Кіріспе ­­­­­­­­­­



бет9/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Тәңірінің таразысы
«Тәңірінің таразысы тартылса әділ» [82]
Құдай жолы
«Құдай жолын біле алмай, қу билеген» [78]
Тәңірі алдында
«Тәңірі алдында өзіңе болар қиын» [95]
Алланың кәрі тиіп
«Алланың кәрі тиіп адасты ма» [82]
Құдай кешер алда
«Құдай кешер алда » деп күнә қылмақ [59]
тәрізді культтік фразеологизмдердің алатын орны ерекше.

  1. Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде :

Бір жапырақ
«Бір жапырақ азығы бойында жоқ» [71]

  1. Қарғыс мәндегі фразеологизмдер:

Құдай ұрды
«Алдауменен күн өтіп құдай ұрды» [80]
Ойнамасаң омақап
«Ойнамасаң омақап, онан да арман» [126]

  1. Қоғамдық-әлеуметтік факторларға файланысты фразеологизмдер:

Көзін аш
«Құлағы мен көзін аш, оқу оқыт, ғылым жай» [53]
Көрінгенге көз сүзбей
«Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп
Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай!» [70]

  1. Адамды сипаттайтын фразеологизмдер:

Тепсе темір үзеді
«Бар жақсымыз қулардың құлы болды,
Тепсе темір үзерлік, қайран, қайрат»
Тәні сау болса, жаны ауру
«Тәні сау болса, жаны ауру
Емдейін десең емдетпес» [8.124]
Тұрақы тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұндай фразеологиялық синонимдер Шәкәрім дастандарында көбірек кездеседі. Мысалы:

  1. Өз бауырын оққа байлап өлтіртті деп,

Қалдыңдар обалына мына шалдың. [156]
Оққа байлады-ажалға нысана етті, өлімге басын тікті.

  1. Жөнелді күрең атпен сарындатып,

Атомға көпе-көрінеу байлап берді. [159]
Ажалға белін байлау-дүние салу мезеті, өлім сағаты жету.
3) Бүгін мұнда кез болдың құдай айдап [135]
Кез болды-тап болды, жолықты, ұшырасты.
4) Кер кеткен кеселдіге душар болдым [134]
Душар болу-кезіге кетті, тап болды.
Мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып келетін фразеологиялық антонимдер де кездеседі:

  1. «Көңілі ояу, көзі ашық елде кім бар?»

«Наданның көзі соқыр, көңілі қара»
осындағы көңілі ояу, көзі ашық-көзі соқыр, көңілі қара .
2) «Үміт үзген қорқақ ой » [47]
«Оны да сезбей, үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі » [40]
осындағы үмітін үзбей-үмітін үзген.

  1. «Жердің жүзін жесе де көзі тоймай»,

«Көз тойып, көңіл толмақ»,
осындағы көзі тоймай-көзі тойып.
Шәкәрімнің фразеологизмдерді қолдануда лексикалық варианттар да ұшырасып жатады: [9,194-198]

  1. «Түлкі сөйтіп кетіпті қасқырды алдап,

Көкжал қалды өз қолын өзі жалмап . [127]
Өз қолын өзі жалмау-өз бармағын өзі тістеді.

  1. «Енді менен күдер үз,

Жақындама бер таман!» [52]

«Үміт үзген қорқақ ой


Дірілдейді қалшылдап » [47]

«Атқа мінген жігіттен үмітім жоқ» [96]


осындағы күдер үз – үміт үз – үміт жоқ.

  1. «Тәні сау, миы науқастар,

Ондайға дәрі қона ма?» [234]


«Тәні сау болса, жаны ауру,
Емдейін десең емдетпес [233]
осындағы тәні сау, миы науқас-тәні сау болса,жаны ауру .
Ұшан теңіз анықтай жарқыраған фразеологиялық оралымдар Шәкәрім дастандарында да молынан өрілген.

  1. Соны ойлап көңілін басты Кебек батыр

  2. Кебектің де қызға тұр көңілі ауып

  3. Көрінгенге көз сүзген көрсе қызар ...

  4. Екі көзін қан жауып, өңі қашып,

Шәкәрім шығармаларында әр түрлі стильдік мақсатта фразеологиялық тіркестер қолданылған. Автордың қолдануында шығарма тілінде көркемдік бейне, ойды жан жағынан сипаттау, қызметін атқарады.
Автор фразеологизмдерді көбіне, насихат, өсиет айту мақсатымен, ойын бейнелі, әсерлі жеткізу үшін қолданған.

  1. Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,

Батырым, ондай жанға көңіл бөлме. [131]
2. Кімнің көзі жетеді күні ертеңге. [137]
3. Мен сені бүгін алып кет демеймін,
Осы екі елдің түбіне жет демеймін.

  1. Қара қазан, сары бала қамын ойлап,

Келді ғой жайлы қоныс табам десіп. [136]

  1. Барымта алмай бітімге көнсе елім,

Қанша мал аяса, аярым жоқ қой менің. [140]
Шәкәрім қолданған идиом, фразалар дыбыс үйлесімділігіне (аллитерация, ассонанс) құрылған. Атап айтсақ : аяғынан алмау; қапы қалу; кері кеткен; жылы жүрек; қаны қызбай т.б.
Көркем әдебиетте фразеологизмдер үнемі тек дайын қалпында алынбай, әр түрлі жолмен жұмсалатыны белгілі. Соның бірі – жалпы халықтық норманы автордың өңдеп, өзгертіп қолдануы. Фразеологизмдерді былай қолдануды арнайы мақсат болатыны өзінен - өзі түсінікті. Осындай жолдармен Шәкәрім де тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуға өзінің үлесін қосқан. Ол халықтық нормадағы түрлі тіркестерді қолдана отырып, өзінің сөз қолданудағы стилін кеңейтті, кей тіркестерді өзінше құрып, артына жаңа тіркестер афоризмдер қалдырды. Мысалы: асыл киім, нақақ жала, нұр жүрек, аңғал батыр, кешу сұрау[ ].
Шәкәрім поэмаларында әр түрлі сөз табынан жасалған фразеологизмдер бар.
1. Есім тіркесті фразеологизмдер: еркек кіндік, еркек шора, жылы жүрек, теріс бата, ыстық тас, аңғал батыр, қалың мал.
2. Одағай тұлғалы тіркестер: А, құдай, сақтай көр; Ай, дүние – ай, т.б.
Шәкәрім дастандарындағы вариантты фразеологизмдердің компоненттер құрамын мына төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Екі компонентті: обалы жібермеу, айла қылу (әдіс қылу), сылтау табу (келіспеуге себеп ойластыру), хабар жетті (хабар, белгі берді).

  2. Үш компонентті: ажалға бел байлау (дүние салу мезеті), әркімге жем болу (еңбегін, мал-жанын әркім бір пайдалану).

  3. Төрт компонентті: қара қазан,сары бала (бала-шаға, өмірін өксімеуін, отбасы амандығын қорғаштау мағынасында)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет