Кіріспе ­­­­­­­­­­


-ма(-ме, -ба, -бе, -па, -пе)



бет16/24
Дата25.11.2023
өлшемі175,39 Kb.
#127391
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
-ма(-ме, -ба, -бе, -па, -пе) суффиксі. –ма жұрнағы Шәкәрім кезінде қазіргідей актив болмаған. Мысалы, Шәкәрімнің тұсындағы жалпы халықтық тілде де, Шәкәрімнің өзінде де осы күнгі шығарма, тапсырма, мінездеме, міндеттеме, сипаттама, қоспа зат есімдері жоқ.
Шәкәрім тілінде ерекше көзге түсетін морфологиялық элемент
-мақ(-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы. Бұл тұлға ауыз әдебиетінің мақал-мәтел, фразеологиялық тіркестер тәрізді көнелерінде, әр алуан жырларда, әрідегі ғасырлардан бастап тарихта белгілі ақын-жыраулар шығармаларында қазіргі кезбен салыстырғанда әлдеқайда жиі және өнімді қолданылғандығы.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде –мақ аффиксі қазіргі азербайжан, түрік, өзбек, қарақалпақ, түркмен әдеби тілдеріндегідей тұйық етістік (мектеп грамматикасы бойынша-тұйық рай) тұлғасын жасамайды. Қыпшақ тобындағы бірсыпыра түркі тілдеріндегідей қазақтың қазіргі әдеби тілінде түйық рай қызетінде –у жұрнақты тұлғаның қолданылуы норма болып кетті[ ].
Етістік түбірінен –у жұрнағы арқылы жасалған тұлға шақты, жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы атауын (ұғымын) білдіреді. Бұл қызметте –у тұлғалы сөздің қалыптасуы ертеден келе жатқаны байқалады. Бірақ бұл әрқашан қазіргідей жеке-дара болмаған. Күні кешеге дейін қазақ тілінде, әсіресе әдеби нормасында –у жұрнақты тұлғамен қатар қимыл есімі қызметінде –мақ жұрнақты форма жұмсалған. Бұл құбылыс әсіресе Шәкәрім тілінде өте-мөте актив көрінеді.
Шәкәрімде –мақ жұрнақты сөз бірнеше қызмет атқарады: ең алдымен ол атау септіктегі таза қимыл есімі ретінде, яғни осы күнгі –у жұрнақты тұлғаның орнына келеді:
«Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,
Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас» [64]
«Алла сүймек, ар сүймек, адам сүймек
Ұқтырар адамдықтың шыңы екенін [199]
-мақ жұрнағы арқылы инфинитив (тұйық рай) жасалатын оғыз тілдерінде бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік жалғауын қабылдамайды. Ал Шәкәрім тілінде –мақ жұрнақты тұлға септелген, тәуелденген формаларда молынан кездеселі:
«Шын махаббат, не екенін білдірмекке,
Уәдешіл, әділетті сүйдірмекке.
Жақсы мінезді айтқанда жанды ерітіп,
Залымдықтан жирентіп күйдірмекке [199]
Қазақ тілінде –мақ жұрнақты тұлға мақсатты келер шақтың грамматикалық тәсілі екені мәлім.
Қазіргі нормамызда сөз етіп отырған тұлғаның мақсатты келер шақ жасауы-оның бірден-бір негізгі қызметі болса, өткенде, оның ішінде Шәкәрім тілінде бұл қызметте де кездеседі, бірақ ол өзге көп қызметтерінің бірі ғана болып табылады.
Шәкәрім тілінде –мақ жұрнақты сөз сөйлемнің баяндауышы болып келгенде үш түрлі қызметте қолданылады: біреуі- мақсатты келер шақ категориясында:
1. «Осыған өзі айла таппақшымын,
2. Бабаларым ісіне бақпақшымын.
3. Ешбір адам келмесін соған шейін,
4. Қырық күн тарих ақтарып жатпақшымын» [461]
Екіншісі –қимыл есімі ретінде. Мысалы, төмендегі сөйлемде –мақ жұрнағымен келген сөздер баяндауыш болып тұрғанымен, шаққа, жаққа бейтарап (қатысы жоқ) қимыл атауы ретінде қолданылған, бұларда мақсаттық реңк болғанмен, етістіктің шақ категориясын білдірмейді. Мысалы:
«Дос мақтайды сені жақсы көрмек үшін,
Дұспан мақтар елерте бермек үшін.
Есептемей есірік елін мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін» [65]
Үшіншісі – бұл тұлға баяндауыш болып келгенде, әсіресе өлеңдерінде,
-ар, -а+ды аффиксті тұлғалармен қызметтес болады, яғни әрдайым бола беретін, бір нәрсеге жалпы тән іс-әректті білдіру үшін жұмсалады. Мысалы:
«Туған жан өлмек,
Тағдырға көнбек,
Кімді алмайды бұл өлім » [31]
дегендегі әңгіме етіп отырған тұлғаларда ешқандай мақсаттық, шақтық ұғым жоқ, олардың қызметі өлер -өледі, көнер-көнеді деген тұлғаларға өте жуық. Әрине, бұлар сөзсіз тең түсетін грамматикалық дублеттер емес, әрқайсысының мағыналық реңктері бар: -ар жұрнақты тұлғада істің жалпы орындалатындығына немесе орындалуына сәл болжалдық, шамалау реңкі бар да, -мақ жұрнақты тұлғада сөзсіз орындалатындық, ақиқаттық реңк бар. Халық тіліндегі мақал, афоризм тәрізді тұжырымдар көбінесе орындалу мүмкіндігі бар потенциалдық қимылды білдіретін –ар тұлғасымен жасалатыны мәлім: Ат айналып қазығын табар, қолы қимылдағанның аузы қимылдар т.б. Сондықтан да Шәкәрім болжалдық, шамалау реңкі жоқ жалпы халықтық нормадағыдай –ар жұрнақты тұлғаны алмай, -мақ аффиксті етістікті әдейі және жиі пайдаланған: болмақ, көрмек, бермек, сөйлемек, қылмақ, атылмақ, бітпек, күтпек т.б.
Шәқәрім өлеңдерінде –мақ жұрнақты тұлғаның керек, тиіс деген сөздермен келген тіркесі көңіл аударады. –мақ жұрнақты тұлғаның осы күнгі -у жұрнақты тұлғаға мағынасы мен қызметі жағынан синоним болып түсетін жері осы тіркесте айқын сезіледі. Бұл тұлғалар керек (қажет), тиіс модаль сөздерімен тіркескенде қимылдың мақсатын білдіріп, орыс тіліндегі инфинитив формасына жақындайды:
«Хан айтты: «енді бұған жетпек керек,
Халқыма менен хабар жетпек керек.
Астықты таза сақтап орындауға
Не қылса да бір себеп етпек керек» [467]
-мақ варианты күні кешеге, тіпті Абай, Шәкәрім тілінің өзінде –у вариантымен тепе-тең қолданылған. Тұйық етістіктің керек сөзімен тіркескен тұлғасында да өзгеріс бар: бұрынырақ, ХV – XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларында, ХIX ғасырдың өн бойындағы ауызша, жазбаша үлгілерде бұл тіркес барыс септігімен келген: баруға керек, бармаққа керек т.б. тіпті сутендік (мақсаттық) мәнде -арға керек (барарға керек) тұлғасымен де беріліп келген. Бұл күнде барлық стильге тән болып -у керек (бару керек, келмек керек) варианты да қолданылу құқығына ие болып қалды, ал -арға керек (барарға керек) жарыспасы нормада мүлде ығысып қалды.
Ауыз әдебиетінде, Абай шығармаларында жиі қолданылған қазіргі әдеби тіліміздің нормасы болып саналатын есімшенің –ар, -ер тұлғасы Шәкәрім шығармаларында да өнімді қолданылған:
«Білер, айтар,оятар, жыбыршытар,
Еркіңді алар, сөйлетер тыным бермей» [61]
«Хан айтады таң қалып мына сөзге:
Ақсақал! Ойың бөлек көрер көзге» [469]
Шәкәрім шығармаларынан кездесетін формалардың бірі – қазіргі әдеби тілімізде келер шақ есімше қызметінде қолданылып жүрген -атын, -етін формасы тұғын формасының қысқарған, ықшамдалған түрі болды. Бұл морфологиялық тұғын формасы –қазақ тілінде ертеден бар форма. Бізге ол ауыз әдебиетінен белгілі. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет