Кіріспе ­­­­­­­­­­



бет15/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
-қыш (-кіш, -ғыш, -гіш ) жұрнақты сөздер Шәкәрімде белгілі бір әрекет-қимылды істеуге бейімді адамды білдіреді:
«Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас,
Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей» [61]
«Құдыраңдап, қу білгіш атанам деп,
Шығарады бір пәле қарап тұрып [39]
және көбінесе бұлар жағымсыз іс-әрекетке бейімділерді атайды.
Қимыл атауын білдіретін –ыс жұрнағы арқылы жасалған жаңа сөздер Шәкәрімде жоққа тән.
Өнімді –дай (-дей, -тай, -тей; -дайын, -дейін) жұрнағы өз қызметінде Шәкәрімде өте жиі кездеседі:
«Қасықтай қар, тобықтай тон қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп» [41]
-көр, -кер, -паз, -кез, -қой, -дар, -ман жұрнақтарымен жасалған сөздер де Шәкәрім тілінен орын алған:
«Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге
Жұтатын дұспанының қаны арманда» [42]
«Әбдіахмет дейтұғын есепқор бар [272]
«Мансапқор жойылса» [271]
Бұлар да Шәкәрім туындылары емес. Көрсетілген жұрнақтармен келген сөздер өткен ғасырлардағы әдеби тілде сирек болса да, батыл қолданылғаны көрінеді. Бұлар ауыз әдебиетінде де ұшырасады. Мысалы, Бұхар толғауларында қызметкер, азаткер, сөздері жырларда хабардар, қызметкер, үміткер, намыскер сөздері, мақалдарда аларман, берермен т.б. бар:
«Үміткер болып барша тұр,
Хабардар болып қарайын» [«Қамбар»]
«Ақыр бір күн болармын
Сол жігітке қызметкер» [«Қыз Жібек»]
Өнімсіз көне –сақ,-сек жұрнағымен келген сөз Шәкәрімде қолданылған:
«Ақсақ, соқыр шолақ бар,
Жетім, жесір, олақ бар» [485]
Бұлар да бұрыннан келе жатқан туындылар,
«Саудагер ажарын сатады, сұрамсақ назарын сатады» [мақал]
-мақ, -мек жұрнағымен келген сөздер де Шәкәрім тілінде кездесіп отырады:
«Бір тілім нан- ардақты жанның досы
Ақша деген мақтаншақ паңның досы» [491]
«Құмарың бір, ісің көп болсын, жаным,
Көпке құмар, еріншек болма мендей» [62]
Ал жаңа сөздер жасауда Шәкәрім –дақ/-дек, -шық/-шік жұрнақтарына көп жүгінбеген көрінеді.
Есімнен етістік туғызатын –ла(-ле, -та, -те, -да, -де) жұрнағының жалпы қазақ тілінде қай заманда да өте өнімді болғаны аян. Бұл жағынан Шәкәрім тілі де оқшауланбайды. Бұл жұрнақтың өткен ғасыр шығармаларында, қолданылуына тән бірер ерекшелігін атауға болады. Бірі- -ла жұрнағының жалғанатын түбірлерді таңдауда еркіндеу, кеңдеу болуы. Осы күнгі әдеби тілімізде бұл жұрнақпен тікелей етістік жасалмайтын кейбір есім түбірлері өткендегі қазақ тілінде кездесе береді. Мысалы, тезге салу деудің орнына тездеу, сондай-ақ арлау, жарлау, орлау т.б. Алдын қазып орласа, намысқа тиіп арласа, алдына әкеп жарласа ( Майлы ). Бұл құбылыс Шәкәрімде де бар:
«Шарлайсың, ойым, шарлайсың,
Алыста нені барлайсың?
Таяу тұр ажал алдыңда,
Сарынға салып, сарнайсың [147]
Әрине, бұл аса өнімді емес, дегенмен халық тіліне тән еркіндіктің салдары Х1Х ғасыр әдеби тілінде із қалдырған.
Түркі тілдік емес бей (-би), на, -и тәрізді аффиксті сөздер де өткендегі қазақ тіліне, оның ішінде Шәкәрім тіліне жат емес, бірақ өнімді, мол да емес. Қазіргі нормадағыдай, өткенде де бұл қосымшалар жалғанған сөзімен қоса лексикалық тұтастық ішінде келген, сондықтан араб-парсы сөздерімен ғана айтылады да, қазақтың төл сөздерінен туынды элементтер жасамайды. Осы күнгі лексикалық нормамызда құрамында осы аффикстер бар сөздердің өзі сан жағынан щектеліп, тұрақталғаны байқалады.
«Төбеңе шығып алып секірейін,
Ернеуге шықпас па екем мен бейшара» [127]
«Бұл суыр түрін көріп көп ойлады,
Бишара түкті білмей неге ойлады» [89]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет