Кіріспе ­­­­­­­­­­


-Шы+лық/-шілік, -шыл+дық/-шілдік



бет13/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
-Шы+лық/-шілік, -шыл+дық/-шілдік. Бұл күрделі аффикстердің қолдану аясы 1920-30 жылдары қазіргіден гөрі кеңірек болды. Бұл аффикстер тіркесі Шәкәрім өлеңдерінде екі күйде кездеседі: бір ретте ол тұтас, екіге ажыратылмайтын жұрнақ болып келеді. Мысалы, адамшылық, жаманшылық, зұлымшылық, құдайшылық, кемшілік, аманшылық, қысымшылық сөздеріндегі –шы компонентін кәсіп не мамандық иелерін білдіретін жұрнақ деп табуға болмайды. Ал Шәкәрім қолданған тіленшілік сөзіндегі жұрнақтар құрамын кәсіп, мамандықты білдіретін –шы жұрнағы мен деректі ұғым атауын жасайтын –лық жұрнақтарының қосындысы деп ажыратуға болады.
Сөйтіп –шылық жұрнағының екі түрінің екеуін де Шәкәрім аса актив пайдаланып, онымен жасалған мынадай мағыналарды білдіретін сөздерді қолданған.
1. Адамға тән қасет, белгі, күй қылықтардың атауы:
«Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда» [42]
«Адамшылық іздесең, бұл жолға түс,
Алдау қылма біреуге қиянат-күш !» [479]
«Алып-алып, өзіне дүре соғып
Елге күнде қылады зұлымшылық» [469]
« Менің сөзім Аспанның сөзі емес пе ?
Осы екен, ойлап тұрсам, құдайшылық » [470]
Бұл жерде, -шы+лық аффиксі –лық аффиксінің дублеті тәрізді болып келеді. Шәкәрімде жамандық –жаманшылық, қорлық-қоршылық, адамдық-адамшылық т.б. кездеседі. Мысалы:
«Кісіге адамшылық неге керек ?
Адамдық -өзге айуаннан артық демек» [137]
параллельдерін табамыз. Екі қатардың екеуі де абстракт ұғымдарды білдіреді. Айырмасы-бірінші мағына адамға тән қасиет, белгілердің абстракт атауын білдіреді: адамшылық-адам мінез-құлқындағы, ойындағы жақсылықтың атауы, ал екінші қатардағы «адамдық» сөзі жалпы абстракт ұғымды білдіреді.
2. Белгілі бір күй, құбылыс атауы.Бұлар Шәкәрімде сан жағынан көп емес. Олар: кеңшілік, жоқшылық,тіршілік. Мысалы:
«Мен-дағы тіршілікке қадам бастым,
Рахат, бейнет, әр іске араластым» [62]
3. –шы+лық болып ажыратылатын түрімен жасалған сөздер адамның кәсібінің, мамандығының түрін білдіреді:
«Аңшылық біраз күндік көңіл назы». [141]
«Аңшылық-әуелінде қандай тәтті». [141]
Келесі күрделі жұрнақтың бірі –лы+лық. Адамның ішкі қасиеттерін білдіретін дерексіз есімдерді жасайды: арлылық, намыстылық, талаптылық, шыдамдылық. Мысалы:
«Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық» [63]
-лы+лық жұрнағының морфологиялық құрамы айқын: біріншісі адамға белгілі бір қасиеттің тәндігін көрсетеді (шыдамды+лық), екінші бөлігі сол қасиеттің абстракт атауын жасайды. Бұл Шәкәрімге дейін де актив тәсіл болғанмен, оны өнімді пайдалану жағынан Шәкәрім тілі ерекше көзге түседі.
-лы+лық аффикстер қосындысының антонимі- -сыз+дық құрамасы. Бұл да активтенуі жағынан да, жаңа туындылар жасау жағынан да Шәкәрімде
-лы+лық жұрнағымен қатар тұрады:
«Үмітсіздік дендеді», [51]
«Айла, өтірік, арсыздық өнер емес» [32]
«Аласыздық, адалдық жақты алалық!» [34]
«Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық» [34]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет