге бейімділігін білдіреді. –шіл жұрнағы жалғанған сөздерді жағымсыз мазмұндағы ұғымдарды білдіруге жұмсайды:
«Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,
Аңғарар адал жолға жақындарын». [188]
«Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін » [65]
Әрине, -шыл/-шіл жұрнағын Шәкәрім әрдайым жағымсыз қасиетті атау үшін ғана емес, жағымды жақтарын көрсету үшін пайдаланған:
«Таза, еңбекшіл, азға да қанағатшыл,
Халқына қанағатсыз қызмет қылар». [480]
«Таныса ақын, ойшыл адамымын». [188]
«Пекиндегі ақылшыл ұлықтарды» [470]
-шыл/-шіл аффиксі саяси термин жасауда да жиі қолданылды. 1929 жылғы ғылыми –орфографиялық конференцияда интер –националдық сөздердегі –ист,-изм жалғауларын қазақ тілінің –шыл аффиксі арқылы аударып алу керек деп ұйғарылды, мәселен, националист-ұлтшыл. [11, 98]
«Ұлтшыл деп сөгеді қазақ жасын,
Қорғау дұрыс емес деп әркім басын», [477]
Шәкәрім тіліндегі ең өнімді жұрнақ –лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік. Лық арқылы жасалатын сөздердің морфологиялық құрылымы біркелкі емес: Ол негізгі түбір тұлғаға да, туынды тұлғаға да жалғанған. Әрине, ең көп ұшырасатыны –бұл жұрнақтың тікелей түбірге жалғануы: жарлық, өмірлік, мырзалық, зұлымдық, аштық, достық, жомарттық, өктемдік, ұрлық т.б.
Бұл жұрнақтың түбір сөзге жалғанғандағы беріп тұрған (Шәкәрім тілінде) мағыналары мен қызметтері мынадай:
1.Абстракт ұғымдарды, яғни құбылыс, күй, сапа атауларын, адам өмірінің кезеңдерін т.б. білдіретін зат есімдер жасайды:
«Қайратың қалып,
Ақылдан танып
Кәрілік келсе басыңа » [30]
«Жомарттық па осы тұр ?» [485]
«Өктемдікпен зор айтқан патсалығы,
Маңдағы нашар елдің бәрін қырып» [479]
«Арамдықтан көңілді арылталық» [33]
«Жандаралдан көріп пе ең бір жақсылық» [469]
2. –Лық жұрнағы арқылы жасалған сөздердің бір тобы нәрсе атауларын білдіретін зат есімдер болып келеді:
«Бас уәзірін шақырып жарлық айтып,
Осыны қылсын дейді барша қауым» [475]
Бұлар –лық аффиксінің түбір сөзге тікелей жалғанған түрлері мен қызметтері. Қалған жағдайларда –лық жұрнағы туынды түбірлері жалғанған, яғни өзге аффикстермен тіркесте келеді. Олар: -шы +лық, -ар +лық,-ды+лық,
-сыз+дық қосындылары .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет